Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет35/54
Дата12.09.2022
өлшемі0,53 Mb.
#149286
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54
Байланысты:
1541881748 (1)
2 Физика 9- сынып Рентген сәулелері саба жоспары (1), 1516596066288, osh sor geografija 9-klass kaz, ТАҚЫРЫП, test base 294, test base 294
 
Сабақты жоспарлау 
Сабақ мақсатын анықтаған соң, мұғалім осы мақсатқа қол жеткізу үшін сабақты қалай 
жоспарлау керек екендігін шешеді. Сабақ мақсатына жету үшін мұғалім бірқатар белсенді 
оқу тәсілдерін қолдана алады. Дәстүрлі дидактикалық оқыту әдістерінде жекелеген 
оқушының тұлғалық дербестігіне, ұмтылысы мен ынтасына, мүдделері мен дағдыларына, 
оқу ерекшеліктеріне жеткілікті дәрежеде мән берілмейтін. Оқыту мен оқудың заманауи 
әдістері оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеру арқылы оқу үдерісін 
ұйымдастыруға аса мән береді және бұл бағыттағы мұғалімнің табыстылығы оқушылардың 
оқу үлгеріміне оң әсерін тигізеді. Мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасының 
талаптарын орындау үшін, сонымен қатар, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру 
үшін сабақты барынша тиімді жоспарлауы қажет. 
Барынша тиімді оқуды жоспарлау үшін төмендегідей бірқатар мәселелерді ескерген 
жөн: 
-
Сабақта 
көптеген
 
жаттығу
 
түрлерін
жоспарлауға тырысу қажет. Бір сабақта 
мұғалім төрт, бес немесе одан да көп жаттығу түрін қамти алады. Аз уақыт алатын, айталық, 
10 минуттық жаттығу дайындауға болады. Әдетте баланың назары бір нәрсенің төңірегінде 
ұзақ шоғырланып тұра алмайтынын естен шығармау керек. 
-
Мұғалім сабақ барысында бір жұмыс түрінен екіншісіне 
біртіндеп
 
ауысып
,
сабақтың мақсатын оқушылардың есіне салып отыруды ұмытпауы керек. Жаттығуды 
әртүрлі тәсілмен түсіндіруге дайын болу қажет. Мысалы, оқушылар бастапқыда жаттығуды 
бүкіл сынып болып орындап, кейіннен жұптасып оның орындалуын шыңдай алады. Бұл 
оқушыларға жаңа жаттығуға біртіндеп көше отырып, тапсырманы түсінуге көмектеседі
өткен сабақта алған білімдерін нығайтып, оқушыларға іс жүзінде бірнеше дағдыны 
қатарынан шыңдауға мүмкіндік береді. 


43 
-
Сыныппен 
өзара
 
әрекеттестік
 
стилін
өзгертіп отыру қажет. Мұғалім сабақ 
барысында өзінің қанша сөйлейтіні туралы ойлануы қажет. Егер мұғалім тым көп сөйлесе, 
оқушыларда пікір таластырып, бір-бірінен үйренуге уақыт аз қалады. Оқушыларға сұрақ 
қойып, жауаптары бойынша сыныптың нені түсінгенін/түсінбегенін бағдарлаған дұрыс. 
Сабақта жеке, жұптық, топтық немесе бүкіл сыныпты қамтитын жұмыс түрлерін 
араластырып қолдану тиімді болады. 
Сабақ жоспарында мұғалім: 
-
оқу мақсаттарын анық, түсінікті түрде тұжырымдауы; 
-
сабақ жоспарының әртүрлі компоненттерінің тиісті бөлшектерін қамтуы (оқу 
жоспарындағы сабақ жоспарының үлгісін қараңыз); 
-
логикалық жағынан реттелген және оқу мақсаттарына сай келетін жаттығулар мен 
тапсырмалар туралы толық ақпарат ұсынуы; 
-
мақсатты білім мен дағдыларды қалыптастыруға арналған тиісті әдіс-тәсілдерді 
анықтап, проблемаларды алдын ала көре білуге және анықталған дағдыларға қатысты 
шешім ұсынуы; 
-
қажетті материалдар мен ресурстарды пайдалануды жоспарлауы тиіс. 
Сабақты жоспарлау барысында мұғалімнің ескеруі тиіс бірқатар мәселелер: 
-
Сабағымның
 
мақсаты
 
қандай

Сабақтың
 
әрбір
 
бөлімі
 
оқушыны
 
мақсатқа
 
жетуге
 
жетелей
 
ме

-
Оқушылар
 
іс
 
жүзінде
 
не
 
істейді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет