13
-
оқушыларды межеленген оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған
білімдерін қолдануға жетелеу ұсынылады.
Орта білім мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу бағдарламалары оқушылардың бір
сыныптан екінші сыныпқа өтуі кезінде білімі мен дағдылары қайталанып, одан әрі дамытылып
отыратын спиральді білім беру бағдарламасы моделіне негізделген. Оқу үдерісінің алға
ілгерілеуі айқын көрінуі үшін, оқу мақсаттары өзара тоғысқан
бөлімдер мен бөлімшелерге
топтастырылған. Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысында алға ілгерілеуіне орай,
олар өздерінің дағдыларды меңгеріп, түсінуіне анағұрлым сенімді бола түседі. Мысалы, негізгі
орта білім беру деңгейіндегі «Жаратылыстану» пәні
бойынша оқу бағдарламасының
«Табиғатты қорғау» бөлімшесінде (3-кесте) және «Химия» пәні бойынша «Жер химиясы»
бөлімшесінде (4-кесте) спиральді білім беру бағдарламасы мазмұнына
сәйкес экологиялық
мәселелерді зерттеу және шешу жолдарын ұсыну, зиянды заттардың пайда болуы мен олардың
қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін түсіндіру барысында
оқушылардың алға ілгерілеуі
көрініс табады.
Достарыңызбен бөлісу: