Ф-ӘД-001/046
Семиотика ғылымының негізін американың философтар Чарльз Сэндерс Пирс пен Чарльз Моррис және швейсарлық лингвист Фердинанд де Соссюр қалаған. Чарльз Пирстің «Семиотика туралы» еңбегі 1930 жылдары шыға бастады. Пирс семиотикалық түсініктерге (таңба, белгі) сипаттама берген. Ол семиотика ғылымы ерекше ғылым саласы екенін дәлелдеуге тырысқан және семиотикадағы таңба мен белгілерді жіктеп үш топқа бөлген: Бірінші топ таңбалық – иконы. Бұл таңба мен таңбалық объект арақатынасы. Мысалы: «портрет» нақты адамды бейнелеу.
Екіншісі таңбалық – индексы. Кеңістік пен уақыт аралығындағы таңба мен белгіленетін объект. Оған мысал келтірер болсақ: «түтін» оттың белгісі, «жол көрсеткіштер».
Үшінші топ таңбалық – символ. Таңба мен объектің арасындағы конвенционалды келісім. Бұл таңбалық – символға келісім, салт – дәстүр немесе жай ғана кездейсоқтық жатады. Егер біз Пирс ұсынған үштік жіктелімді ескеретін болсақ, онда оның әр бөлігіне көрінетін байланыстық белгілі бір құбылысы сай келетініне көзіміз жетер еді. Бұл біршама кездейсоқ тізім, Пирс өзі алдын ала білген таңбалардың әртүрлі жасалуы, мысалы, иконалық синсигнум, иконалық легисигнум және тағы да басқалардың мүмкін екенін дәлелдеп тұр. Біздің зерттеу үшін таңбаның нысанға қатысты жіктелімі ерекше қызығушылық туғызды және осыған орай, ешкім де көрінетін символдардың кодталған «тілдің» құрамына кірмейтінін жоққа шығара алмайды. Оның есесіне, индексті және иконалық таңбалар туралы мәселе тым даулы болып көрінеді. Пирс индексті таңбаның — өзі белгілеп тұрған нысанға қандай да бір ойландырмайтын тәсіл арқылы назар аудартатын таңба болатынын көрсеткен. Пирс бұл ойын дәлеудеу үшін мынандай мысал келтіреді. Егер мен «суланған дақты» көрсем, ең алдымен, су төгілген деп ойлаймын; дәл солай, «сызық – тілді» көргенде, мен кӛрсетілген бағытпен жүремін, әрине, егер бұл хабар маған қажет болса, дегенмен қалай болғанда да, мен хабардың мағынасын бірден ұғамын. Алайда кез келген көрінетін индекстегі таңбаның өзі де келісімге немесе тәжірибеге негізделіп, маған қандай да бір нәрсе туралы хабар жеткізіп тұрады. Іздерді тануды бұрын үйретсе ғана мен жердегі ізге қарап, қандай аң жүгіріп өткенін айта аламын. Егер мұндай ізді мен бұрын көрмесем және ешкім де маған оның не екенін айтпаса, мен индексті таңбаны танымай табиғи құбылыс ретінде танитын едім. Сонымен, белгілі бір жауапкершілікгі сезіне отырып, индексті таңбаларға қатысы бар барлық көрінетін құбылыстарды конвециональды таңба ретінде қарастыруға болады деген тұжырым жасауға болады. Көзіңді шағылыстырып, кенеттен жарқ ететін жарық, мені ойланбай қимылдауға мәжбүр етеді және ешқандай семиозистің бұл жерде қарасы да көрінбейді, өйткені бұл жердегі мәселе қарапайым физиологиялық стимулға қатысты болады, дәл солай, мен бұрын көрмеген қорқынышты аңды көргенде де көзімді жұмып қалар едім. Бірақ аспан төрінде шашырап келе жатқан арайдың жарығына қарап, таңның атқанын білгенім, мені бұл белгіні тануға үйретуге байланысты. Ал иконалық таңбаға қатысты мәселе әрі күрделі, әрі басқаша. Пирс иконалық таңбаны — оған қатысы бар нысанмен белгілі бір табиғи ұқсастығы бар таңба ретінде анықтаған еді. Оның портрет пен адам арасындағы «табиғи ұқсастықты» қандай мағынада түсінетінін ойша таба аламыз, ал диаграммаларға келетін болсақ, Пирс оларды иконалық таңбалар деп білген, өйткені олар нақтылықта бар қатынастардың формасын жеткізіп тұрады. Иконалық таңбаны анықтау сәтті болды — анықтаманы әрі қарай Чарльз Моррис дамытты, әрі қарай насихаттады, өйткені, бейненің семантикалық анықталуы үшін, бұл оған қолайлы тәсіл болып кӛрінді. Моррис үшін иконалық таңбаға, өзінде белгіленетін нысанның қандай да бір қасиеті болатын немесе, нақтылап айтсақ, «өзінің денотаттарының қасиеттерін иеленетін» таңба жатады. Ал Фердинанд де Соссюр «Семиотика» термині алғашкы кезде формалды логика – математика саласы үшін қолданылған, ал оның заттық – мазмұндық жағы Еуропа дәстүрі бойынша семасиология деп аталған, кейін бұл екі термин синоним ретінде қолданылатын болды. Семиотиканың кӛлемді объектілерінің ішінде неғұрлым ортақ сипат тіл мен көркем әдебиеттің арасында айқын байкалады. Сол себепті тіл мен әдебиет семиотикасы гуманитарлық семиотика сының өзегі болып табылады. Ең алғаш таңбалар жай ғана жүйеде болмай, белілі бір ойды білдіріп уақыт кеңістігінде өзгеретіндігін
Достарыңызбен бөлісу: |