Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет19/122
Дата12.03.2022
өлшемі1,66 Mb.
#135293
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   122
Байланысты:
02 Мұғалімге арналған нұсқаулық

ңгімелеу әдісі 
кеңінен қолданылады. 
Әңгімелеу
мазмұндаудың 


18 
негізгі тәсілдерінің бірі (Лакоба С.Е. және басқа авторлар, 2011). Мұғалім әңгімелеу арқылы 
материалдың мазмұнын түсіндіреді. Химияны оқытуда түсіндіру сабақ уақытының азғантай 
бөлігін алып, әдістемелік талаптарға сай келуі тиіс: 
1) әңгіме қысқа болуы керек (5 - 15 минут); 
2) әңгімелеу барысында жаңа терминдерге арнайы тоқталып, тақтаға жазу және қажет 
жағдайда оқушылардың дәптеріне жазып алуларына мүмкіндік беру керек; 
3) рекция теңдеулерін тақтаға жазып көрсету, ал сабақта қолданылатын кестелер мен 
сызбаларды алдын ала дайындап, көрінетін жерге іліп қойған дұрыс; 
4) мұғалімнің сөздері түсінікті және сөздерді орынсыз қайталау, бурмалау болмауы 
керек, 
5) мұғалімнің әңгімелеуі/түсіндіруі эмоционалды тұрғыда әсерлі болуы тиіс; 
6) мұғалім оқулықта берілген мәтінді сол күйінде қайталап айтуына болмайды. 
Дәріс-сабақ.
Дәріс сабағы химиялық фактілерді ғылыми талдау, жалпылап, қорыту және 
кеңейтілген теориялық талқылау болып табылады. Ол баяндау қаталдығымен және 
реттілігімен ерекшеленеді. Мектептегі дәріс-сабақ оқушылармен кіріспе сұхбаттан басталып, 
тексеру сұхбатымен аяқталады. Дәріс жаңа ақпарат көзі болуы мүмкін. Мектеп тәжірбесінде 
шолу, 
алдыңғы өткен материалдарды 
жүйелеу 
және
 қорытындылау дәрістері 
қолданылады. 
Дәріс сабағы барысында келесі талаптарды ескеру керек: 
1) дәріс басында мұғалім дәрістің мақсатын көрсетуі тиіс;
2) оқушыларға дәрістің жоспары ұсынылуы тиіс; 
3) мұғалім мазмұндалған материалды оқушылардың қалай жазып алғандарын 
қадағалауы тиіс; 
4) дәріс сабағының соңында мұғалім дәрістің негізгі идеяларын қорытатын қысқаша 
түйіндеме беруі тиіс. 
Әңгіме әдісі
оқу жұмысының сұрақ-жауап түріне жатады. Әңгіме – оқытудың диалогтық 
әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың 
жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай 
меңгергенін тексереді. Мұнда сұрақ қою және оқушылардың оларға дұрыс жауап табуы басты 
орын алады. Әңгіме сабақтың алғашқы кезеңінде оқушылардың білімін жаппай тексеру 
кезінде; оқу әдебиетімен жұмыстан кейін менгерген жаңа білімін анықтау барысында; өткен 
тақырыпты қорытындылау кезінде жекелеген сабақтарда пайдаланылуы мүмкін. Әңгімелесу 
барысында мына талаптарды сақтау маңызды: 
1) әңгіме басталмас бұрын оқушылардың алдына қойылған мақсатты немесе негізгі 
міндетті нақты тұжырымдау керек; 
2) әңгімелесудің мазмұны мен құрылымын айқындайтын сұрақтардың тізбегін 
дайындау; 
3) оқушыларда бұрын кездескен қателер негізінде қосымша түзету сұрақтарын 
пайдалану; 
4) белгіленген мақсаттан ауытқымай, әңгімені жоспар бойынша жүргізу; 
5) сұрақтарды талқылау қорытындысын шығару және қорытындыны тұжырымдау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет