Ф-ӘД-001/046
Сонымен қатар мәдениетке сапалылық, мәнерлілік, эстетикалық, тұрақгылыққа деген ұмтылыс және консерватизм сияқты сипаттар тән. Ал өркениеттілік материалдылықтың, әлеуметтік-ұжымдықтың, демократиялықтың дамуымен байланысты. Сонысымен өркениет тираждауға, жалпы қол жетімділікке, пайдалылыққа ұмтылады. Сондықтан, орыс ойшылы Н.Бердяев өркениеттің пайда болуы тіршіліктіктен, ол адамның табиғатпен күресінде храмдардан және діни дәстүрлерден тысқарылықтан келді. Егер мәдениеттің жаны болса, ал өркениетте — тек әдістер мен құрал-саймандар дейді. Мәдениет пен өркениеттің арақатынасы туралы бұдан да ашырақ айтқан философ және социолог Г.Маркузе (1898-1979) болды. Ол үшін өркениет — бұл қатал, салқын, күнделікті нақтылық, ал мәдениет — мәңгі мейрам. Ол мәдениеттің рухани еңбегін өркениеттің материалдық еңбегіне қарама-қарсы қойды, қалайша жай күндер мейрам күндеріне қарама-қарсы тұрса, қажеттіліктің патшалығы — бостандық патшалығына, табиғат — рухқа. Алайда, мәдениет пен өркениетті қарама-қарсы қойғанмен, философтар және мәдениетті танушылар олардың бір-бірімен өзара байланысты екендігін, тіпті бірі біріне себеп екендігі жайлы білді. Сол себептен, бүл проблема жайлы парасатты және өлшемді көзқарастар пайда болады, енді оның жақтаушылары мәдениет пен өркениеттердің айырмасына селқос қарамайды, бірақ, олар өзара әрекеттестікте және бір-біріне сіңсіп кетуі де мүмкін екендігі жайлы көзқарастар қалыптасты. Мәселенің осындай түсінігін біз Л.Морганан таба аламыз, ол адамзат тарихын үш сатыға бөлді — жабайылық, тағылық және өркениеттер. Бұл тұрғыны марксизмнің негізін салушылар бөлісті. Бұл тұрғыдағы «мәдениет» ұғымы «өркениет» ұғымынан кеңірек, өйткені мәдениет адамзат қаншалықты болса соншалықты бар болады Сонымен қатар мәдениет өзіне тән айрықша коды арқылы өркениеттің тұқым қуалаушылық механизмімен есепке жатқызылады, онда оның ұрпақтан ұрпаққа берілетін барлық өмірінің негізгі кезеңдері жазылған. Басқаша айтқанда, өркениет материалдық дене болып табылады және адамдар өмірінің әлеуметтік ұйымы, ал мәдениет әлемдегі өмір үшін құндылықтық бағдарларды береді. Сонымен қатар, мәдениет сақтайды және белгілі бір қоғамның өзіне тән ерекшелікті тапсырады. Ол мәдениеттің түйінін құрастырушы ерекше құндылықтар жүйесінде нықталып бекиді. Мәдениет әлеуметтік организмнің тұрақтылығын, сонымен қатар бейімделуін және өркениеттің динамикасын қамсыздандырады. Сол себептен, мәдениет пен өркениет тек бірлікте ғана бола алады. Дегенмен, мәдениет немесе өркениеттің қайсысы маңыздырақ екендігін түсінуді — қоғамның құндылықтарының парадигмасы анықтайды. Егер өркениет мәдениетке қызмет етіп және оны одан әрі қарай дамуына жағдай жасаса, онда қоғамда материалдық және рухани құндылықтардың арасында үйлесім байқалады, бұл әрине тап осы қоғамның нақты алға басуын қамсыздандырады. Егер мәдениет өркениетке бағынса және оған қызмет етсе, онда материалдық қажеттіліктер және құндылықтар басым болып келеді, прагматизм және пайдакүнемділік қожалық етеді, рухани таяздыққа әкеледі. Өкінішке орай, соңғы кезде өркениет өзінің прагматизмімен мәдениетті дағдарысқа жиірек ұшыратуда. Сонымен, өркениет пен мәдениеттің арасында не абсолютті үйлесімдік, не толыққанды сыйымсыздық жоқ. Олардың арасында нақты үш түрлі байланыс бар. Олардың біріншісіне- генетикалық, өйткені дәл сол мәдениет өркениетті туындатады, сонда өзін объективтендіреді. Мәдениеттің генетикалық коды өркениеттің материалдық денесінде іске асады. Олардың байланыстарының екінші түрі- құрылымды-функционалдық, өйткені мәдениет және өркениет адам қарекеттерінің бірінсіз бірі болмайтын рухани және материалдық жақтарын іске асыруға қызмет етеді. Ал, үшінші түрі, өркениет өзіне мәдениетті бағындыруға ұмтылдыратын дисфункциональды байланыс. Бұл жағдайда мәдениет құндылықтары ұмытылады және оның жаны жоғалады. Бұл жаңа мәдениеттің фундаментіне жатқызылатын жаңа кұндылықтардың көрінуі тиісті екендігін білдіреді, бұлар осы құндылықтардың объективтелінетін жаңа өркениет көрінуіне тиісті болады. Ғылыми әдебиеттерде бұл сұрақтың үш ұстанымы бар: теңдестіру, қарама-қарсы қою және өзара себептілі ретінде. Алғашқыда бұл ұғымдар мәндес сөздер сияқты көрінді, ешқандай да қарама-қарсы қойылған емес. Ағартушылық дәуірінің философтары тек қана дамыған мәдениеттен
Достарыңызбен бөлісу: |