Тұрақты салық мөлшерлемелері табыстар көлеміне байланысты емес салым бірлігіне абсолюттік сомамен белгіленетін мөлшерлемелерді білдіреді.
Үдемелі салық мөлшерлемелері табыстын өсуіне байланысты артып отыратын салықтың орташа мөлшерлемесін білдіреді.
Кемімелі салық мөлшерлемелері табыстың өсуіне байланысты төмендей беретін салықтын орташа мөлшерлемесін білдіреді.
2.2 Салық кодексі
Қазақстан Республикасының жаңа Салық Кодексінде салықтардың, алымдардың және төлемдердің келесідей түрлері бекітілген:
Салықтар:
-корпорациялық табыс салығы; -әлеуметтік салық;
-көлік құралдарынын салығы; -жер салығы;
-жеке табыс салығы; -мүлік салығы;
-қосылған күн салығы; -ойын бизнесіне салық;
-Акциздер; -тіркелген салык;
-экспортка деген ренталық салық; -бірыңғай жер салығы.
-жер пайдаланушыларына салық;
Бюджетке теленетін баска да міндетті телемдер:
Мемлекеттік баждар; Тіркеу алымдары; Қазақстан Республикасының территориясы бойынша автокөлік құралдарымен жүргені үшін алымдар;
Аукциондардан алымдар; Қызметтін жекелеген түрлерімен айналысуға құқығы үшін Лицензиялық алымдар; телевизиялық және радиолық таратқыш ұйымдардың радио-жилік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алымдар;
Жер төлімдерін пайдаланғаны үшін төлемдер; Су ресурстарын пайдалантаны үшін төлемдер; Қоршаған ортаны пайдаланғаны үшін төлемдер; Жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін төлемдер; Орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер; Ерекше қорғалатын табиғи территорияларды пайдаланғаны үшін
Төлемдер;
- қалааралық және халықаралық телефондық байланысты және ұялы байланысты қолданғаны үшін төлемдер; Кемелік су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемдер; Сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемдер.
Салықтар құрылымында маңызды орынды тікелей және жанама салықтар алады. Тікелей салықтар деп біз салық салу объектісі ретінде физикалық және заңды тұлғалардың табысынан (пайдасынан), табиғи ресурстардан және табыс табуға мумкіндікберетін басқа да факторлардан алынатын салықтарды атаймыз.
Қазақстан Республикасында
Достарыңызбен бөлісу: |