Ф-ӘД-001/046
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР» ФАКУЛЬТЕТІ
«ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЫМДАР» КАФЕДРАСЫ
Барлық мамандықтарға арналған
Kul 1108 МӘДЕНИЕТТАНУ
пәнінің
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Түркістан – 2020
Ф-ӘД-001/043
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Әлеуметтік ғылымдар факультеті
Қоғамдық ғылымдар кафедрасы
Білім беру бағдарламасы пәндерінің оқу және ғылыми әдебиеттермен
қамтамасыз етілу картасы (кітапханалық қормен бірге)
20___ - 20___ оқу жылы
№
|
Оқулық, оқу құралы, оқу-әдістемелік нұсқаулар
|
Автор
(лар)ы
|
Оқу
лық
тілі
|
Баспа атауы, мерзімі,
жылы
|
Қамтылу дәрежесі
%
|
Кітапхана
да
|
|
1
|
Семиосфера
|
Лотман Ю.М
|
қазақша
|
Алматы. «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. 640б
|
10
|
100%
|
2
|
Философияның қысқаша тарихы
|
Джонстон А
|
қазақша
|
Алматы. «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. 640б
|
10
|
100%
|
3
|
Өнер тарихы
|
Он томдық.
4-том.
|
қазақша
|
Алматы:«Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. 580б
|
10
|
100%
|
4
|
Философияның таңдаулы 25 кітабы
|
Реми Хесс
|
қазақша
|
Алматы:«Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. 580б
|
10
|
100%
|
5
|
Қазақстанды Үшінші жаңғыртудың әлеуметтік-мәдени аспектілері: монография
|
Бабақұмаров.Е.Ж
|
қазақша
|
Астана:Еуразиялық интеграция институты, 2018ж – 216 бет
|
2
|
100%
|
6
|
Нұрсұлтан Назарбаевтың идеялары – тәуелсіз Қазақстанның идеологиясы
|
Үсенов С.А
|
қазақша
|
Алматы. 2016ж -284 бет
|
4
|
100%
|
7
|
Тәуелсіз Қазақстан мәдениеті:
жылнама құжаттары: Құжаттар жинағы
|
Аяған.Б.Ғ Әбженов.Х
Махат.Д.
Аяғанин.Ғ
|
қазақша
|
Алматы. Раритет
2011ж - 320бет
|
4
|
100%
|
8
|
Ежелгі Шығыс мәдениеті: мәдениеттану мамандықтарына арналған оқулық
|
Жамалов Қ
|
қазақша
|
Алматы. ЖШС РПБК «Дәуір». 2011ж - 280бет.
|
4
|
100%
|
9
|
Мәдениеттану
|
Сәрсенова Ж.Н
|
қазақша
|
Алматы. Нур-Принт. 2011ж 320 бет
|
10
|
100%
|
10
|
Мәдениеттану
|
Нағымұлы Ш
|
қазақша
|
2-басылым. «Фолиант» баспасы. Астан 2010ж
312 бет
|
10
|
100%
|
11
|
Әлемдік мәдениет-
тану ой-санасы
Тіл және мәдениет
|
Он томдық. 6-том
|
қазақша
|
Алматы. Жазушы. 2005ж -568 бет
|
2
|
100%
|
12
|
Әлемдік мәдениет-
тану ой-санасы
Дәстүр: ұғым мен тәсіл
|
Он томдық. 3-том
|
қазақша
|
Алматы. Жазушы. 2005ж -504 бет
|
2
|
100%
|
13
|
Әлемдік мәдениет-
тану ой-санасы.
ХХ ғасырдағы Ресейдің мәдениеттанулық ойлары
|
Он томдық. 9-том
|
қазақша
|
Алматы. Жазушы. 2005ж -560 бет
|
2
|
100%
|
14
|
Мәдениеттану
|
Ғабитов.Т.МүтәліповЖ.М., Құлсариева А.Т
|
қазақша
|
Алматы. Раритет. 2004 – 416 бет.
|
10
|
100%
|
15
|
Культурология: Учебное пособие для вузов
|
Под ред. профессорА.Н.Марковой
|
орысша
|
3-е изд. Москва: Юнити-Дана, 2003 – 319стр
|
2
|
100%
|
16
|
Культурология: Учебник
|
Гуревич П.С
|
орысша
|
3-е изд. М: Гардарики, 2000. 280стр
|
2
|
100%
|
17
|
Культурология: Учебное пособие для студентов высших учебных заведений
|
Кравченко А.И
|
орысша
|
Ростов на Дону. «Феникс». 2000-608стр
|
2
|
100%
|
Кафедра меңгерушісі: ____________ А. Малдыбек
(қолы)
Пән оқытушылары: ____________ Р. Оңалбайқызы
(қолы)
____________ А.Қожан
(қолы)
Ақпараттық ресурстық орталық
кітапхана директоры: ____________ А.Абсеметова
(қолы)
Ф-ӘД-001/046__ҚОЖА_АХМЕТ_ЯСАУИ_АТЫНДАҒЫ_ХАЛЫҚАРАЛЫҚ_ҚАЗАҚ_-_ТҮРІК_УНИВЕРСИТЕТІ__ӘЛЕУМЕТТІК_ҒЫЛЫМДАР_ФАКУЛЬТЕТ'>Ф-ӘД-001/046
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТ
ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЫМДАР КАФЕДРАСЫ
Барлық мамандықтарға арналған
МӘДЕНИЕТТАНУ пәні бойынша
лекция жинағы
Түркістан – 2020
Ф-ӘД-001/046
Лекция жинағы жоғары оқу орнындағы білім беру бағдарламасы бойынша барлық мамандықтардың білім алушыларына арналған.
Лекция жинағын дайындаған: магистр оқытушы: Р.Оңалбайқызы
магистр оқытушы: А.Қожан
Лекция жинағы кафедраның «____» ____ 20____ ж. мәжілісінде талқыланды.
(№ хаттама)
Кафедра меңгерушісі: филос.ғ.к., профессор м.а. А.Малдыбек
Әлеуметтік ғылымдар факультетінің № ___ хаттамасы. «_____» _____ 20_____ ж.
Факультеттің академиялық комитет кеңесінде қаралып, мақұлданды.
Факультеттің академиялық комитет кеңес төрайымы: аға оқытушы А.Алимбаева
Ф-ӘД-001/046
№1 Лeкция caбaғының тaқыpыбы: Мәдениет морфологиясы.
1. Мәдениет морфологиясы: мәдени формалардың көптүрлілігі мен мәдениеттің күрделі құрылымы
2. Мәдениеттану пәнінің мақсаты мен міндеттері.
3. Қоғамдағы мәдениет қызметтері
4. Мәдениет – адам дамуының өлшемі.
Лекцияның мақсаты мен міндеттері:
Мәдениеттану ғылымының дүниeтaнымдық epeкшeлiгi мeн филocoфиялық көзқapacтapын бoлaшaқ мaмaндapғa ғылыми тұpғыдaн capaптaмa жacaй oтыpып түciндipу.
Лeкция мазмұны:
1. Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу, тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста болу, т.б. Бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге тікелей байланыста. әр қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер пайда болады, өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейінірек те білімнің қалыптасып, жазудың шығуы жаңа талап қойды. Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды. Информатика дамыды, оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттігі туды. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне, талабына сәкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты. Адам, оның қызметімен өзара қатынасы бар жерде мәдениет бар. Бірақ материалдық және рухани мәдениетті бір-бірінен ажырата білу қажет. Мәдениет материалдық және рухани: бірі-материалдық өндірістің, екіншісі-рухани өндірістің өнімі деп қаралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімдері – еңбек құралдары және көркем шиғырмалар әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Олай болса материалдық және рухани мәдениеттің қызметтік ерекшеліктері бар екен. Сонымен қатар бұл екеуі – материалдық және рухани мәдениет тұтастыққа ие. Материалдық мәдениетті мәдениетке айналдырған адамның идеясы мен білімі, ал рухани мәдениеттің өнімі материалдық нысанда болады, соның нәтижемінде ол объектіге айналуы мүмкін және қоғамдық өмірдің факторы болып қалады. Сондықтан мәдениетті материалдық және рухани демей-ақ, тұтас бірлікте алып қарауға да болады. Мәселе бұларды ажыратуда емес, бүкіл қоғамның дамуына сәйкес, органикалық бірлігін мойындауда. Өміршең мәдениет қоғамдық адамнан ажыратылмайды, адам – мәдениет субъектісі. Оның адамдық сапасы тілді игерудің нәтижесі, қоғамдық өмір сүретін құндылықтарға, әдет-ғұрыпқа ену, осы мәдениетке тән іс-әрекеттің дағдысын бойына сіңіруі. Мәдениет-бұл бейбітшілікті игерудегі адамдардың белсенді шығармашылық қызметін көрсететін материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы болып табылады. Яғни, мәдениет - бұл идеялар, материалдық нысандар, технологиялар жиынтығы болып келеді.
Ф-ӘД-001/046
Мәдениет – адамдықтың өлшемі, ол адамның қоғамдық мән есебінде дамуын сипаттайды. Сондықтан мәдениет адаммен тікелей қатынаста өмір сүреді. Ол қатынастың мәні мынада, адам бұрыннан жасалып келген мәдениетті бойына сіңіреді, қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің алғышартына айналдырады. Сөйтіп өз білімін, икемін, қабілетін дамыта отырып, өзінің мәдениетті, адамдық мәнін жасайды. Материалдық мәдениетсіз рухани мәдениет қалыптаспайды. Мысалы, радио, теледидар, компьютер, түрлі ғимараттар, мұражайлар сияқты түрлі материалдық игіліктер арқылы рухани мәдениет таралды. Би, ән айту, жыр жырлау құралсыз іске асырылмайды. Ел мәдениеті неге байланысты? Олар театрларға, басқа да мәдени ошақтарға, сән-салтанатты, барлық жағдайы бар демалыс орындарына, т.б. байланысты. Оларды игілікке пайдалана білу де мәдениеттің бір саласы. Сөйтіп, материалдық және рухани мәдениет тікелей байланысты екен. Одан шығатын қорытынды, мәдениет – қоғамның материалдық және рухани байлығының жиынтығы. Қоғамның материалдық дәрежесі жоғары болған сайын рухани өмір де жоғары болмақ. Біздің қазіргі қоғамдағы қиын жағдай осы өтпелі кезеңде туып отыр. Біріншіден, қаражаттың жетіспеуінен көптеген мәдени ошақтар асып-тосып, істен шығуда. Ауылдық жерлерде клубтар, кітапханалар жабылып жатыр. Қалалы жерлерде кинозалдардың, театрлардың материалдық негізі құлдырап, төмендеді. Екінші жағынан, жалақының аздығынан көптеген талант иелері сауда-саттыққа ауысып кетті. Мәдениет – кеңінен қолданылып, күнделікті тұрмыста жиі айтылып жүрген сөз. Адамзаттың ертеден өмір сүріп келе жатқанындай мәдениет те ертеден келеді. Мәдениет – деген сөз өзінің толық мағынасында адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең. Мәдениет дегеніміз – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді. Рухани дәстүрлер істерінің құпиясы сақтай білу өнеріне байланысты, яғни оның мәнісін сәл жоғалта отыра мәдени құбылыстарды уақыт талабына орай қайта түлете білуде. “Сақтау” сөзінен шыққан “храм” сөзінің әртүрлі халықтардың мәдениетінде дәстүр жай ғана жасалып қоймай жанды дүние ретінде нақты әсер етуін жалғастыратын қасиетті орынды білдіруі тегін емес. Көне Римдіктер Эллиндерге осындай көзқараспен қарады. Қайта өрлеу дәуірі өз мұраттарын көне классикада ХХ ғасырдағы романтиктер Орта ғасыр әлемінде жоғалтты, ал ХХ ғасырдағы Еуропалықтар жұртшылық Көне Шығыстың мұрасына бас назар аударды. Дәстүрдің өмір сүру үшін тәжірибенің ұрпақтан-ұрпаққа сенімді берілуін күшейту қажет, яғни оны қайта түсіндіру мен бұрмалаушылықтан сақтау қажет. Мәдениеттің сан-салалығы, ол шешетін міндеттердің әртүрлі оның сан-алуан компоненттері мен бөлімдерін құрайтын құрылымды күрделендіре түседі.
Мәдениет морфологиясы: мәдени формалардың көптүрлілігі мен мәдениеттің күрделі құрылымы: Мәдениеттің сан-салалығы, ол шешетін міндеттердің әр түрлілігі оның сан алуан компоненттері мен бөлімдерін құрайтын құрылымды күрделендіре түседі. Мәдениетті әлеуметтік қызметтің бір түрі ретінде қарастырғанда мынадай екі ерекшелік байқалады:
- Мәдениетті нормалардың, әдістердің, рәсімдердің жиынтық процесі ретінде қарастыратын субъектілік, қызметтік ерекшелік;
- Мәдениетті мәдени процестің, шығармашылық қызметтің белгілі бір қортындысы, нәтижесі ретінде қарастыратын объектілік, құндылықтық көзқарас:
Бұл жағдайда мәдениет материалдық және рухани құндылықтардың тарихи қалыптасқан жүйесі ретінде көрінеді.
Мәдениет әлемі екі қосалқы жүйеге бөлінеді:
материалдық және рухани құндылықтар; – мәдениеттің материалдық тұрпатына әдетте техниканың, еңбектің, тұрғын үйдің жағдайы, киімнің сипаты, сондай – ақ мемлекеттік
Ф-ӘД-001/046
жүйе, сот өндірісі, армия білім жүйесі сияқты организмдер жатады; – мәдениеттің рухани көрінісіне ғылым жетістіктері, өнегелік, өнер, дін, құқықтық және саяси сана, тиісті идеялар, нормалар, теориялар жатады.
Мәдениеттің құрылымы оның тиімділік, жүйелелік деңгейі тұрғысынан берілуі мүмкін. Осы көзқарас тұрғысынан ол екі қосалқы жүйеге бөлінеді: – ғылыми, тиімділігі жоғары, теориялық сана; – әдеттегі, жүйесіз, қас-қағым сәттік сана, онда көңіл-күй сәттерінің, нанымның ролі орасан зор. Мәдениет жеке дара емес. Ол әрқашанда басқа мәдениеттер мен байланыса отырып тіршілік етеді. Әрі соның нәтижесінде жетістіктерге де жетеді. Осы орайда батыс ғалымы Э.Гуссерльдің “Философия және еуропалық адамзаттың дағдарысындағы” атты еңбегінде: “Мәдениеттің мазмұны адамзат өмір сүруінің бірлескен тәжірибесімен анықталады”- деген. Расында, мәдениет дегеніміз - адаммен қатарласа өмір сүру мүмкіншілігінің табиғи тәсілі. Мәдениеттер сұхбаты мәдениеттерді байытады, өйткені “Басқа-менің шегім емес, менің басқа мүмкіншілігім” мұндай қоғамда қағида болмасын, мәдени-әлеуметтік өзімшілдікке жол бермейді. Олай болатын болса, бүгінгі таңда өркениет аралық, халықаралық, ұлтаралық және т.б. шиеленістерді тежеудің бірден-бір пәрменді құралы мәдениеттер сұхбаты болып табылады. Мәдениет шынайы адамдық құбылыс, адам бар да мәдениет бар. Адам о, баста өз-өзімен ғана шектеле алмайды, қашанда өзінің нақты болмасынан құбылысының мәнін ашуға көмектеседі. Ал мәдениеттің мәні оның болмыстық сұхбаттылығында, әмбебаптылығында.
“Мәдениет жеке адам ретінде тұлғаландырылғанда, ал мәдениеттер қарым-қатынасы жеке тұлғалар қарым-қатынасы ретінде қарасытырылғанда ғана мәдениет шынайы мәдениет болып есептеледі.
“Белгі” – сезіммен қабылданатын, басқа бір зат, құбылыс, қатынастың өкілі түрінде көретін нәрсе. Белгі – ақпараты қабылдау, сақтау, өңдеу және беру үшін қолданылады. Контекстке байланысты әр түрлі түсіндірілетін және көп мағыналы таңбаға қарағанда белгінің кесімді анықталған бір мағынасы бар. Тілдік және тілдік емес белгілерді ажыратады. Тілдік белгілер бір-біріне тәуелсіз емес және белгілі бір құрастыру, түсіну және қолдау ережелеріне сай тұтастықты қалыптастырады. Нәрсе туралы ақпаратты сол нәрсені қабілеттілігі абстаркты-ұғымдық ойлаумен байланысты адамзаттың мәдени тарихындағы маңызды жетістік болды. Көркем мәдениет саласында өнердің ерекшелігінен пайда болған әрбір өнер түрлерінің өзіндік бейнелеу–белгілеу жүйелері бар. Бояулы сурет өнерінде белгілік құрылымдарға жататындары: сықақ, түс, ырғақ, композиция. Олардың нақтылы тоғысуы белгілі бір мазмұнды, яғни көркем ақпаратты білдіретін белгі жүйесін құрастырады. Заманның мәдени-көркем стилінің белгі жүйесін талдау оның дәлдік типтерін аңғаруға негіз болды. Оның өзі адам санасына тән сол дәуірдегі әлем бейнелерімен танысуға мүмкіндік береді.
Рәміз – (символ) жалпы мағынасы өте кең. Сондықтан да біз рәміздің бірден екі қырын ажыратуға тиіспіз: біріншіден мәнін, ал екіншіден осы мәннің түсіндірілуін. Рәміздің түсіндіретін эстетикалық аппарат адамның қабылдау мүмкіндігінен біршама жоғары еркіндік деңгейінің үлкен санына ие.
Рәміз ең алдымен бар-жоғы қандай да бір белгі-бұл материалдық зат (құбылыс, оқиға). Ол кейбір басқа заттың, ерекшеліктің немесе қарым-қатынастың объективті орынбасары ретінде іс-әрекет етеді және ақпаратты алу, сақтау, өңдеу және беру үшін пайдаланылады (ақпарат, білім). Ол зат бейнесінің осы қоғамдық атқарушысы оның функционалдық міндетімен шектеледі. Адамның күнделікті өмірі рәміздер мен белгілерге толы. Олар белгілі бір жайтқа рұқсат ете немесе тыйым сала отыра, оның мағынасын білдіре және толтыра отыра адамның өзін-өзі ұстауын реттейді.
Мысалы: шеңбер мәңгілік рәмізі ретінде, үшбұрыш – үшбірлік рәмізі, түлкі қулық рәмізі ретінде алынады.
Мәдениетке философиялық көзқарас қоғам өмірінде мәдениеттің негізін немесе оның даму себебін құрайтын кейбір заңдылықтарды бөліп көрсетеді. Бұл мәдениет құбылыстарының сыртқы сипаттамасы немесе аударылуы емес, қоғамда болып жатқан процестердің мәніне ену.
Достарыңызбен бөлісу: |