Ф-ӘД-001/046
мәтіндер жиі жойылып отырған, ал қымбат пергамент монастырь жазбалары үшін қолданылды.
ІХ ғасырдың екінші жартысында англияда азаматтық мектептер ашыла бастады. Бірақ VІІІ-ІХ ғасырларда мәдени өмірдегі өсу Х-ХІ ғасырларда тоқтады. Шіркеу, дін иелерінің сауатсыздығы, надандық кеңінен тарады. Шіркеу, монастырь жанындағы шеберхана скрипторийлер де құлдырай бастады. Ол жерде қолжазбалар және шіркеу-монастырь кітапханалары қайта көшіріліп отырған. Кітаптар аз және өте қымбат болған. Бірақ Европаның кейбір елдерінде оқытудың жоғары деңгейі сақталды. Х-ХІ ғғ. Испанияның жоғары мектептерінде философия, математика, физика, астрономия, медицина, құқық және мұсылмандық дін ілімі оқытылды.
1088 жылы Италияда Болон құқықтық мектептің негізінде алғашқы университет ашылды. Англияда бірінші университет 1167 жылы Оксфордта, ал кейін 1209 жылы Кембриджде ашылды. Францияның ең ірі және бірінші университеті 1160 жылы Парижде ашылды. Онда төрт факультет болды: жалпы білімдік, медицина, құқық және дін ілімі. Оқыту бүкіл Батыс европадағыдай латын тілінде жүргізілді.
XV ғасырда Еуропада 65 унивеситет болды да, онда дін ілімнен басқа, заң, медицина, өнер, бертін келе жаратылыстану ғылымдары да оқытылды. Университет, арнайы мамандандырылған ұжым ретінде, ортағасырда ойлап табылған ең ұлы жаңалық деп айтуға болады.
Орта ғасыр Европа мәдениетінің маңызды саласы әдебиет болды. Ерте орта ғғ. ауыз әдебиеті, поэзия, эпос кең танымал болды. Ол негізінен англия мен Скандинавия елдеріне қатысты болды. Ағылшын-сакс батырлық эпосының үлкен шығармасы «Беовульф» поэмасы болатын, ол 700 жылы жазылған. Скандинавия поэтикалық жырларының маңызды шығармасы «Үлкен Эдда», ол ежелгі норвегиялық және исландиялық құдайлар мен батырлар туралы өлеңдер жинағы болып табылады. Скандинавия халықтарының әдебиетінде Исландия сагаларының орны ерекше, оның ішінде ең атақтысы «Ыржық Сары Эрик туралы сага». Ол исландиялықтардың Гренландия мен Солтүстік Американы ашқаны туралы жырлайды. Осы дәуірде рыцарьлық әдебиет пайда болды. Ең атақты шығармалардың бірі «Роланд туралы өлеңдер» атты француз батырлық эпосы болып табылады, онда граф Роландтың батырлық ерліктері және Испанияға жасаған жорығында қайтыс болғаны туралы айтылады. ХІІ ғ. рыцарьлық романдар шықты. Атақты романдардың қатарында өлеңмен жазылған «Британ королі Артур туралы» шығарма болатын.
ХІІІ ғ. ағылшын әдебиетінің маңызды ескерткіші «Робин Гуд туралы балладалар» болып табылады. Бұл шығарма әлі күнге шейін әлем әдебиетінің ең белгілі шығармаларының бірі болып отыр. Бұл кезеңдегі италиан әдебиеті негізінен лирикалық поэзиядан тұрған - өлеңдер, балладалар, сонеттер болды. ХІІІ ғ. ортасында Италия әдебиетінде жаңа «тәтті стиль» пайда болды, ол әйелге деген махаббатты жырлады. Ол стильдің негізін қалаушы Болон ақыны Гвидо Гвиницелли (1230-1276 жж.), ал ең көрнекті өкілдері Брунетто Латини мен Гвидо Кавальканти болған. Осы дәуірде Италияда қалалық әдебиет дамыды. Оған күнделікті қалалық тұрмысты шынайы суреттеу тән болды. Оның көрнекті өкілдері Чекко Анджольери, Гвидо Орланди т.б. болды. Қалалық әдебиеттің дамуы европалық қоғамда жаңа мәдени құбылыс – қалалық мәдениеттің пайда болуына әкелді. Ол жалпы Батыс мәдениеті мен өркениетінің қалыптасуына зор әсер етті. Қалалық мәдениеттің мәні адамзат тұрмысының барлық саласында зайырлы, азаматтық белгілердің үнемі көбейіп отыруына негізделді.
Францияда қалалық мәдениет ХІ-ХІІ ғғ. қалыптасты. Бұл кезеңде ол жонглерлар шығармашылығымен көрініс тапты, олар қалалық алаңдарда актер, акробат, музыкант, әнші, жануарларды қорықтаушы ретінде өнер көрсетті. ХІІ ғ. ортасынан бастап театрлық көріністер латын тілінде емес, француз тілінде және шіркеуде емес қалалық алаңдарда қойыла бастады.
Театр өнері Англияда да дамыды, ХІІІ ғ. бастап қойылымдар ағылшын тілінде өте бастады. Осы кезде моралитте атты ерекше драмалық жанр кең етек алды, онда жақсылық
Достарыңызбен бөлісу: |