Ф-ӘД-001/046
Адам жер бетіндегі материалдық және рухани мәдениеттің тарихи процесінің субьектісі, өмірдің басқа құралдарын өндіру қабілеті арқасында олардан бөлініп шыққан, сөйлей, ойлай алаты, санасы бар биологиялық-әлеуметтік тіршілік иесі. Жақсы адам – рухани бай адам. Ғалым қазақтанушы Қ.Жарықбаевтың айтуынша: «Ақылды адам – өзіндік ойы бар, мақсаты бар жеке тұлға» деген болатын. Ал «байсалдылық – ізгі қасиет». Демек қазақ данасы Ұлы Абайдың «жетілген адам», «камил инсан» деген концепциясының өмірде алатын орны бар екендігін аңғаруымызға болады. Ал сопылық ілімінің негізін салушы ойшыл Ахмет Ясауидің «Даналық кітабы» атты еңбегімен өзара үйлесімділігін айтуымызға болады. Себебі, мәдениетті адам – сауатты тұлға, өз алдына қайталанбайтын тұтастай бір әлем болып табылады. Ал мәдениет – адамдар қызметінің жемісі, олардың қажетін өтеуге негізделген. Мәдениет субьектісі бола отырып, адам әрдайым өз белсенділігін көрсетіп отырады. Осы белсенділік ақылға қонымды болса, мәдениет табиғаттың көркейіп, гүлденуіне демеуші болады. Табиғаттағы барды молайта түсіп, азды аялай білу адам мәдениетінің даму деңгейін көрсетеді.
Мәдениетттің маңызыдылығы рухани ара-қатынастан айқын көрінеді. Өйткені адам санасының мәдени-тарихи түрінің негізі философиялық дүниетаным болып табылады. Демек, мәдениет әлемін адам белсенді күш салмай меңгере алмайды. Мәдениет жүйесі бүкіл адами қатынастардың ұйымдастырыушысы. Бірақ оның адам өміріне және өркениет әлеміне үйлесімді кіретін 4 түрімен ерекшеленеді: 1. Адамның өз-өзіне деген қатынасы. 2. Адамдар арасындағы қатынас. 3. Адам өзі жасаған әрекеттің нәтижесі. 4. Адамның қоршаған ортаға табиғатқа деген қатынасы. Бұл әрекеттердің барлығы мәдениеттің күрделі жүйесінің қақпасын құрап, оған біріктіруші күш берері анық.
Мәдениет теориясы мен тарихының жалпы мәселелерін әзірлеу философиямен, әлеуметтанумен, психологиямен, этикамен, эстетикамен, информатикамен жасалатын ұғымдық және әдіснамалық аппаратты тартуды талап етеді. Осылайша мәдениетті зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлерін біріктіруге қол жеткізіледі. Бұл ретте танымның жалпы ғылыми, философиялық және арнайы әдістері қолданылады. Энциклопедистердің көзқарасы бойынша мәдениетті — ақыл-ойдың не табиғи сезімнің көмегі арқылы түсіну деп түсіндірсе, Жаңа заман ойшылы И.Кант мәдениетті — ішкі адамгершілік заңдарының көмегімен тану деп көрсетеді. Яғни, мәдениетті эстетикалық, көркемдік шығармашылық қызмет арқылы тани білу бұл сананың жаңарып отыратындығын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |