Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


-кесте. Уәжге әсер ететін факторлар УӘЖДІ ӨСІРЕТІН ФАКТОРЛАР



Pdf көрінісі
бет27/54
Дата12.09.2022
өлшемі0,53 Mb.
#149286
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   54
Байланысты:
1541881748 (1)
2 Физика 9- сынып Рентген сәулелері саба жоспары (1), 1516596066288, osh sor geografija 9-klass kaz, ТАҚЫРЫП, test base 294, test base 294
5-кесте.
Уәжге әсер ететін факторлар
УӘЖДІ ӨСІРЕТІН ФАКТОРЛАР
УӘЖДІ ӨШІРЕТІН ФАКТОРЛАР
түрлі оқыту мен оқу әдістерін 
пайдаланатын белсенді мұғалім 
негізінен өзі сөйлейтін немесе лекция 
оқитын мұғалім 
көп оқушыны қамтитын белсенді 
тапсырмалар 
аз ғана оқушы қатысатын немесе мүлде 
қатыспайтын тапсырмалар 
белгілі бір мағынасы бар және осының 
алдында өткен тақырыппен байланысты 
жаттығулар 
айқын емес, түсініксіз және осының 
алдында өткен тақырыптармен 
байланыспайтын жаттығулар 
сабақтағы жаттығулардың күрделілігі 
тиісті деңгейде және барлық оқушылар 
орындай алатын етіп сараланған 
сабақтағы жаттығулар сараланбаған және 
басында орындау тым қиын немесе қабілеті 
жоғары оқушылардың қабілеттері 
ескерілмейді 
оқыту мен оқудың сан алуан әдістері 
қолданылады – сабақтың қандай 
болатынын күні бұрын болжау мүмкін 
емес 
оқыту мен оқу әдістерінің аз ғана түрі 
қолданылады – сабақтың қандай 
болатынын күні бұрын болжап білуге 
болады 
оқушыларға «ойлануға» уақыт бере 
отырып, сабақ қарқынын өзгерту 
сабақтың қарқыны өте жылдам/баяу және 
оқушыларға «ойлануға» уақыт берілмейді
әр оқушыға жеке қолдау көрсету 
оқушылар мұғалімнен көмек күтеді 
орынды мақтау және мұғалімнің дене 
қимылдарын, ымды тиімді қолдануы 
мақтау айтылмайды және мұғалім дене 
қимылдарын, ымды тиімді қолданбайды 
оқушылар сабақ мақсатын және сабақтан 
күтілетін нәтижені біледі 
оқушылар сабақ мақсатын және өздерінің 
нені үйренетінін білмейді 
 
Зерттеуге негізделген оқу 
«География» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша жаңартылған оқу 
бағдарламаларының аясында зерттеуге негізделген оқу белсенді оқу қағидаттарын 
ұстанатын қуатты педагогикалық құрал болып табылады. Сондай-ақ ол оқушылар 
дәлелдерді бірлесіп талқылап, оларды құрып, талдайтын тиімді орта бола алады 
(Katchevich et al, 2013).


32 
Білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы пән бойынша негізгі орта білім берудің оқу 
бағдарламалары әртүрлі тақырыптық бірліктерді құруды және іске асыруды көздейді. Оларды 
зерделеуде зерттеуге негізделген оқу тәрізді педагогикалық тәсілдер қолданылмаған 
жағдайда, оқушылардың қызығушылығын қанағаттандыра алмау мүмкін. 
Зерттеуге негізделген оқу сындарлы оқу теориясына сүйенеді. Оқушыларға 
бағдарланған осындай тәсілді қолдану барысында оқушылар өздеріне сұрақ қояды, 
үйлестіруші, қолдау көрсетуші ретінде әрекет ететін мұғалімнің көмегімен фактілерді жай 
ғана ұсынбай, тиісті сценарий әзірлеу арқылы мәселелерді зерделейді. Оқушылар 
тақырыптарды зерттеу үшін ресурстарды пайдаланып, өз қорытындыларын жасайды. 
Бұл анағұрлым терең білім алып, пәнді түсіну үшін қажетті айтарлықтай жоғары деңгейлі 
дағдыларды қалыптастырып дамытуға көмектеседі. Әдетте зерттеуге негізделген оқу 
әлеуметтік мәселелермен байланысты пәндер үшін қолдануға анағұрлым бейім келеді. 
Ғылыми әдебиетте зерттеуге негізделген оқыту мен оқуға арналған үш негізгі тәсіл 
сипатталған. Осы үш тәсілді төмендегідей қорытуға болады: 

Құрылымдалған
 
зерттеу
.
Мұғалім оқушылар ұстанатын шешімдер мен 
тәсілдерді егжей-тегжейлі түсіндіреді (әр қадамды сипаттау арқылы). Оқушылар өздерінің 
(немесе басқа біреудің) тапқан жаңалықтарының негізінде мәселеге түсініктеме береді, 
талқылайды және қорытынды жасайды деп күтіледі. 

Мұғалімнің
 
жетекшілігімен
 
жүретін
 
зерттеу
.
Мұғалім оқушылар ұстанатын 
белгілі бір құрылым ұсынады (мысалы, сұрақтар тізімінен зерттейтін мәселені таңдау). 
Оқушылар сұрақтарға жауап беру үшін тәсілді өздері таңдай алады. 

Ашық
 
зерттеу
. Оқушылар зерттеу сұрағын және бұл сұраққа жауап берудің 
тәсілін өздері таңдайды. 
Құрылымдалған зерттеу негізінен мұғалімнің қолдау көрсетуімен жүргізіледі. 
Сондықтан бұл тәсілді жаңа дағды немесе тұжырым таныстырылатын сабақтарда 
қолданған орынды болады. Оқушылар өсіп, тәжірибесі толыға бастағанда, мұғалім 
жетекшілігімен жүретін зерттеуді пайдалануға болады. Оқушылардың негізгі мақсаты 
анағұрлым жоғары деңгейлі дағдыларын дамыта отырып, ашық зерттеу жүргізу болып 
табылады (Krystyniak and Heikkinen, 2007).
Оқушылар түсінікті қалыптастыру арқылы өздерінің қол жеткен деңгейінен Жақын 
арадағы даму аймағына өте алады (ЖАДА, Vygotsky, 1978). Оқушы өзінің Жақын арадағы 
даму аймағында әрекет еткен кезде, оған «дамытушы оқыту» деп аталатын қолдау қажет. 
Мұндай дамытушы оқуды жұмыс жоспары, оқулықтар және т.б. көмегімен мұғалімдер, 
құрдастары жүргізе алады. Оқушының жеке әрекетіне қарағанда сабақта «көпіршелердің» 
көмегімен оқу мақсаттарына барынша толық қол жеткізу мүмкіндігі бар.
Оқушы жетістіктерге жете бастағанда, оған ары қарай қолдаудың қажеті болмайды 
және соңында ол дербес жұмыс жасай алады. Оқытуға қолдау көрсету мақсатында 
мұғалімдер дамытушы оқытудың қажетті деңгейін ұсынуы керек, уақыт өте келе оның 
деңгейі азаяды (немесе тоқтайды). Сырттан көрсетілетін қолдау тоқтатылған кезде ғана 
оқушы қажетті түсініктерді толық меңгерді деп айтуға болады.
Құрылымдалған зерттеу барысында дамытушы оқу жоғарғы деңгейде іске 
асырылады. Сол себепті бұл әдісті жаңа түсініктер мен дағдылар енгізілетін (мысалы, курс 
басында) сабақтарда қолданған орынды болып табылады. Оқушылар тәжірибе жинақтаған 
кезде, мұғалімнің жетекшілігімен жүретін зерттеуді қолданған орынды болса, курстың 
қорытындылаушы бөлімінде ашық зерттеу тәсілін қолданған тиімді болады. 
Оқушылар үшін жобалау жұмысының көздеген мақсаты жоғары деңгейлі ойлау 
дағдыларын пайдалана отырып, қарапайым ашық зерттеу мәселесінің шешімін табу болып 
табылады (Krystyniak and Heikkinen, 2007). Алайда мұнда ашық зерттеулер ғана оқуға сай 
келетін жалғыз қолайлы педагогикалық тәсіл деп айтуға болмайды.
Зерттеуге негізделген оқу әдісін әртүрлі пәндерді, оның ішінде Қазақстан тарихы мен 
құқық негіздерін оқытуда қолданған тиімді болады. Пән бойынша негізгі көзделген мәселе 
зерттеу болған жағдайда, мұғалім көмекші рөліне ауысып, басты рөлге оқушы шығады. 


33 
Зерттеуге негізделген оқуды сыныпта қолданудың көптеген тәжірибелік модельдері 
бар. Мұғалімнің жетекшілігімен жүргізілетін осындай зерттеу модельдерінің бірі 
«Ықпалдастырылған әлеуметтік зерттеу моделі» деп аталады (Hamston & Murdoch, 1996). 
Модель әртүрлі жеті зерттеу кезеңін қамтиды (6-кесте). Дегенмен, зерттеу барысында 
болжамдарға, зерттеу мазмұнына, құндылықтар, көзқарастар, үдерістер мен дағдыларға 
күмән тудырылған жағдайда әр кезең қайта қарастырылып, тексеріліп отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет