Білім беру бағдарламасы пәндерінің оқу және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы



бет21/91
Дата11.01.2022
өлшемі300,33 Kb.
#111077
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   91
Байланысты:
Мәдениеттану кешені-2019

Ф-ӘД-001/046

адамзатқа тән барлық қасиеттерді бір арнаға тоғыстыратын мазмұн мен мәннің бірлігінен тұрады. Тілдің мәні мен мазмұнын «Ұлы дала елінің» басты тұғырлары: жер, ел, ұлт, діл, дін деген ұғымдар ұстанымын елдік мүдде тұрғысынан іске асыратын «Мәңгілік ел» идеясының негізгі қағидалары айқындайды. Мемлекетіміз ұлттық сана мен ұлттық кодқа негізделген идеяны басшылыққа ала отырып, әлемдік өркениеттің озық үлгілерін меңгеру арқылы бәсекелестікке қабілетті елдер қатарынан орын алады. Қазақ елінің ұлттық коды – ұлттық тіл мен ұлттық руханият. Ұлттық руханиятты өрістетуге, өркендетуге бағытталған Алаш арыстарының еңбектері мен мұралар – Қазақстанның елдігі мен бірлігін сақтайтын, ұлттың білігі мен білімін арттыратын рухани тамырлар. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ə. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламамақаласында айтылған: «Əрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуі тиіс», – деген сөзі бірінші кезекте Алаш арыстарына қатысты. Қазақ елінің рухани алтын тамырына жататындар – ұлттың біртуар перзенттері – Алаш арыстарының ел, жер, ұлт, тарих, білім, ғылым, әдебиет, мәдениет және тіл туралы кейінгі ұрпаққа қалдырған мұралары. Аталмыш мәселелер жөніндегі Алаш арыстарының пікіркөзқарастары мен ұстанымдарын «Рухани жаңғыру» жағдайында «елдің дамуына, өркендеуіне тірек болатын мәдени-рухани негіз» деп қабылдаған жөн. Тіл - функция, семиотикалық кеңістіктің ұйыған түйірі болып есептеледі, ал олардың арасындағы шекаралар тілдің грамматикалық сипатында айқын болса, семиотикалық болмысты бейайқын және ауыспалы формаларға толы болады. Семиосферадан тыс коммуникацияда тіл де жоқ.

Бинарлық пен ассимметрия – нақты семиотикалық жүйені құрастырудың міндетті заңдары. Дегенмен бинарлық бұл көптік ретінде жүзеге асатын қағидат деп түсінген абзал. Өйткені қайта құрылған әрбір тіл өз кезегінде бинарлық негізінде бөлшектіліп кетеді. Кез-келген жанды мәдениетте оның тілдерін көбейту тетігі бар. Мысалы, ұдайы өнер тілдерінің саны өсіп бара жатқанына куә боламыз. Бұл әсіресе, ХХ ғасыр мәдениетінен және онымен типологиялық тұрғыда салыстырылатын бұрынғы мәдениеттерден айқын көрінеді. Семиозис кеңістігінде – әлеуметтік жас ерекшелігіне қарай айтылатын сөздерден тұрады және олар жыл өткен сайын жаңартылып тұрады. Нәтижесінде кез-келген жеке тіл семиотикалық кеңістікте байланысты болу арқылы жүзеге асады. Яғни, семиосфера – мәдениет дамуының әрі нәтижесі, әрі шарты болып келеді. Семиотикалық жүйені құрылымдық жағынан ұйымдастырудың жоғарғы формасы – өзін-өзі сипаттау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет