Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет30/54
Дата12.09.2022
өлшемі0,53 Mb.
#149286
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54
Байланысты:
1541881748 (1)
2 Физика 9- сынып Рентген сәулелері саба жоспары (1), 1516596066288, osh sor geografija 9-klass kaz, ТАҚЫРЫП, test base 294, test base 294
 
7-кесте.
«Жаратылыстану» пәнінің басқа пәндермен байланысы 
Пән
 (
тақырып

Жаратылыстану
 
сабағының
 
тақырыбы
 
Математика (адамның немқұрайлығынан 
туындаған экологиялық апат көлемі) 
Экология және бірқалыпты даму. Табиғатты 
қорғау 
Математика (арифметикалық орта мәнін 
есептеу және даму бағытын анықтау) 
Ғылым әлемі. Деректерді талдау 
Физика (Кинетикалық энергия. 
Потенциалдық энергия) 
Энергия түрлері мен көздері
Дүниетану (жергілікті жердің жоспарын 
құру) 
Ғалам. Жер. Адам. Жер бетін бейнелеу 
тәсілдері 
Жаратылыстану пәндерін оқытуда пәнаралық байланыстар бірқатар функцияларды 
атқарады (Барабаш Ц.И., 1982, Максимова В.Н., 1989): 
Пәнаралық байланыстың
 
әдістемелік
 
функциясы

оқушылардың табиғатқа деген
 
диалектикалық-материалистік көзқарастары, табиғат пен қоғамның өзара байланысы, 
табиғаттағы заңдылықтардың біртұтастығы туралы көзқарастары қалыптасады. 
Пәнаралық байланыстың
 
білім
 
беру
 
функциясы

пәнаралық байланыстар арқылы 
географиялық құбылыстар мен табиғаттағы әртүрлі үдерістердің теориялық негіздері 
ашылып көрсетіледі. 
Пәнаралық байланыстың 
дамытушылық
 
функциясы
 
оқушылардың жүйелі және 
шығармашылық ойлауын дамытудағы ролімен анықталады. Пәнаралық байланыстар нақты 
пән тұрғысынан біржақты ойлауға жол жермей, оқушыларды кең ойлауға итермелеп, ой-
өрісін кеңейтеді. 
Пәнаралық байланыстың 
тәрбиелік
 
функциясы
 
жаратылыстану
 
мен
 
географияны 


38 
оқыту барысында оқушыларды тәрбиелеудің барлық бағыттарының көрініс 
табатындығымен анықталады. Мұғалім жаратылыстану мен географияны басқа пәндермен 
байланыстыру арқылы оқушыларды тәрбиелеудің кешенді әдісін жүзеге асырады.
Пәнаралық байланыстың 
сындарлылық
 
функциясының
 
көмегімен мұғалім оқу 
материалдарының мазмұнын, оқуды ұйымдастыру түрлері мен әдістерін жетілдіреді.
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру үшін жаратылыстану саласы пәндері 
мұғалімдерінің пәндердің оқу бағдарламаларын зерделеу арқылы сабақтағы және сыныптан 
тыс жұмыстарды бірігіп жоспарлауы тиімді болып табылады. 
«География» және «Химия» пәндерін сабақтастыра оқыту барысында Қазақстанда 
кездесетін металдар мен олардың қасиеттері химиялық формулалар мен теңдеулер арқылы 
және географиялық тұрғыдан түсінік беріле оқытылады. Бұл жерде екі пәннің арасындағы 
пәнаралық байланыс оқушылардың дүниетанымын кеңейтеді, сабақта алынатын білімнің 
ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді. Оқушылардың танымдық қызығушылығы артып, 
олардың сабақта қарастырылған мәселелер мен сұрақтарды тереңірек зерттеуге 
қызығушылығы туындайды. Оларды өндірістегі мәселелерді шешу жолдары ойландырады, 
демек, оқушылардың ұйымдастырушылық қабілеттері артады.
«Қазақстан географиясы» пәні бойынша сабақтарды өткізу барысында тарихпен 
және әдебиетпен тығыз байланысты жүзеге асырып, белгілі ақын-жазушылардың 
шығармашылығына, еліміздің аумағындағы ежелгі қорғандар мен мәдени мұраларға назар 
аудартылады. Географиялық карталармен жұмыс жүргізу барысында оқушыларға Ұлы 
Жібек жолымен жүріп өткен керуендер, ежелгі қалалар мен қорғандар туралы тарихи 
деректерді зерделеуге мүмкіндік беру арқылы тарих пәнімен тығыз байланыс орнатуға 
болады. 
«География» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша сабақты жоспарлау 
барысында тиімді пәнаралық байланысты жүзеге асыру мұғалім мен оқушылардың бірлесе 
жұмыс жүргізуінің тиімділігін арттыруға ықпал етіп, сабақтың сапасын жақсартады және 
оның тәрбиелік ықпалын күшейтеді (8-кесте). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет