Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет7/40
Дата12.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#185118
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40
Байланысты:
Мұғалімге арналған нұсқаулық

 
1-сурет
Бағалау процесін ұйымдастыру 
Бағалаудың құрылымын анықтау және қолдану 
Бағалаудың құрылымын анықтау және қолдану кезінде қандай оқу мақсаттары, 
дағдылар бағаланатыны туралы ойлану қажет. Бұл кезеңде мұғалім үшін негізгі міндет – 
барлығына түсінікті болатын бағалаудың құрылымы мен моделін анықтау. Бұл бағалау 
компоненттерін логикалық талдау (алған білім, дағдыларды түсіну және қолдану) немесе 
теорияны зерделеу немесе оқушының тәжірибелік зерттеулерін жинақтау (өзіндік бақылау 
немесе зерттеу нәтижелерінің дәлелдерін алу үшін теория мен тәжірибені пайдалану) арқылы 
сипатталады.
Бағалаудың құрылымы мен нысаны – нені өлшеу керектігін және қандай маңызды 
компоненттер мен аспектілерді бағалау қажет екендігін білдіру үшін қолданылатын 
анықтама. Оқу бағдарламасының бөлімін немесе тақырыпты бағалау үшін оқушының оқу 
жетістігін бағалауға көмектесетін және бағалау талаптарын айқындайтын сұрақтарды, яғни 
бағалау критерийлерін қарастыруға болады. Мысалы, 
-
Оқу нәтижесін түсіндіруге қатысты қандай критерийлер ұсынуға болады? 
-
Жоғары, орташа және төмен деңгейлердің көрсеткіштері, дәлелдері қандай? 
Осы сұрақтардың жауабы бағалау үдерісін түсінуге көмектеседі. Бағалау құрылымын 
немесе нысанын таңдауда нені өлшеу (бағалау) керектігін және оны бағалау критерийлерінің 
өзара қалай байланысты екенін анықтау маңызды. 
Дәлелдемелер жинау 
Пән бойынша тест сипаттамалары белгіленген құрылым бойынша тест сұрақтарын 
әзірлеуден бастап, ұсынылатын жауаптарды (кілт және дистракторлар) құрастыруға дейін 
барлық талаптарға сәйкес жасалады. Тест сипаттамалары зерделенген тақырып немесе бөлім 
Бағалаудың 
құрылымын 
анықтау және 
қолдану 
Дәлелдемелер 
жинау 
Бағалауға арналған 
тапсырма әзірлеу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет