Білім беру бағдарламасы пәндерінің оқу және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы



бет33/91
Дата11.01.2022
өлшемі300,33 Kb.
#111077
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   91
Байланысты:
Мәдениеттану кешені-2019

Ф-ӘД-001/046

Ахмет Йасауидің өлеңмен жазылған "Даналық кітабындағы" жеңіл және түсінікті тілмен әсерлі жеткізілген осы қағидалар орта ғасырлардағы түркі халықтарының діни дүниетанымының, моралінің қалыптасуына үлкен әсері болды. Йасауиден кейінгі қазақ жырауларының, ақындарының, ойшылдарының еңбектерінен сопылық ықпал, өнеге анық байқалады.                                  



Ахмет Йасауи 63 жасқа келгеннен кейін: "Енді былайғы өмірім күпірлік, пайғамбар жасынан аспақ күнә", — деп, өмірінің ақырғы он жылын жер астында жасалған мінәжатханада (қылует) өткізеді. Сонымен Қожа Ахмет Йасауи — XII ғасырда өмір сүрген үлкен философ, ғұлама ойшыл, ақын, мейірімге, кішіпейілділікке уағыздаушы діндар бүгінде халқымыздың қасиетті әулиесіне айналып отыр.

Мұхаммед Хайдар Дулати. Қазақстан ғылымы мен мәдениетінің қалыптасуына елеулі үлес қосқан ғалым. Түркі халықтарының ортақ мақтанышы, тұңғыш тарихшысы. Күні бүгінге дейін Қазақстан мен Орталық Азия елдерін зерттеушілердің көбі оған жүгінеді. Түркі тектес халықтардың мәдениетін зерделеуші еуропалық ғылымдардың қай-қайсысы да Мұхаммед Хайдар Дулати еңбегіне соқпай кете алмайды. Оның басты еңбегі — әлемге әйгілі "Тарихи Рашиди" шығармасы парсы тілінде жазылып, дүние жүзіне таралған. "Тарихи Рашидиді" Хайдар мырза 1544—1546 жылдар шамасында Кашмирде жазған. Ол екі дәптерден, яғни екі бөлімнен тұрады. Мауереннахрдағы Шағатай әулеті құрған мемлекет XIV ғасырдың ортасына таман біржола ыдырап, екіге бөлінеді, Моғолстан деген атпен белгілі болған шығыс бөлігіне Жетісу, Тараз-Талас маңын мекендеген беделді де белгілі тайпа — дулаттардың қолдауымен Тоғылық Темір (1330—1362 жылдары) хан болады. "Тарихи Рашидидің" бірінші дәптерінде сол Тоғылық Темір ханнан бастап өзін Жаркенттен кетуге мәжбүр еткен Абд-ар-Рашид ханға дейінгі Моғолстанда екі ғасырға жуық уақыт арасында болған тарихи оқиғалар әңгімеленеді. Мысалы, Шағатай текті Шер Мұхаммед хан мен Уәйс ханның Моғолстан тағы үшін болған қанды айқастары, Уәйс ханның тілегіне жеткені, оның қалмақтармен болған сансыз соғыстары да баян етіледі. Моғолстанның хандары, дулаттан шықкан әмірлері мен бектері, онда өмір сүрген түркі тайпаларының тыныс-тіршілігіне тоқталды. Ханның өзі және ұрпақтарының Мәуереннахрда, сондай-ақ қазақ хандары һәм сұлтандарымен жүргізген соғыстары жайлы тәптіштей баяндаған. Хайдар мырзаның бір ерекшелігі — ол тек шындықты ғана жазды. Тарихшы ғалымдардың барлығы да Хайдар мырзаның осы бір қасиетіне ерекше мән береді.

2. Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мөдениеттің жалпы атауы. Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань мен Алтай өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта жөне Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа территорияларына кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың барлықтарының субстаты болып табылады. "Түркі" деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. "Түркі" этонимі алғашқы кезде белгілі бір ақсүйектерден шыққанын білдірген (ғылымда этносқа қатысты "түркі"терминін қолдану қалыптасқан, біз соған арқа сүйейміз). Орталық Азияны мекендеген көптеген тайпалық одақтардан біріккен феодалдық мемлекет Түркі қағандығы өмір сүрген. Түркі қағандығының әлеуметтік-саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алған. Түркілердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болған. Түркі қағандағы тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұланғайыр өлкедеғі негізгі тілге айналған. Түркілердің жазуы да болған. Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің дүниетанымдық көзқарастары, наным-сенімдері туралы көп мағлүмат алуға болады. Көне түркілер аспан денелерінің қозғалысына карап ауа райын, жыл маусымдарының қандай болатынын күні бұрын анықтай алған. Көне түркілер геометрия, математика ғылымдарынан біршама хабардар болған, оны су жүйелерін салуға, күрделі ғимараттар, карауыл төбелер тұрғызуға, т.б. пайдаланған. Олар металды, түрлі минералдарды еріту әдістерін, шөптердің емдік қасиеттерін білген. Емдеудің неше түрлі әдістерін де жетік меңгерген. Ежелгі түркілер, негізінен, қос күшке - Көкке және Жерге сиынатын болған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет