Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет31/54
Дата12.09.2022
өлшемі0,53 Mb.
#149286
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54
Байланысты:
1541881748 (1)
2 Физика 9- сынып Рентген сәулелері саба жоспары (1), 1516596066288, osh sor geografija 9-klass kaz, ТАҚЫРЫП, test base 294, test base 294
8-кесте.
«География» пәнінің басқа пәндермен байланысы 
Пән
 (
тақырып

География
 
сабағының
 
тақырыбы
 
Биология (Химиялық құрам) 
Биосфера және оның құрамдас бөліктері 
Химия (Көмірсутекті отындар) 
Табиғи ресурстар
Дүниежүзі 
тарихы 
(Иемденуші 
және 
өндіруші шаруашылық түрлері (терімшілік, 
аңшылық, балық аулау, егіншілік, мал 
шаруашылығы, металл өңдеу, айырбас сауда)
Дүниежүзінің тарихи-мәдени аймақтары 
Жаратылыстану (Энергия түрлері мен 
көздері)
Табиғи ресурстарды игерумен 
байланысты проблемалар 
Физика (Әртүрлі географиялық ендіктегі 
аспан шырақтарының көрінерлік қозғалысы
жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік 
уақыт) 
Табиғи-аумақтық 
кешендердің 
қалыптасуы 
 
Пәнаралық байланыс зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында маңызды орын алады. 
Мәселелерді шешу қабілеті оқушылардың ғылыми танымдық тұрғыдан ойлауды үйренуіне 
мүмкіндік береді. Олардың алдында кішірейтілген үлгідегі танымдық үдеріс көрініс 
табады, оның логикалық құрылымы: мәселені қою – болжамдар жасау – оны тәжірибе 


39 
жүзінде тексеру – қорытындылар (немесе жаңа мәселе). Оқушылар ғылыми білімнің қандай 
жолмен игерілетінін көріп, дүниенің танымдық сипатына көз жеткізеді. Проблеманы 
шешуге арналған тапсырмалар оқушыларға таныс емес мәселелерді қамтып, білуге 
құмарлықты, жаңа нәрсені/ жаңалықты ашуға және оны негіздеуге ынталандыруы керек. 
Мысалы, сабақта проблеманы шешуге арналған тапсырмалардың келесі түрлерін қолдануға 
болады: себеп-салдарлық байланыстардың үзілуі; «... мәселесін қалай түсіндіруге болады»; 
«қалай дәлелдеу қажет?» және т.б. Мұндай тапсырмалар оқушыларды стандартты 
рәсімдерді қолданбай, белсенді оқуға ықпал ете отырып, шешімдерді іздестіруге және 
өңдеуге, үлгілерді зерттеуге итермелейді. Осылайша, география немесе жаратылыстану 
сабақтарында 
оқушыларға 
ауа 
райы 
элементтерін 
қолданып, 
синоптикалық 
картосхемаларды жасауды немесе Жер ғаламшары мен адамзат үшін ауаның 
маңыздылығын анықтау үшін бақылау жүргізуді ұсынуға болады. Тапсырмаларды орындау 
барысында оқушылардың өткен сабақтарда және басқа пәндерден алған білімін естеріне 
түсіріп, қолданғаны маңызды. Бұл оқушыларға өздерінің алға жылжуын нығайтуға және 
басқа пәндермен пәнаралық байланыс орнатуға ықпал ететін болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет