Ф-ӘД-001/046
1072 немесе 1078 жылдары жазылған деп шамалап жүр. Махмұд Талас-Шу алқабындағы Барысхан каласында туған. Бірақ неге екені белгісіз, өте жас кезінен туған мекенінен шығандап шығып, түркілер уәлаятын (қазіргі қазақ сахарасын) аралап кетеді. Махмұд өз шығармасына материал жинау кезінде түркі әлемін көп аралаған, көргені мен көңілге түйгендерін қағазға түсіре берген. Кейіннен ол бір кездегі әдеби, мәдени, рухани орталық болған Бағдатқа барады. Бұл кез Бағдатты түркілердің селжұқ тайпасы басып алған, түркі тілінің дәуірлеп тұрған тұсы еді. Сондықтан да Махмұд түркілердің этнографиясы, ауыз әдебиетінің хрестоматиясы іспетті өз еңбегін араб халқына таныстыру мақсатымен араб тілінде жазған. Оның Бағдатта тұрып, өз шығармасын түркі тақырыбына арнауының өзі тегін емес. Махмұд өмір сүрген дәуір, бір кездегі гүлденген араб дүниесінің дәурені өтіп, тасы кері кете бастаған уағы болатын. Оның үстіне, Махмұд түркілер тарапынан өз туындысының ескерусіз қалмайтындығын да пайымдаған. Сондықтан да ол өз еңбегінің атын мазмұнына сай етіп "Диуани лұғат ат-түрік" ("Түркі сөздерінің жинағы") деп атаған. Бұл "жинақ" "орта ғасырлардағы түркі тілдес халықтардың энциклопедиясы" деп атауға тұратын шығарма, сол кездегі тайпалар туралы нақты материалдардан құрастырылған үш томдық әйгілі еңбек.
Қашқаридың бұл еңбегі аталған жерлердегі халықтардың мәдени және рухани байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді. А.Н.Кононовтың сөзімен айтқанда: "Түркі тілдерінің сөздігі" — XI ғасырдың түркілердің өмірі, олардың материалдық мәдениеті, бұйымдары, тұрмыс-жайлары, этнонимдері мен топонимдері, қызмет адамдарының дәрежесі, тағам, сусын түрлері, үй жануарлары мен аумағындағы жабайы аң-құстар, мал шаруашылығы, өсімдік дакылдары, астрономия терминдері туралы, күнтізбелер, ай, апта, күн аттары, ауру түрлері, дәрі атаулары, анатомиялық терминология, минералдар мен материалдар туралы, әскери, спорт және әкімшілік терминологиясы, түрлі тарихи және мифтік қаһармандардың есімдері, діни және этностық терминология туралы, балалар ойындары мен ермектері және басқалар туралы бірден-бір деректеме болып табылады".
Қожа Ахмет Йассауи (1093-1166 жж.). Халқымыздың руханиятына үлкен әсер еткен ортағасырлық ақын, философ, дін уағыздаушы. Орта ғасырлар Орталық Азия мұсылмандары үшін аса жауапты кезең болатын. Осы заманда ел бірлігін, халықтың татулығын, имандылықты өз шығармаларына арқау еткен бір топ ақындар тарих сахнасына шықты. Олар — Ахмет Иүгінеки, Ахмет Йасауи, Сүлеймен Бақырғани еді. Ахмет Йасауидің туған жылы белгісіз, 1166 жылы өлген, XII ғасырдың өкілі. Жасаған жасын өлген жылынан шегеріп тастап, зерттеушілер оны 1093 жылы дүниеге келген деп жобалайды. Түркістан маңында туып, ер жеткен соң, Түркістан қаласында өзінің шығармашылық, діни қызметін бастаған. Түркістан қаласы VI—XV ғасырларда Йасы деген атпен белгілі болған. Сондықтан да Йасыдан шыққан Қожа Ахмет Йасауи деген қосымша атқа ие болған. Қожа Ахмет ата-анасынан ерте айырылған, бірақ өте талапты, дарынды жас түркі елінің атақты шейхтары Арыстан баб және Жүсіп Хамаданидан тәлім, білім алады. Одан соң білімін Бұхарадағы діни орталықтарда жалғастырады. Көп ұзамай Ахмет оқымысты, діндар адам болып Йасы қаласына оралады. Ахмет Йасауидің қаламынан туған көлемді шығарманың бірі — "Диуани хикмет" — "Даналық кітабы".
Ол оғыз-қыпшақ тілінде жазылған. Бұл еңбектің бізгежеткеніXV—XV ғасырлардағы көшірмелері,түпнұсқасысақталмаған. Бұлкөшірмелер Алматыда, Стамбұлда, Қоқанда, Ташкентте, Мәскеуде сақтаулы. Ахмет Йасауидің бұл шығармасы — діни сопылық еңбек. Исламның ішіндегі сопылық бағыт VIII ғасырда пайда болған. Жалпы, сопылық құран мен шариғатты толық мойындайды. Сопылық, өнеге, ұстамдарға халықтық жоғары мораль, адамның ішкі, сыртқы тазалығы, Аллаға сана арқылы ғана емес, өзінің шынайы тіршілігі арқылы құлшылық ету, қызықшылдыққа, байлыққа құмар болмау сияқты қағидалар тән. Сопылық өзінің осындай қарапайым, бұқара халықтың көңіліне жақындығымен ел арасында жақсы қолдау тапты, сөйтіп ислам дінінің бұқара халықтың арасына таралуына оң әсер етті.
Достарыңызбен бөлісу: |