тікелей салықтарға корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушыларға салық, әлеуметтік салық, жер салығы, көлік құралдарына салық, мүлік
салығы және басқалары жатады.
Жанама салықтар – бұл тауарлар мен қызметтерді өткізу, экспорттық-импорттық және сол сияқты операцияларымен байланысты тауар бағасына үстеме немесе пайыз қосу арқылы алынатын салықтар. Қазақстанда жанама салықтарға қосылған күн салығы мен акциздер жатады.
3.Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру
3.1ҚР-да зейнетақымен қамсыздандыру заңы
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың:
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;
Жасына байланысты зейнетақы төлемдері;
Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері;
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері;
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері;
Зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру ұйымдарынан сақтандыру төлемдері түріндегі зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар.
Бір мезгілде жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы бар адамдарға олардың қалауы бойынша зейнетақы төлемдерінің осы түрлерінің біреуі тағайындалады. Зейнетақы төлемін алушылар 2 млн. астап адамды құрайды.
Базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты (зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі – бұл 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі және 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысудың нақты өтілі). Міндетті жарналарды жүзеге асыру кезеңі міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы орталықтандырылған деректер базасының мәліметтерімен расталады.Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 және одан аз жыл болған кезде базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі – ЕТКД) 60% - на 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін базалық зейнетақы мөлшері 2% – ға ұлғаяды, бірақ ЕТКД – дан 100% аспайды (01.01.2023 жылдан бастап 1 ЕТКД – 40 567 теңге).
Зейнетақы төлемі (ынтымақты) еңбек өтіліне (1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде 6 ай қажет) және 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс үзілістеріне қарамастан кез келген үш жыл қатарынан орташа айлық табысқа байланысты.
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) 55 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс (01.01.2023 жылдан бастап 1 АЕК – 3 450 теңге).
Еңбек өтілі еңбек кітапшасымен расталады, ал еңбек кітапшасы немесе онда тиісті жазбалар болмаған кезде жұмысы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар не соттың шешімі негізінде белгіленеді.
3.2 Қор көрсеткіштері
Қордың зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштері
Қорытынды
Осы сараптама арқылы біз ҚР нормативтік-құқықтық базасымен таныстық оның ішінде: «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» ҚР Заңы; «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңы; «Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы және т.б. туралы жалпы қысқаша түсінік қалыптастырдық. Сонымен қатар экономикалық және қаржылық талдаудың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып тәжірибелік есептер шығаруды меңгеруге бастау алдық. Қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістерін қолданып, олардың нәтижелерін талдадық өңдедік.
Қолданылған әдебиеттер
«Экономикалық теория» оқулық А.Н. Доғалов; Н.С Досмағамбетов
БЖЗК, https://www.enpf.kz сайты
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» ҚР Заңы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңы
- «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы.
- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |