Ф-ӘД-001/046
өркениеттілік туады деуден табжылмады. Ал осыған сәйкес, өркениет мәдениеттіліктің кемелдігінің және халділігінің көрсеткіші болып саналды. Дәл осындай ұстанымдарды біз А. Гумбольдтың және Э.Тайлордың еңбектерінен көреміз, олар «мәдениет» ұғымымен қатар «өркениет» ұғымын бір-бірімен жиі ауыстырып пайдаланды. Ал Фрейд болса мәдениет және өркениет адамдарды жануарлардан айырады деп табандылық танытты. Бұндай ұстанымдардың негізі бар, өйткені мәдениет және өркениет өзара көптеген көрсеткіштері арқылы үйлесімді. Мәдениеттің, дәл солайша өркениеттің әлеуметтік табиғатты бар, тек қана адами қарекеттің нәтижесінде болып, адамның табиғат әлеміне қарсы тұратын жасанды мекені «екінші табиғатты» жасайды.
Мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы.Мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері. Өз еңбегінде Н. Бердяев өркениет « мәдениет рухының өлімі» деп трагедиялық түрде түсінік береді. Оның концепциясы шеңберінде мәдениет – символдық, бірақ реалистік емес, сонымен бірге « мәдениет ішіндегі динамикалық қозғалыс белгілі бір түрде өзінің құрылымымен мәдениет аумағынан шығып, өмірге , тәжірибеге ұмтылады. ХХ ғасырдың өркениет теориясының авторы А. Тойнби мәдениеттің өз ақырына жетпей –ақ, қажетті биологиялық құбылыстар арқылы қартайып, өлімге ұшырайтыны туралы болжамды өте сақтықпен айтады. П. Сорокин мәдениетті өркениеттің рухани жұптастығы ретінде қарастырып, концепцияға сәйкес мәдениеттің өлімі, жоғалуы, өркениеттің рухсыздануына әкеледі деп есептейді. Бұл позиция көрсеткендей, өркениет қоғамның дамуының тарихи кезеңі ретінде немесе қоғамның типі ретінде халықтар дамуының мәдени жетістіктерінің көптүрлілігін ғана емес, нақтылы тарихи дәуірдегі қоғам болмысының теріс көріністерін де қамтиды.
4. Әлемдік мәдениет – дегеніміз адамның қызметіндегі барлық салаларына байланысты болып келеді. Атап айтсақ, жаһандану мәселесі. /техника, робот т.б./
Әлемдік өркениет – бұл: а. Адамзаттың қол жеткізген табыстарының жиынтығы. Б. Әлемнің қарқынды ілгері дамуы. В. Алдыңғы қатарлы /Батыстық/ әлеуметтік тәртіптің нормативті түсінігі.
Әлемдік өркениеттің ара-қатынасына келсек:
1. Этноәлеуметтік құрылымдар. /Вавилон, Шумер өркениеттері/ яғни этникалық құрылымы жағынан біртұтас қауымдастықтар.
2. Кең ауқымдағы әлеуметтік-мәдени қауымдастықтар. /Эллиндік, Еуропалық, Латынамерикалық, Ресейлік өркениеттер/.
3. Тарихи біртиптес әлеуметтік-мәдени қауымдастықтарды формация құрылымдарымен байланысты. /Құлиеленуші, феодалдық/.
Өркениет және модернизация. Қазіргі жаһанданушы әлемде әлемдік және жалпы планеталық дамудың басым үрдістері айқындалуда. Модернизация қорытындылары болашақ ғаламдық әлемнің бағыты мен қалыптасу қисынын анықтайды. Модернизация- әлемдік қауымдастықты адамзат жасаған өркениетті сақтап, өзіндік идеяларымен тығыз байланыста орналасқан.
Өркениет: а. Адамзат дамуының жоғары кезеңі. Б. Өзіндік ерекшеліктері мен тұтастығын сақтаған тұрақты мәдени әлеуметтік қауымдастығы.
Американ саясаттанушысы Сэмюэль Хантингтон 1993 жылы «Өркениеттер қақтығысы» атты мақаласында, «Модернизация – ол дәстүрлік пен қазіргі элементтердің үйлесімділігін /жаңашылдығын, синтезін/ табу» деп айтып кетеді. Яғни, өркениеттер обьективті тұрғыда тіл, әдет-ғұрып, дін, институттар сияқты ортақ белгілерінің сондай-ақ адамдардың субьективті өзара бірегейлігінің болуымен сипатталады. Осы орайда әлемде мынадай өркениеттер бар:
1. - Батыстық-Конфуциандық-жапондық-исламдық-индуистік.
2. Православиелік-славяндық-латын американдық-африкандық.
Мәдениет пен өркениет кең, әрі этнографиялық мағынада білімнен, наным-сенімдерден, өмірден, адамгершіліктен, заңдылықтан, салт-дәстүрден және қоғамның мүшесі ретінде адамның игерген дағдылары мен түрлі қабілеттерінен құралады.
Достарыңызбен бөлісу: |