Ф-ӘД-001/046
Фердинанд де Соссюр айтқан. Соссюр таңбалар қандай параметр арқылы яғни таңба прагматикалық және синтактикалық бағытта өзгеретіндігін айта отырып, сол таңбалар жүйесінің өзгеруіне анализ жасап, тіл білімінде таңбалардың орнын анықтаған. Таңбаның семиотикада алатын орны және таңбаның салмағы ӛте маңызды. Мысал ретінде Соссюр шахмет ойынын келтіреді. Шахмат ойынында фигуралар өзінің орнында тұрады. Бірақ егер фигуралар орнынан қозғалған жағдайда ойын барысы өзгереді. Пешка фигурасы таңбалық белгіде салмағы жегіл ал егерде сол пешка көлденең сегіз шақпақ жүрсе карольден басқа барлық фигураға айнала алады. Менің ойымша, бұл таңбаның салмағын анықтап тұр демек барлық таңбаларда осындай өзгеріс бола алады. Таңба белгілі бір жүйеге түсіп қосымша сапа алып, оның салмағы белгіленеді. Сөз таңбаның басқа таңбалармен байланысы емес таңбаның адам өмірін әсері туралы. Сонымен жүйеге кірген әрбір таңбаның өзінің сыртқы және ішкі мағынасы болады. Таңбаның ішкі мағынасы таңбаның екінші бір таңбамен байланысының орнын қалыптастырады. Бұл негізіне лингвистикада көптеп кездеседі, айтар болсақ әрбір сөздің бірнеше мағынасы энциклопедияда жазылған. Фердинанд де Соссюр көтерген және өз көзқарасын баяндаған проблемалар көп, солардың бастыларына төмендегілерді жатқызуға болады. Фердинанд де Соссюр «Тіл – идеяны білдіретін таңбалар жүйесі» дейді, оны өмірде қолданылатын басқа әр алуан таңбалармен қатар қоюға, жазумен, мылқауларға арналған әліппемен, символикалық әдет – ғұрыптарымен, әдептілік, сыпайгершілік формалармен, әскери сигналдармен, тағы басқалармен салыстыруға болады. Таңба өзі білдіретін идеямен емін – еркін және шартты қатынаста болады. Емін – еркін болатын себебі таңбаланушы таңбалаушының мәнін ашып бере алмайды дейді. Ф. де Соссюр көтерген төртінші проблема «Тіл және сөйлеу мәселесі». Ол тіл мен сөйлеу бір – бірімен байланысты, бірақ бір – бірінен өзгешеліктері бар, екі бөлек дүние. Сөйлеу – тілді қолданудың нәтижесі, ол – индивидуалдық, ал тіл – қоғам мүшелерінің бәріне бірдей дәрежеде міндетті, өзара байланысты таңбалардың жүйесі. Тіл – әлеуметтік сипатқа ие дейді. Тіл мен сөйлеуді бір – бірінен бөліп қараудың ғылыми мәні зор, бірақ бұл екеуін бір – біріне қарсы қоюға болмайды. Сол сияқты, сөйлеудегінің бәрі таза индивидуалдық деу де асырып айтқандық. Әрбір сөйлеуші индивидум қоғамдық тілдегі бар материалдарды ғана пайдаланады. Мұндағы даралық сол материалдарды іріктеп, ерекшелеп алудан, лайықты жерге орналастырудан көрінеді. Ф. де Соссюр қарастырған тағы бір проблема – ішкі лингвистика мен сыртқы лингвистика. Фердинанд де Соссюр сырткы лингвистика тілді қоғам тарихы мәдениет тарихы, саясат, әдебиет, географиялық мекен – жай, диалектілік жіктермен байланыста қарап зерттейді, яғни тілді оның өмір сүруіне қажетті сыртқы жағдайлармен байланыста қарайды. Сыртқы лингвистика тіл жүйесінің, ішкі механизмін түсіндіре алмайды, оған қатынасы жоқ. Ал ішкі лингвистика тілдің құрылымын, жүйесін, яғни тілдің өзіне ғана тең ішкі мәселелерін, өзіндік ішкі заңдылықтарын зерттейді дейді. Тілдің өзіндік құрылымына тең ішкі мәселелермен қатар оған күшті әсерін, ықпалын тигізетін сыртқы құбылыстардың да болатыны даусыз. Тіл білімі үшін тілдің өзіндік құрылымын, ішкі жүйесін зерттеу қандай қажет болса, тілге әсерін, ықпалын тигізетін сыртқы жәйттерді зерттеу, білу де сондай қажет. Өйткені тілдің ішкі құрылымындағы көптеген құбылыстардың кейде одан сыртқы, яғни экстралингвистикалық жәйттердің әсерінен болып жататындығы талассыз. Фердинанд де Соссюр тілдің жүйесі жөніндегі проблеманы да ерекше сөз етеді. Ол: тіл – барлық элементтері бірігіп бір бүтін болып тұратын жүйе. Тілдік таңбалар – сол жүйенің құрамды элементтері. Жүйе элементтерін оларды біріне – бірін қарсы қойып қарау арқылы айқындауға болады. Сол арқылы тілдік таң –балардың маңызы мен рөлі танылады. Тілдік таңбалар, яғни жүйе элементтері өзара байланысты, шартты қатынаста болады. Бір – бірімен қарым – қатынасы арқылы олардың мағыналары түрленеді, мәні, құны айқындалады дейді. Тілдің өзіндік құрылымы бар жүйелі объект екені Ф. де Соссюрге дейін де сөз болған. Ол туралы В. Гумбольдт та біраз пікір айтқан. Бірақ Ф. де Соссюрдің олардан ерекшелігі ол тіл жүйесі проблемасын лингвистиканың ең өзекті объектісі деп санады, оны өзінің басқа бірсыпыра концепциясы
Достарыңызбен бөлісу: |