1-сурет. Бағалау үдерісін ұйымдастыру
Бағалаудың құрылымын анықтау және қолдану Бағалаудың құрылымын анықтау және қолдану кезінде нені бағалайтынымыз
туралы ойлану керек - оқу мақсатын ба, әлде дағдыларды ма?
Мұғалім үшін
бірінші маңызды қадам барлығына түсінікті болатын бағалаудың
анық көрсетілген құрылымы мен моделі. Бұл бағалау компоненттерін логикалық
талдау (алған білім, дағдыларды түсіну және қолдану) немесе теорияны зерделеу
немесе оқушының тәжірибелік зерттеулерін жинақтау (өзіндік бақылау немесе зерттеу
нәтижелерінің дәлелдерін алу үшін теория мен тәжірибені пайдалану) арқылы
сипатталады. Тіпті нені бағалайтынымызды бақылау мүмкін жағдайда да (мысалы,
бақыланатын жұптық, топтық талқылаулар немесе мұғалімнің қатысуымен болатын
белсенді іс-әрекеттер) дәл осы сәтте құнды деп танылатын бағаланатын аспектілерді
нақтылап алу керек.
Бағалаудың құрылымы мен нысаны – не өлшеу керектігінің және қандай маңызды
компоненттер мен аспектілерді бағалау қажет екенінің жұмысшы анықтамасы. Оқу
бағдарламасының бөлімін немесе жаңа тақырыпты бағалау үшін оқушының оқу