Ф-ӘД-001/046
дамуына үлкен қарқын береді. Ол адамның ақыл – ойы белгі, таңба арқылы туындайды және семиотика ғылымның адаммен үндесуін ретке келтіреді деп есептеген. Моррис семиотикаға «метабелгі» («метазнак») түсінігін енгізеді, ол – таңбаны белгілейтін таңбалар яғни бір таңба белгілі бір ойды емес бірнеше ойды білдіреді деп есептеген. «Таңбалар негізі туралы ілім» кітабындағы «Таңбаның табиғаты» бөлімінде Моррис айтады: «Таңба қызметін атқаратын процессті семиозис деп атар едім. Таңба белгіленген ойды емес, белгілі бір құпияны жасырады ол құпия салт – дәстүр немесе астарлы оймен байланысты болады. Демек таңба мен белгі белгілі бір нәрсеге емес белгілі бір мақсатта жасалады». Моррис өзінің таңба туралы ойын былай анықтайды: « «А» бұл белгі таңба болса, «В» ол назар аударушы. «В» ның «А» ға қатынасы ойды тудырып тұр» Чарльз Морристыың «таңба» туралы теориясын дәлелдеу үшін мысал келтірейік. Үйретілеген ит қоңырауды ести сала, тамағы құйылған тостағанға жүгіреді. Көлік жүргізушісі көше жабық екенің белгісін көріп, басқа көшеге түседі. Бірінші жағдайда қоңырау ол тамақтың, екінші жағдайда көше жабық деген белгі көлік жүргізушісіне ой салады. Демек «А» бұл жол жигіндегі көшенің жабық екенін білдіретін белгі болса, «В» ол көлік жүргізушісі. Моррис таңбалардың мағынасын зерттей отырып таңбаның белгілену қарай бес типін бөледі: 1) таңба – идентификаторы («қайда?» деген сұраққа жауап беретін таңбалар) 2) таңба – десигнатор («не?» деген сұраққа жауап беретін таңбалар) 3) бағалаушы таңбалар немесе аппрайзер - таңбалар («не себепті?» деген сұраққа жауап беретін таңбалар) 4) прескиптивті ( «қалай?» деген сұраққа жауап береді); 5) формальды немесе таңба систематизациясы. Морристің айтуына қарасақ дүниеге келгеннен бастап, қайтыс болғанша адам таңбалардың ортасында өмір сүреді. Таңбасыз адам өмірі мағынасыз болады және де таңба адам мінезінің қалыптасуына әсер ететін семиотика адам өмірімен, ғылым саласында маңызды.
Таңба – белгілі бір зат немесе белгілі бір құбылыс. Семиотика таңбалар жүйесін зерттейтін ғылым. Бірақ семиотика тек таңбалар жүйесін ғана емес, ол қимыл іс – әрекетті, сөзді, заттарды зерттейді». Чарльз Пирс «76 определений знака» мақаласында Таңба немесе репрезентема қатынаста немесе ойда белгілі бір мағынаны береді. Бұл ойды Моррис пен Соссюрде қолдайды. Таңба мәдениетінің қасиетін алғаш рет байыпты зерттеген Э. Кассирер болған. Ол мәдениетті зерттеудегі семиотикалық концепциясының негізін қалады. Кассирердің ойынша адам өміріндегі барлық қызметте рәміздік мағына бар. Бұл теориядан қалыптасатын ой, адам өмірінің мәні символдардан тұрады. «Философия символических форм» еңбегінде ол мифология мен дінді, ғылымды мәдени – символикалық жүйе ретінде қарастырады. Мәдени семиотикалық бағыттың негізін қалаушылардың бірі Ю. М. Лотман. Ол мәдениеттегі таңбалар жүйесін «семиосфера» деп атап, глобальды сипат берді. Негізгі мәдениетіндегі әлеуметтік ролді гениетикалық емес ұжым зердесі сақтап және жалғастыратын жиналмалы тәжірибе деп атады. Таңба – заттың мағына беретін, іс – әрекет пен өзіне тән мінезділік пен адам айналасындағы дүние. Таңба ол рәміз, материалды құбылыс, көрнекті бейне мен формада абстаркты ой мен түсінік береді.
3. Мәдениет кеңістігі. Семиотикалық кеңістік.
Тіл – дүниедегі жаратылыс құбылыстарының ең күрделісі, адамзат болмысының ең жұмбақ көрсеткіші, әлемдегі ең құнды рухани байлықтың көзі. Ол адамның ойлау, қабылдау, пайымдау, сөйлеу қасиеттерінің тұтастығымен ерекшеленеді. Тілдің сөз бірліктерімен сабақтасқан мазмұны, дыбысталу аппаратымен бірлескен формасы оның күрделі де ерекше құбылыс екенін көрсетеді. Сонымен қатар тіл – дүниедегі сыртқы-ішкі жасанды күштердің әсерімен өзгертуге, түзетуге, жаңартуға, қолдан жасауға болмайтын жаратылысы бөлек табиғи құбылыс. Өйткені тіл мен сөз – жер бетіндегі табиғат құбылыстарымен қатар жаратылған, тіршілікпен, адаммен егіз қаланған дүние кереметінің бірі. Бұл туралы Ахмет Байтұрсынұлы былай дейді: «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі». Тілдің пайымдау, қабылдау, хабарлау қызметі адами факторлардың басын біріктіретін,
Достарыңызбен бөлісу: |