Білім беру бағдарламасы пәндерінің оқу және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы



бет19/91
Дата11.01.2022
өлшемі300,33 Kb.
#111077
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   91
Байланысты:
Мәдениеттану кешені-2019

Ф-ӘД-001/046

тууына негіз етті. Бұл саладағы оның ең бір жағымды да маңызды ісі – тілдің қазіргі күйін, оның жүйесінің қазіргі функциясын жан – жақты және терең зерттеуді талап етуі болды. Қазіргі тіл білімінде тілдік жүйе, тілдік құрылым деген меселелер ең елеулі проблемалар қатарында қаралып жүр. Ф. де Соссюр атына байланыстыратын тағы бір мәселе – зерттеудің синхрондық және диахрондық түрлері. Ол тіл білімін синхрондық лингвистика, диахрондық лингвистика деп екіге бөледі. Синхрондық лингвистика тілдің ішкі жүйесін зерттейді де, диахрония бір – біріне байланыста алынған тілдік элементтердің тарихын зерттейді. Тілдің ішкі механизмі дейтініміз – тілдік жүйе. Тілдік жүйенің сырын ашу тек синхрондық зерттеудің ғана қолынан келеді. Сондықтан синхрондық лингвистика диахрондық лингвистикадан маңыздырақ. Ол – тілдің бөлшегі, бір дәуірдегі күйі туралы теория. Синхрония тілдік жүйе құрайтын элементтердің бір – бірімен логикалық, психологиялық қарым – қатынастарын талдайды. Сөйтіп, Ф. де Соссюр тілді зерттеудің сипаттама (синхрония) және тарихи (диахрония) әдістерін бір – біріне қарама – қарсы қояды. Синхрония тілдік жүйенің сырын ашады, диахрония тілдік жүйені бұзады, оны өзара байланысы жоқ, бөлек-бөлек фактілердің жиынтығына айналдырады деп қарайды. Тіл ғалымдарының басым көпшілігі Соссюрдің бұл пікірін тіл тарихының мәнін елемегендік деп санайды. Фердинанд де Соссюр қойған және өзінше шешкен бұл мәселелердің қай –қайсысы да XX ғасыр тіл білімі дамуының талап – мүдделеріне толық сай келді. Бұлар күні бүгінге дейін тіл білімінің өзекті мәселелері ретінде қаралып келеді. Тіл ғылымы тарихында тіл білімінің ілгері дамуына дәл Ф. де Соссюрдей ықпал жасаған ғалым аздың қасы.



2.Таңбалар әлемі ретіндегі мәдениет. Таңба – басқа заттың, қасиеттің немесе қатынастың обьективті сыңары ретінде көрініс табатын және хабарды /ақпаратты, білімді/ игеру, сақтау қайта өңдеу және жеткізу үшін пайдаланылатын материалдық зат. /құбылыс, оқиға/. Бұл қызметтік қажеттілікпен шектелетін зат бейнесінің заттанған көрінісі. Таңбаның болуы хабарды байланыстың техникалық арналарымен жеткізілуін және оның әр түрлі математикалық, статистикалық, логикалық өңделуін мүмкін етеді.

Мәдениет тілдерінің әрқайсысын құрайтын және түсініктер мен әсерлерді жеткізуге арналған таңбалар өзінің шығу тегіне, сондай-ақ өздері жеткізіп тұратын нәрсеге ұқсас келу дәрежесіне қарай ажыратылады. Таңбалық жүйелердің негізгі 5 түрін атап көрсетсек:

1. Табиғи таңба – бұл заттың немесе құбылыстың көрінісі ретінде олар туралы мәлімет бере алатын табиғаттағы заттар мен құбылыстар жатады. Мыс, түтін-оттың белгісі.

2. Қызметтік таңбаны табиғи таңбалармен салыстырғанда орындайтын қызметіне байланысты болып келеді. Бұл таңба өзінің қандай белгі білдіретінін нұсқап тұрады. Мыс, дәрігерлер таңбасы, сот таңбасы, жоғары оқу орнының таңбасы, топтың таңбасы т.б.

3. Конвенциялық таңбалар бір нәрсенің мағынасын белгіліп қана қоймай, адамның келісімін, және белгілі бір нәрсені білдіруі яғни нұсқауы. Конвенциялық таңбалар адамның ары қарай әрекет етуімен жалғасады. Мыс, светафор түстері, жол көлік белгілері адамды сақтандырып яғни хабардар етіп тұратын белгі болып келеді. Яғни, конвенциялық таңбалар – а. Индекстерден; б. Бейнелерден; в. Материалдық және идеялық символдардан тұрады. Индекстер - қандай да бір заттың шартты белгілері. Аспаптың көрсеткіші- прибор қаншада тұрғанын көрсетуі. Мыс, градусник, медициналық приборлар т.б. Бейнелер - өздері белгіліп тұрған нәрсемен ұқсастықта жасалады. Бейнелер туындайтын идеялармен сай келуіне байланысты сыртқы және ішкі мазмұндық сипатқа ие болады. Мыс, экскалатор. Материалдық және идеялық символдар – мағынасы терең абстрактылы идеяларды, ұғымдарды көрнекі-бейнелі түрде жеткізіп тұратын мәдени нысандар. Мыс, герб, орден, жалау.

5. Жазу жүйелері – яғни жазудың пайда болуы мен дамуы мәдениет тарихында ерекше маңызға ие. Өркениеттің бастауы- бұл жаза болып келеді. Мыс, ноталық жазу, биді қағазға түсіру, Чарльз Моррис семиотика ғылымын білімнің энциклопедиясына 1938 жылы қосып, «Таңбалар негізі туралы ілім» («Основы теории знаков») атты еңбегі жаңа ғылым




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет