8.2-тапсырма.
Сенімділікті және валидтілікті қамтамасыз
етуге арналған нұсқаулықты
зерделеп, бағалаудың валидтілігі мен сенімділігін анықтауға
арналған бақылау парағын
дайындаңыз.
Нәтижелердің сенімділігі мен валидтілігі
Сенімділікті қамтамасыз етуге арналған нұсқаулық
(Чарльз Дарр материалдарының негізінде, 2005)
Сенімділік дегеніміз не?
Сенімділік — бұл бағалау кезінде алған нәтижелердің тұрақтылығы. Бұл
төмендегілерді білдіруі мүмкін:
• Уақытқа қатысты тұрақтылық – егер бағалау басқа күні
немесе басқа уақытта
өткізілсе нәтижелер бірдей бола ала ма?
• Тапсырмалар арасындағы тұрақтылық – бағалау үшін басқа тапсырмалар іріктеліп
алынса нәтиже бірдей бола алар ма еді?
• Баға қоюшылар арасындағы келісім – егер жұмысты
басқа тексеруші бағаласа
нәтижелер бірдей бола ала ма?
Тұрақтылық деңгейі артқан сайын нәтиже сенімді бола түседі. Алайда нәтижелер өте
(абсолютті) сенімді болуы мүмкін емес. Барлық уақытта бағаға
әсер ететін кездейсоқ
ықтималдық болады.
Достарыңызбен бөлісу: