Caбaқ мaқcaты: Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті жөнінде мәліметтер беру.
Лeкция мәтiнi: Ежелгі қазақ жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс және тайпалық одақтар мәдениеті мен руна жазулары, көне ескерткіштер барысында мәліммттер беру.
1. Жалпы қазақ мәдениетінің ірге тасы ерте кезеңнен адамзат қозамы пайда болғаннан бастап қалыптаса бастауы.Адамзат тарихы:1.Тас дәуірі. 2.Мыс (қола). 3.Темір дәуірі.
Қола дәуірінің алғашқы кезеңі б.з.б 18 ғ-шамасында Андрой мәдениеті пайда болды. Отырықщылық жайлар мен мал ұстайтын орындар, егіншілік-диқаншылық кәсіппен айналысты. Қару-жарақ жасау өнері пайда болды. Сәндік бұйымдар білезік, моншақ, ілмешектер жасала бастады.
Андрон мәдениеті көшпелі мал шаруашылығын еуропалық классикалық үлгісін қалыптастыруға елеулі үлесін қосты. Андрон мәдениетінің табиғи жалғасы ретінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті болды. Андрон мәдениетінің дәстүрлерін сақтай отырып, жаңа мән-мағына бере отырып, аңдар стильінде жалғасты. Қарағанды тауы Дәуірбай ауылы және Балқаштың солтүстік маңынан Беғазы қойнауынан қазба жұмыстары нәтижесінде табылған бұл мәдениетке жататын заттар орталық Қазақстанның көп жерінде кездесіп отырды. Бұл кезеңде күнделікті тұрмыста қолданылатын заттарды тас, металл, мал сүйектерінен жасай бастауы жауынгерлік қарулар жасайды.
Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір батыстық зерттеушілер: «Көшпелілер өз бетінше мәдени кұндылықтар жасауға кабілетсіз, олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды. Ал отырықшы халықтардың мәдениеті оларға көне мәдениет болып қала береді», — дейді. Бұл — мүлде қате пікір. Көшпелілер өз тұрмыс-әрекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз. Көшпелілердің рухани мәдениеті тіптен бай. Мал шаруашылығы — егіншілікке карағанда бұқара халықтың барлығы қамтылмайтын, қамтығанның өзінде көшпелі кауымның бос уақыты көбірек болатын шаруашылық түрі. Сонымен қатар, көшпелілер отырықшыларға қарағанда табиғатқа жақынырақ, онымен өмір сүрген. Көшпелілерде табигатка негізделген дүниетаным, ақынжандылық, қиялшылдық, түптеп келгенде, шығармашылықпен ойлау жүйесі қатты дамыды. Бұдан «Отырыкшы хальқтарда бұл қасиет болмады, не аз көрініс тапты» деген ой тумауы керек. Тек бұл қасиеттердің қалыптасуына, көрініс тауып, іске асуына көшпелі өмір объективті түрде көбірек жағдай туғызды. Көшпелілерде де, отырықшы елдер сияқты, жазу ерте пайда болды. Біз сақ жазуларының (б.з.д. 1-мыңжылдықтың ортасы), түрік жазуларының (б. з. VII—VIII ғасырлар) болғандығын, одан бергі ортағасырлық түркі тайпаларында жазудың болғандығын білеміз. Бірақ тағы да объективтік себептермен көшпелілерде отырықшыларға қарағанда жазусызу кеңінен дами алмады. Олардың рухани мәдениеті — шежіре тарихы, фольклоры, діни ұстаным-қағидалары жадында сақталды.
Достарыңызбен бөлісу: |