Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Графикалық көрнекілік құралдармен жұмыс



Pdf көрінісі
бет21/122
Дата12.03.2022
өлшемі1,66 Mb.
#135293
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   122
Байланысты:
02 Мұғалімге арналған нұсқаулық
Геомет 11 сын ЖМБ КМЖ, 1606281078, 1553972817, The best language learner Лучший знаток языка, 1530560643, Шаблон 4 к.1сем рк1, null, жоспар рухани, Modern English period, Кіру билеті, fizika-7-synyp-test-sratary-5-nsa..... (1), stud.kz-21511, Жетекшілік жоспар Раушан, Жетекшілік жоспар Раушан
Графикалық көрнекілік құралдармен жұмыс
: элементтердің периодтық жүйесімен, 
ерігіштік кестесімен, металдардың электрохимиялық кернеу қатарымен, электртерістілік 
қатарымен және т.б. 
Оқулықпен жұмыс
мектептегі оқу үдерісінде үлкен орын алады. Соңғы уақытта 
оқушыларды оқулықтармен, қосымша оқу құралдарымен, пәннің оқу-әдістемелік кешені және 
ғылыми-көпшілік әдебиетпен жұмысқа үйретуге үлкен көңіл бөлінеді. Оқушылардың осы 
әдістерді меңгеруі олардың оқу дағдыларын дамытуға, сабақта және үй тапсырмасын 
дайындау кезінде жүктемені азайтуға, білім деңгейін арттыруға, жаратылыстану және химия 
бойынша сыныптан тыс оқуға қызығушылыққа баулуға мүмкіндік береді. 
Химия оқулығы 
оқушылардың сабақтағы және үйдегі өз бетінше жұмысын ұйымдастыру кезін қолданатын 
негізгі оқыту құралының бірі ретінде пайдаланылады. Оқулықпен жұмыс кезінде оқушылар 
оқулықтың мәтінін жатқа білуге міндетті емес. Сондықтан, оқушыларға тақырыпты оқып, 
мазмұнын айту сияқты тапсырмаларды бермеген жөн. Ұйымдастыру оңай болып көрінгеніне 
қарамастан, оқулықпен жұмыс сабақта көп уақыт алатынын есте сақтау керек және оны жаңа 
ақпараттар мөлшері өте көп емес сабақтарда тиімді пайдалану жолдарын қарастыру қажет. Бұл 
заттардың табиғатта кездесуін, олардың өнеркәсіпте пайдаланылуын зерттеуге арналған, 
сондай-ақ алдыңғы өткен таныс материалдардан тұратын сабақтар болуы мүмкін. 
Оқушыларды оқулықтың құрылымымен, оқулықта пайдаланылатын арнайы белгілермен 
таныстыру мақсатында химия бойынша алғашқы сабақтарда оқулықпен жұмыс істеудің 
маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет