Білім беру бағдарламасы nis-programme «Физика» пәні бойынша оқу жоспары



бет49/57
Дата07.02.2022
өлшемі454,56 Kb.
#91496
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57
Байланысты:
Оқу жоспары Физика 9 сынып 5 нұсқа маусым 2018

Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқыту ресурстары

9.4 А

9.2.5.18 - дыбыс толқындарының пайда болу процесін сипаттау;



(G) Оқушылардан түрлі аспаптар дыбыс толқындарын қалай шығаратынын сұраңыз. Топтар үш түрлі аспапты қарастырып, оларда дыбыс толқындарының қалай пайда болатынын сипаттай алады.
(D) Мұғалім кейбір музыкалық аспаптарды, мысалы, домбыра, қобыз, гитара, т.б. демонстрациялай алады. Сондай-ақ микрофонды дыбыс генераторына жалғап, оған шағын қағаз кесіндісін қойған кезде төмен жиіліктерде вибрацияланатынын көрсетуге болады. Нұсқа ретінде конусқа шағын айнаны бкеітіп, конусқа лазер сәулесін түсіріңіз.
 Лазер көзге түспеуі және төмен қуатты (1 класты) болуы керек.

Дыбыс толқынының ұзындығы ұғымын енгізіңіз.

Қарапайым бейнебаян: http://www.youtube.com/watch?v=CzG0ioYIIFs
Немесе:
https://www.youtube.com/watch?v=nFcmTTT9yiE
Дыбысқа кіріспе:
http://www.acoustics.salford.ac.uk/schools/index1.htm






9.2.5.19 - дыбыс толқындарының табиғатын сипаттау;


(I f) Мұғалім дыбыс туралы, толқын қозғалысы мен қума толқындар туралы бірқатар нақты ақпараттар бере алады және оқушылардың осы фактіге келісімін (жасыл), білмеймін (сары), келіспеймін (қызыл) деп өз пікірлерін көрсету үшін бағдаршам әдісін немесе басқа карточкалар пайдалануды ұсына алады.
(D) Мұғалім серіппе көмегімен бойлық толқындардың түзілуін көрсетеді және сығылу мен созылуға қатысты бейне анимацияны көрсете алады. Оқушылар сығылу мен созылудың диаграммасын сызады және топта олардың пайда болуын түсіндіріп, олардың толқын ұзындығын диаграммада белгілей алады.

«Сығылған» кезде молекулалар бір біріне жақын болады және қысым атмосфералық қысымнан барынша жоғары болады. Оқушылар дыбыс көзінің вибрациясы ауа бөлшектерінің сығылуы мен сиреуін қалай туғызатынын білуі керек.

Көрсетілім үшін серіппені жаймен созыңыз, содан кейін бір шетін жақындатып, кейін алшақтатыңыз, екінші шеті қозғалыссыз (бекітілген) болуы керек. Оқушылар бөлшектердің орын ауыстырмай, тек тербелетінін түсінулері керек. Мұны серіппенің бір шетіне бекітілген қағаз кесіндісі арқылы көрсетуге болады.



Дыбысты қума толқын ретінде көрсететін анимация:
http://www.physicsclassroom.com/class/sound/u11l1c.cfm
Қума қозғалыстың анимациясы
http://www.acs.psu.edu/drussell/demos/waves/wavemotion.html






9.2.5.20 - әртүрлі ортадағы дыбыс толқындарының таралу ерекшеліктерін түсіндіру;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет