Білім беру бағдарламасы пәндерінің оқу және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы



бет7/91
Дата11.01.2022
өлшемі300,33 Kb.
#111077
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   91
Байланысты:
Мәдениеттану кешені-2019

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1. Лотман Ю.М. Семиосфера. – Алматы:«Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019ж. 640б.

2. Джонстон А. Философияның қысқаша тарихы. Алматы. «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019ж. 640б.

Қосымша:

1. Ғабитов Т.Х., Құлсариева А, Мүтәліпов Ж. Мәдениеттану. Алматы. 2014ж.

2. Құлсариева А., Ғарифолла Есім, Ғабитов Т.Х. Мәдениеттану. Алматы. 2006ж.

3. Төкенов Ө. С. Жаңақұлов А. Мәдениеттану негіздері. Алматы.1999ж.



Ф-ӘД-001/046

2 Лeкция caбaғының тaқыpыбы: Мәдениет тілі.

1. Тіл адамның ең басты негізгі қозғаушы күші және қарым-қатынас құралы ретінде

2. Мәдениет тарихының даму кезеңдері.

3. Мәдениет және өркениет ұғымдары.

4. Әлемдік мәдениет және жаһандану мәселесі



Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Тіл – мәдениетті танытушы құрал ғана емес, тілдің бойын­да оның (мәдениеттің) арқауын құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың ізін айқындап тұратын ұлы күш. Ұлттық мәдениеттің тірегі тілде. Қазақ халқының этностық, ұлттық мәдениеті, негізінен тілде көрініс тапқан. Осы орайда тіл – ұлттық болмысымен қалыптасқан төл мәдениетіміз сақталған негізгі көздердің бірі болып табылады.

Лeкция мазмұны: Қазіргі тіл біліміндегі зерттеулерде қарастырылып жүрген жаңа бағыттың бірі тіл мен мәдениет байланысына арналған. Көптеген зерттеу еңбектерінде тілдегі ұлттық танымды, ұлттық рухты, ұлттық құндылықтарды дамытуға бағытталған жұмыстар сөз болып келеді.

1. Тіл – мәдени мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырушы құрал. Тілші-ғалым Ә.Қайдар: «Кез келген тілдің қоғамда өзара байланысты үш түрлі қызметі бар. Оның басты қызметі – коммуникативтік, яғни қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатынас жасап, бір-бірін түсінуі, пікір алысуы үшін қажетті қызметі. Оның екінші қызметі – көркем шығарма тіліне тән, адам баласына образ арқылы ерекше әсер ететін, ләззат сыйлайтын эстетикалық қызметі. Тілдің бұл қызметі, әрине қаламгердің шеберлігіне, сөз саптау мәдениетіне тікелей байланыс­ты. Ал тілдің үшінші бір қызметі, ғылыми терминмен айтқанда аккумулятивті қызметі деп аталады. Ол – тілдің ғасырлар бойы дүниеге келіп, қалыптасқан барлық сөз байлығын өз бойына жиып, сөйтіп оны келешек ұрпаққа асыл мұра ретінде түгел жеткізіп отыратын қасиеті…тіл фактілері мен деректері – тұла бойы тұнып тұрған тарих. Сондықтан этностың өткендегі тарихы мен этнографиялық байлығын біз ең алдымен содан іздеуіміз керек» дейді.

Олай болса, мәдениет пен тілдің бір-бірімен байланысы күрделі, өте тығыз. Мәдениет адам қолымен жасалатын материалдық құндылық болғандықтан, ол таза табиғи үдеріс ретінде таныла алмайды. Себебі тіл адам баласына берілген рухани құндылық. Бір қырынан алғанда, мәдениет пен тілдің байланысы мазмұн мен пішіннің байланысы секілді. Тіл – мәдениеттің өмір сүру формасы болса, мәдениет – оның ішкі мазмұны. Сондықтан да, тіл мен мәдениетті бір-бірімен бөліп қарауға болмайтын құбылыс деуімізге болады. Батыс ғалымы Э.Сепир тіл мәдениеттің біртұтастығын ашып көрсететін маңызды әдіснамалық көзқарастарын ұсына отырып:«Мәдениет белгілі бір қоғамның әрекеті мен ойлауының көрінісі, ал тіл қалай ойлаудың көрінісі. Ендеше, тіл мазмұны мәдениеттің бөлінбейтін бөлшегі», деген қорытынды жасайды. Тіл ойды жеткізу мен қарым-қатынас жасаудың құралы ғана емес, мәдени білім аккумляциясының да басты құралы болып саналады. Күрделі таңбалық жүйені құрай отырып, тіл қандай да бір мәліметті жеткізу, сақтау, қолдану, қайта жаңғырту қызметін атқарады. Мәдениет те тіл секілді белгілі бір хабарды жеткізу қабілеті бар таңбалық жүйе (семиотикалық) болып табылады, алайда ол тілге қарағанда өзін-өзі ұйымдастыруға қабілетсіз, себебі мәдениет ең алдымен – жады, оның басты қасиеті – жинақтау, сақтау және абсолюттік жалпы қауымдастыққа талпыну. Өзінің абсолюттік ерекшеліктерін танытуға талпынатын тұлға қарым-қатынасқа түспей, мәдени диалог жасамайтұра алмайды. Сондықтан «тіл – ұлт (ұлттық тұлға) – мәдениет» - бүгінгі лингвомәдениеттанудың орталық үштігі, ғылымның осы саласындағы маңызды мәселелерді шешуге мұрындық болатын фокус.

Бүгінде тіл негізгі коммуникативтік құрал ғана емес, адамның бүткіл болмысын, адамның мәдениетін аңғартатын әмбебап ұғым. Фрейдизм, феноменология, экзистенциализм, аналитикалық философия, герменевтика, структурализм, семиология, т.е.с. бір ауыздан мәдениетті тілдік қарым-қатынас саласы ретінде анықтайды. Рухани әлемдегі мұндай өзгерістердің лебі мәдениеттану саласынан да байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет