Ф-ӘД-001/046
Руссо бірінші болып ғылыми-техникалық прогресс пен әдептілік арасындағы алшақтық туралы айта бастады. Оның ойынша, мәдениет табиғатқа қарсы тұрып отыр. Ол өз заманындағы қоғамды алғашқы қауымдық қоғамға қарсы қойды, оны ол «нағыз» қоғам деп атаған, онда барлығы тең болған. Ғылым мен техниканың дамуы, еңбек бөлінісіне және адамдардың бір-біріне тәуелділігіне алып келеді. Теңсіздікті жою үшін, өркениеттен бас тарту керек деп жазған. Руссо коммунистік емес бірінші жеке меншік сыншысы болып табылады. Нағыз құқықтардың идеясын дамыта отырып, Руссо меншікті олардың қатарына қосудан бас тартқан және қоғамдық идеалды онымен байланыстырмаған. Руссоның пікірі бойынша идеалды өмірге тек мемлекеттің күшіне сүйеніп қана қайтып келуге болады. Ондай мемлекет тек республика бола алады, ол Бостандық, Теңдік, Ағайындылық принциптеріне негізделеді. Руссо деист болған. Деистер бойынша Құдай физикалық заңдардың жұмысына араласпайды (ол механик іспеттес Әлемді қозғалысқа келтірген, одан кейін кетіп қалған). Демек Құдай жеке адамның тағдырына араласу сияқты «майда» жұмысқа болса да араласпайды. Осылайша, деистердің әлем картинасында космос ғана емес, адам да автономды. Былайша айтқанда, адам өз таңдауында еркін болып табылады.
3. Мәдениет пен өркениет. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің – «civilis» сөзі) «азаматтық» дегенді білдіреді. Мәдениет пен өркениет ұғымдары ұдайы қатар жүретін процестер болып келеді. Мәдениет - адам әрекетінің саналы қызметінің көрінісі болса, өркениет - сол адам әрекетінің саналы жасаған қызметінің қоғамға тиімділігі мен игілігі болып табылады. Демек, өркениеттілік – мәдени табыстардың адам игілігіне жаратылуы болып табылады.
Өркениет – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Өркениет – мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы. Мысалы: арба-машина: соқа – комбайн.
Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі үғымның мағыналарын төмендегідей топтастырсақ:
Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер (И. Гердер, Э.Б. Тайлор).
Өркениет - мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы. (Ж.Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер).
Өркениет — мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф. Вольтер, Д. Белл).
Өркениет — этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби, Н.Я. Данилевский.
Өркениет-мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы. Демек, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар екен. Мәдениеттанушы Г. Чайлдтың пікірінше, өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қалалардың пайда болуы, жазбаша медениеттің дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуі, азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады.
Мәдениет жетілген тұлғаны, жасампаз-адамды қалыптастыруға бағытталған. Өркениет идеалды заң бұзбайтын азаматты тәрбиелеуге бағытталған, өйткені ол жалпы қабылданған ақиқаттың абсолютті дұрыстығына дәл келетін стандартты ойлаумен байланысты. Дәл осылайша «өркениет» ұғымы урбанизациямен, тығыздықпен, машина тираниясымен синонимдес болып келеді. О.Шпенглердің, Н.Бердяевтің, Г.Маркузенің және басқаларының әйгілі мәдениеттанымдық теориялары осы рухта жасалған. Мысалы, батыс ғалымы Шпенглерде, мәдениет тірі организмдермен салыстырылады. Сол себептен де, олар өздерінің дамуында туу, гүлдеу және өлім сатыларынан өтеді. Мәдениеттің дамуының соңғы қорытынды даму фазасы — құлдырауды және опат болуды Шпенглер «өркениет» деп атайды. Сондықтан ол үшін өркениеттің негізгі сипаттарына мыналар жатады: діни сенімнің құлдырауы, өнердің азуы, материализмнің және құрғақ рационализмнің таралуы, шығармашылықтың нәтижесіздікке ауысуы, рухсыз техникалық. Бердяев өз жұмысында мәдениет пен өркениеттің, ерекше сипаттарын айшықтайды бірақ ол, сонымен қатар оларды синхронды дамиды деп есептейді. Оның ойынша, мәдениетте руханилықтың, жеке адамдылықтың, ақсүйектіліктің басталымы дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |