Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет29/54
Дата12.09.2022
өлшемі0,53 Mb.
#149286
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   54
Байланысты:
1541881748 (1)
2 Физика 9- сынып Рентген сәулелері саба жоспары (1), 1516596066288, osh sor geografija 9-klass kaz, ТАҚЫРЫП, test base 294, test base 294
Дәлелдеу 
Жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын қалыптастыру және оларды қолдану оқу 
бағдарламасының өзекті аспектісі болып табылады. Осы ойлау дағдыларын 
қалыптастырудың маңызды тәсілдерінің бірі – дәлелдеу. Дәлелдеу кез келген пікірталас 
бастау, жүргізу және оны бағамдау үшін маңызды, әсіресе жаратылыстану және география 
пәндерін оқытуда оның маңызы өте зор, себебі онда берілген мәселенің бір шешімі 
болғанымен, тапсырманы әртүрлі құралдар мен тәсілдер арқылы орындауға болады. 
Сондай-ақ бұл Қазақстан Республикасындағы жаңартылған оқу бағдарламаларында басым 
болып табылатын құндылықтар мен дағдыларды, мысалы, шығармашылық және сын 
тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытудың негізгі тәсілдерінің бірі 
болып табылады. 
Сыныпта оқытуда кеңінен қолданылатын, өзара әрекеттесудің түрлі жағдайларында 
қалыптасатын және жүргізілетін оқудың екі саласы бар; бұл монологтік және диалогтік 
оқу (Alro & Skovsmose, 2002). Монологтік көзқарас заттарды абсолюттік материя 
ретінде түсінеді және бұған дейін алынған білімнің негізінде қалыптасады, ал диалогтік 
көзқарас білімді оқу барысында жүретін үдеріс ретінде, дәлелдеу барысында, яғни 
пікірталас пен келіссөз барысында қалыптасатын білім ретінде қарастырады. 
Дәлелдеудің үлгісі мен күрделілігін сипаттау жөніндегі Толминнің (Toulmin, 1958) 
жемісті жұмысы білім беру саласындағы зерттеулерге, соның ішінде зерттеуге негізделген 
оқуды пайдалануды бағамдауға ықпал етті (мысалы, Simon et al., 2006; Katchevich et al, 
2013). Зерттеуге негізделген оқу барысында оқушылар, қажет болған жағдайда 
мұғалімнің көмегімен, идеяларды түсіндіру, талқылау, оларға қарсы шығу және өз 
ойларын қайта қарау арқылы пікірталасқа араласа отырып, белсенді рөл атқарады (Goos, 
2004). 
Сыныптағы әңгіме түрлері мәселесі отандық әдебиетте де, шетелдік ғалымдардың 
еңбектерінде де көптеп кездеседі. Шәкәрім Құдайбердіұлы «оқытудың ең үздік тәсілі – 


35 
әңгіме, ол мұғалімнің тәлімгерлік шеннен түсіп, оқушылармен тең дәрежеде ақиқат 
іздеушіге (оқудағы болса да) айналады» деген болса, «мұғалім балалармен сөйлескенде 
ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздермен керексіз 
терминдерді қолданбастан, әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек» 
дейді Ы.Алтынсарин (2004). Егер кіші мектеп жасындағы балалар үшін ұстаз барлық 
бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын болса, ал 
ересек балалар, яғни жоғарғы сынып оқушылары ұстаздың әрбір қимыл-қозғалысын, іс-
әрекеті мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл-кеңесіне өзге адамдармен қарым-қатынасына, 
шәкірттерге қоятын түрлі талаптарына өздерінше іштей сын көзімен қарайды. 
Сонымен қатар, Нил Мерсердің диалогтік әңгіме мен кері байланыстың 
артықшылықтары тақырыбына арналған көптеген еңбектері бар. 
Негізінен мұғалімнің басымдығымен өтетін кейбір сабақтарда оқушыларға өздері 
көріп зерделеген көрнекі материалды қайталап сипаттау ұсынылады. Жаңартылған оқу 
бағдарламасы бойынша оқытуда әлеуметтік-мәдени тәсілге басымдық беріледі, сабақ 
барысында пікірталас пен ұжымдық дәлелдеуге барынша назар аударылады (Miller, 1987; 
Brown&Renshaw, 
2000). 
Осындай 
сабақтарда 
оқушылар 
басқа 
оқушыларға 
тұжырымдаманы өз сөзімен түсіндіру үшін бірқатар сұрақтар мен топтық талқылауды 
пайдалана отырып, проблемаларды шешу үшін бірлесіп жұмыс істейді. Мұғалімдер 
оқушылардың берген түсініктемелеріне құрметпен қарайды және оның құнды екенін 
түсінеді, проблеманы шешудің осындай ерекше тәсілдері басқа оқушыларға мәселені 
түсінуге көмектесе алатындығын мойындайды. Бірлесіп дәлелдеу – бірлескен тұлғааралық 
өзара әрекеттесуді өрбітуге көмектесетін педагогикалық құрал. 
«География» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша оқу бағдарламаларында 
оқушылардың дәлелдеуді қолдану дағдылары, атап айтқанда, оқушылардың ақпарат 
көздерін талдау, өздерінің зерттеу нәтижелерін таныстыру және талқылау дағдылары 
сыныптан сыныпқа көшкен сайын күрделеніп отырады.
Дәлелдеумен бір қатарда тұрған дағдылардың бірі – проблемаларды шешу. Поляның 
(Polya, 1945) тұжырымдауынша, проблемаларды шешу – бұл: 
-
шынайы проблемамен айналысу; мәселе туралы болжам жасау, зерттеу және 
мағынасын түсіну; 
-
рәсімдерді есте сақтау ғана емес, сонымен қатар, шешімдерді іздеу; 
-
формулаларды есте сақтау ғана емес, сондай-ақ үлгілерді зерттеу; 
-
жаттығуларды орындау ғана емес, сондай-ақ болжам жасау.
Оқушыларға өз сөзімен түсіндіруге мүмкіндік бере отырып, мұғалім оларға тақырыпты 
білуі мен түсінуінің арасында байланыс орнатуға мүмкіндік ашады, сондай-ақ кез келген 
қате түсініктерін анықтай алады. Осыны іске асыру үшін мұғалім дәлелдеу тәсілін қолдана 
алады, оның төрт кезеңі бар; әр кезең бірнеше сабақты қамтуы мүмкін: 
-
елестету; 
-
салыстыру; 
-
түсіндіру және дәлел келтіру; 
-
мақұлдау (келісу). 
Дәлелдеу үдерісі зерттеуге негізделген оқу тәсілін толықтырады. Зерттеу тақырыбы 
белгіленгеннен кейін, мұғалім оқушыларға шағын топтарда жұмыс істеп, сурет, 
диаграмма, график немесе алгоритмдерді пайдалану арқылы зерттеу немесе проблеманы 
«елестетуді» ұсынады. Содан кейін оқушылар өз ақпаратын басқа топпен немесе топтармен 
«салыстыруы» керек. «Түсіндіру және дәлел келтіру» деп аталатын келесі кезең 
оқушыларға өздерінің көзқарастарын түсіндіруге, түзетуге, ретке келтіріп, кез келген қате 
пайымдауларды анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір топ идеяларды талқылау және 
«мақұлдау (келісу)» үшін тұтас сыныпқа өз шешімдерін ұсынады. 
Оқушыларға проблеманы шешуді ұсыну арқылы мұғалім оқушылардың Пиаже 
сипаттаған танымдық даму сатыларының нақты бір операциялық кезеңінде екенін есте 
сақтауы керек. Сондықтан орта және жоғары сынып оқушыларымен жұмыс барысында 


36 
мұғалімдер оқушыларды қызықтыратын проблемалық жағдаяттар туындату арқылы 
оқытуды басшылыққа алуы керек. Бұл оқушыларды мәселенің шешімін табу үшін өздігінен 
ізденуге, білімдерін жинақтап, шоғырландыруға, жұмысының нәтижесін бағалап, өзінің 
жасаған қорытындыларына қуанып, шаттануына мүмкіндік береді.
Пәндер бойынша жаңартылған оқу бағдарламалары оқушыларға ХХІ ғасырда 
қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада табысты болу үшін 
қажетті дағдыларды меңгертуге бағытталған. Олар оқушыларды сын тұрғысынан ойлау, 
бірлесіп жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, проблемаларды шешу сияқты анағұрлым жоғары 
деңгейдегі көптеген дағдыларды өз бетінше меңгеруге және зерделеуге дайындайды және 
ынталандырады. Осы дағдыларды жоғары дәрежеде меңгеру «География» және 
«Жаратылыстану» пәндері бойынша оқу бағдарламаларында проблемаларды шешу, 
бірлескен зерттеу және ғылыми зерттеу жүргізу дағдыларына баса назар аударып, жоғары 
деңгейлі ойлау дағдыларын дамытуды көздейді. Оқыту үдерісі тәжірибеге бағытталған 
және оқушының өз білімдерін өмірде қолдана білуіне шоғырланған. ХХІ ғасырдың 
қарқынды ілгерілеу ырғағына қатар ілесу үшін, өзара тығыз байланысты және 
көпмәдениетті әлемде қалыптасқан қазіргі жағдайда оқушылардың өз бетінше оқу 
дағдыларын, коммуникативтік дағдыларды дамыту аса маңызды болып табылады. 
«География» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша оқу бағдарламасы 
оқушылардың алдыңғы меңгерген білімдері мен дағдыларын жетілдіруге, сонымен қатар, 
жаңа түсініктерді қалыптастырып, қабілеттерін дамытуға бағдарланған. Пән бойынша оқу 
бағдарламасы оқушылардың төменде аталған мүмкіндіктерін дамытуды көздейді: 
-
зерттеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беру; 
-
кез келген қабылданатын ақпаратқа сын тұрғысынан қарап, талдай білу дағдысын 
белсенді дамыту; 
-
өзіндік рефлексияға және тәуелсіз, өз бетінше ойлануға ынталандыру; 
-
қазір және келешекте кез келген өмірлік жағдайда кездесуі мүмкін негізгі жаһандық 
проблемаларды түсінуге және оларға сәйкес әрекет ете білуге ынталандыру. 
Мектептегі негізгі пәндерді оқу арқылы оқушылар өз түсінігін кеңейте отырып, өзінің 
оқуы үшін жауапты болуға үйренеді. Оқушылар өзіндік көзқарасы мен пайымдауын 
қалыптастырып, дамытуға, мұқият зерделеуге және өз ойын сенімді айта білуге 
дағдыланады. Мысалы, олар дәлелдерді талдау мен бағамдауды және ойлау дағдылары 
туралы ойлануды үйренеді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс орнату арқылы олар 
ақпаратты тиімді пайдалануды үйренетін болады. 
Оқыту үдерісінде белгілі бір нақты пәнді зерттеу маңызды болғанымен, пәнаралық 
жұмыстарды жүргізу пәнді анағұрлым сапалы меңгеруге оң ықпалын тигізеді. Кэрридің 
(Kerry, 2007) пайымдауынша пәнаралық байланыс тәсілі білімді өзара байланысты құбылыс 
деп санаған Джон Дьюидің еңбектеріне негізделеді. Оқыту мен оқудың бұл тәсілі оқытудың 
сындарлы тәсілімен тығыз байланысты, себебі оқушылар бірлесіп жұмыс істей отырып, 
пәндердің арасындағы мәселелерді талқылап пікірталас жүргізеді (Hayes, 2010). Оқушылар 
бір пәннің аясында үйренген мәселелерін екінші пәнге пайдалана алады немесе бір пәннің 
негізінде басқа пәнді оқуды жақсарта алады. Пәндер бойынша білімдерді ықпалдастыру 
оқушылар үшін білім беру үдерісінің өзара байланыстылығы мен маңызын арттыруға 
бағытталған. Орта және жоғары сынып оқушылары география мен жаратылыстануды басқа 
пәндермен байланыста қарастыруы тиіс, себебі пәнаралық байланыс олардың оқуын 
барынша тиімді модельдеуге мүмкіндік береді. 
География және жаратылыстану сабақтарында пәнаралық байланысты жүзеге асыру 
оқушылардың пәндерге қызығушылығын арттыруға және білім сапасын арттыруға, 
оқушылардың ғылыми тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытуға, оқу пәндеріне біртұтас 
жүйелі көзқарас қалыптастыруға, оқушыларды шығармашылығын дамытуға және ғылыми-
зерттеу жұмыстарына тартылуына мүмкіндік береді. Пәнаралық байланыс белгілі бір 
тақырып бойынша басқа пәндерден алған білімін пайдалану, эксперименттік жұмыс 
орындау, экскурсиялық сабақ өткізу және көлемді оқу материалын жалпылама қорыту 


37 
барысында жүзеге асады. 
«География» және «Жаратылыстану» пәндері табиғаттағы және қоғамдық 
құбылыстарды зерттейтін ғылымдар ретінде бір-бірімен, сондай-ақ басқа да 
жаратылыстану пәндерімен, гуманитарлық бағыттағы және негізгі пәндермен өзара 
пәнаралық байланыстар жүргізе отырып оқытылатын пәндер болып табылады. 
Оқушылардың физика, химия, биология пәндерінен алған білімдері физикалық 
география бойынша көптеген мәселелерді тереңірек білуіне септігін тигізеді, себебі 
республикамыздың физикалық географиясымен таныстырып қана қоймай, оқушыларға 
жаратылыстану 
ғылымдарының 
заңдылықтарын 
үйретеді 
және 
оқушылардың 
географиялық түсініктерін нығайтады, ойлау және талдау қабілеттерін, іскерліктерін 
дамытуға көмектеседі. Осылайша, физикалық географияның бастапқы сатысы үшін 
жаратылыстану пәндерімен байланыстыра отырып түсіндіру маңыздырақ болмақ.
Экономикалық географияның қазіргі заманғы ерекшеліктерін көп жағдайда сол 
жердің немесе басқа аумақтың тарихи дамуын еске түсірмей түсіндіру мүмкін емес, 
сондықтан география сабақтарында ғылыми деңгейді көтеру үшін тарихпен пәнаралық 
байланыс жүргізудің үлкен маңызы бар. Сол сияқты оқушыларды кескін картамен, 
статистикалық, картографиялық материалдармен жұмыс жүргізе білуге үйрету және 
қалыптастыру оқушылардың математикалық дайындығын жетілдіреді. 
«Жаратылыстану» және «География» пәндерінің пәнаралық байланысының негізгі 
шеңбері әрбір тақырыпты оқыту барысында анықталып отырады. Оларды пайдалану үшін 
мұғалім басқа пәндердің мазмұны туралы да білуі тиіс. Пәнді басқа пәндермен 
байланыстыра оқытудың екі түрлі тиімді жағы бар: біріншіден, география мен 
жаратылыстану оқушылардың басқа оқу пәндеріне дайындығын күшейтеді, екіншіден, өз 
кезегінде химия, физика, биология, тарих, математика пәндерінде қарастырылатын 
мәселелерді қатар зерттеуде оқу базасын толықтырады (7 және 8-кестелер).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет