Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


  «ХИМИЯ» ЖӘНЕ «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет17/122
Дата12.03.2022
өлшемі1,66 Mb.
#135293
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   122
Байланысты:
02 Мұғалімге арналған нұсқаулық
Геомет 11 сын ЖМБ КМЖ, 1606281078, 1553972817, The best language learner Лучший знаток языка, 1530560643, Шаблон 4 к.1сем рк1, null, жоспар рухани, Modern English period, Кіру билеті, fizika-7-synyp-test-sratary-5-nsa..... (1), stud.kz-21511, Жетекшілік жоспар Раушан, Жетекшілік жоспар Раушан
 


15 
«ХИМИЯ» ЖӘНЕ «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР 
 
Оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етуде мұғалімдердің 
қолданатын оқыту тәсілдері (яғни, педагогикалық әдістемелер) маңызды. Хэтти (Hattie, 2011) 
білім беру шараларының оқушыларға әсерін талдау үшін жүргізілген 60155 педагогикалық 
зерттеу аясында 9000-нан аса метаталдау әдісін пайдаланды. Олар алдында қол жеткізген 
жетістіктерден кейін оқушылардың алға жылжуына мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі 
айтарлықтай септігін тигізетінін дәйекті түрде көрсетті. Мұғалімдер пайдаланатын әдіс-
тәсілдер оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Педагогикалық әдістемелерді жетілдірмей 
тұрып, білім беру бағдарламасын өзгерту білім беру стандарттарына қатысты реформалау 
шараларының мүмкіндіктері мен нәтижелілігін төмендетеді. 
Білім беру бағдарламасының, оқыту тәсілдерінің және бағалаудың қалай құрылуы 
қажеттігінің мысалын Хименес-Алейксандренің (Jiménez-Aleixandre, 2008) дәлелдерді 
құрудың оңтайлы оқу ортасына арналған ұсынысынан көруге болады (2008, Katchevich et al, 
2011 сілтемесі): 
1) Оқушылар оқу үдерісіне белсене қатысады. Олар білімдерін бағалап, өздері ұсынған 
қорытындыларының дәлелдерін ұсынуы және бір-біріне сын тұрғысынан қарауы тиіс. 
2) Мұғалімдер оқушыларға бағытталған және дәлелдерді құру мен талдауға арналған 
рөлдік модельдер ретінде әрекет ететін 
оқыту тәсілдерін
қолданулары керек.
3) 
Білім беру бағдарламасы 
проблемаларды шешудің тәсілдерін қамтуы тиіс. 
4) Оқушылар мен мұғалімдер пікірлерді 
бағалауда 
білікті болуы керек және оқушылар 
тек жазбаша тестілеу бойынша ғана бағаланбауы тиіс. 
5) Оқушылар өздерінің алған білімдерін қолдана алуы және білімдердің қалай 
алынғанын талдай білуі тиіс. 
6) Оқушылардың диалогке және бірлескен оқуға қатысу мүмкіндігі болуы тиіс. 
«Химия» және «Жаратылыстану»
 
пәндері бойынша оқу бағдарламасындағы оқу 
мақсаттары оқушылардан өздерінің дағдыларды үйренуі туралы ой-пікірлерін білдіріп, оны 
талдай және бағамдай білуді талап етеді. ««Химия» және «Жаратылыстану»
 
пәндері бойынша 
критериалды бағалау және оқытуды жоспарлау» тарауында қарастырылатын бағалау тәсілдері 
де маңызды болып табылады. Сонымен қатар, педагогиканың түрлі аспектілері, атап айтқанда, 
оқушыға бағдарланған әдіс-тәсілдер, проблемаларды шешу, рефлексиялық оқу және бірлескен 
оқу тәсілдері қарастырылады. 
Оқыту әдістерінің барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы 
оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде жоғары 
нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді (Hattie, 2011). Сындарлы оқыту тәсілдері 
оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы 
тұжырымдамаға негізделген. Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған 
дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда 
білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болмақ. Мұндай үстірт білім оқушыға 
қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті сын тұрғысынан ойлау, рефлексия және басқа да 
дағдыларын, алған білімін қолдануына кері әсерін тигізеді. Оқушылар білімді толықтай 
меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабаққа белсенді қатысуы керек. Оқушылардың 
алған білімдерімен жұмыс істеуге, оны әрі қарай өңдеп, өз дағдыларын арттыруға мүмкіндік 
беретін жаттығуларды орындауға мүмкіндіктері болуы аса маңызды болып табылады.
 
«Химия» және «Жаратылыстану» пәндерінің мұғалімдері оқушыларды өздігінен білім 
алуға, шешім қабылдауға қабілетті ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді
жауапкершілігі жоғары, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын жеке тұлғаны 
қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады. Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл 
қасиеттерді әртүрлі оқыту тәсілдерін қолдану арқылы тәрбиелейді және дамытады: 

сенімді қатынас пен ынтымақтастық үшін жағдай жасау; 

оқушылардың жеке мүмкіндіктерін және жас ерекшеліктерін есепке алып, сараланған 
тапсырмалар әзірлеу; 


16 

пәнаралық байланысы бар зерттеу сұрақтары мен тапсырмаларын құрастыру;

топ жетістікке жетуі үшін әр оқушы түрлі рөлде жұмыс атқаруына мүмкіндік беретін 
топтық жұмысқа жағдай жасау;

өз ойын жеткізе білу және дәйек келтіру, мәселелерді анықтау үшін өз пікірлерін жеткізу, 
болжам құру және ұсыныстар жасау қабілетін дамыту үшін ынталандыратын 
жағдаяттар құру; 

оқушыларды зерттеу жұмыстарына бағыттайтын белсенді оқуды ұйымдастыру; 

оқушылардың сабақта зерттеу жұмыстарын жүргізуі, тәжірибелер жасауы мен түрлі 
дереккөздерді пайдалануын талап ететін проблемалық жағдаяттар туындату; 

зерттеу тақырыбын өз бетінше таңдауын, жоспарлауын және зерттеу нәтижелерін 
ұсынуын ұйымдастыру арқылы оқушылардың зерттеу жұмыстарына қызығушылығын 
ояту. 
Сонымен қатар «Химия» пәнін оқытуда мұғалімдер келесі педагогикалық тәсілдерді 
қолданады: 

табиғатағы құбылыстарды түсіндіру және болжау үшін теориялар мен модельдерді 
қолдану;

мұғалімнің көрсетілімдерді жүргізуінің және оқушылардың зертханалық 
тәжірибелер, практикалық жұмыстарды орындауларының маңызын түсіну; 

жоспарлау және ізденістер жүргізу арқылы проблемаларды зерттеу; 

әртүрлі ақпараттар көздерінен химияның заманауи проблемаларын таңдау, синтезді 
жүзеге асыру және алынған ақпаратты бағалау;

ойындарды қолдану, құрастыру, модельдеу және пікірталастар мен дебаттарды 
жүргізу. 
Мұғалімдер оқыту тәжірибесінде оқушылардың оқу үдерісінде және оқу жоспарында 
ұсынылған тапсырмаларды орындау арқылы оқу мақсатарына қол жеткізуіне көмектесетін 
түрлі педагогикалық тәсілдерді ұтымды пайдаланғандары дұрыс. Бұл тапсырмалар әртүрлі 
дағдыларды дамытуға арналған болуы мүмкін: мәселелерді шешу, материалды жинақтап 
қорыту, оқып-білген материалды белсенді қайталау үшін бірігіп рефлексия жасау, ақпаратты 
талдау арқылы қабылдау, ақпаратпен жұмыс істеудің бастапқы және қорытынды 
кезеңдеріндегі ақпаратты құрылымдау және т.б. 
Еліміздің бәсекеге қабілетілігін қамтамасыз ету үшін ғылым мен білім беру салаларын 
өзара тығыз байланыста қарастыру, оқушылардың мектеп қабырғасынан бастап ғылыми ойлау 
дағдыларын дамыту қажет. 
Қарапайым зерттеу жұмыстарымен қатар химиялық үдерістер, заңдар мен 
заңдылықтардың мәнін түсіну мақсатындағы зерттеу жұмыстарын жүргізуге қажетті 
оқушылардың зияткерлік, шығармашылық кабілеттері мен сын тұрғысынан ойлау 
дағдыларын дамыту, ғылыми ойлау және танымдық қабілеттерін дамыту жаратылыстану және 
химия мұғалімдерінің маңызды міндеттері болып табылады. Оқу үдерісі оқушының ойлау 
дағдыларының дамуына ықпал етуі үшін талдау, жинақтау, салыстыру, сәйкестендіру, дербес, 
ортақ және ерекше белгілерін анықтай білу, абстракцияландыру, жалпылау, қорытынды жасау 
сияқты ойлау амалдарын қолдануды үйрету керек. 
Оқу үдерісінде оқушылардың теориялық және практикалық ойлау дағдыларын қатар 
қалыптастыру маңызды. Оқудың тәжірибелік дағдыларға бағытталуы, оқушылардың 
теориялық білімін өмірде қолдана білу және жеке жобалық жұмыстар орындау қабілеттерін 
дамыту мұғалімнің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. 
Ғылыми ойлаудың сипаттары: 
-
Зерттеу мақсатын анық белгілеу
-
Ғылыми болжамдар жасау; 
-
Зерттеу әдістемесін белгілеу; 
-
Зерттеудің негізгі кезеңдерін анықтау; 
-
Зерттеу жұмыстарын жасау; 
-
Алынған нәтижелерді талдау; 


17 
-
Қорытындыларды тұжырымдау. 
Оқушылардың ғылыми ойлау қабілеттерін дамытудың жолдары:
-
Ғылыми зерттеулердің негізін түсіндіру; 
-
Оқушыларды проблемалық жағдаяттарды шешуге қызықтыру; 
-
Оқушыларды құбылыстар мен денелердің қасиеттерін түсіндіруге, себеп-салдар 
байланыстарын анықтауға тарту; 
-
Индукция және дедукция бойынша ой қорыту дағдыларын қалыптастыру. 
Бақылау, тәжірибе жасау, алған білімдерін жүйелеу және жалпылау, химиялық теория 
негізінде құбылыстарды түсіндіру, шығармашылық таныту, теориялық ойлау сияқты 
қабілеттерін қалыптастыру оқушылардың ғылыми ойлау дағдыларының дамуына ықпалын 
тигізеді. 
Оқыту мен оқу үдерістері біртұтас, оларды бір-бірінен ажыратып қарастыруға 
болмайтынын түсіну маңызды. Мұғалімдердің оқу үдерісін және өз тәжірибесін жетілдіру 
жолдарын жетік түсінуі оларға тиімді оқуды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет