Ф-ӘД-001/046
Ұлттық көркемділік даналықты айқын танытатын романдық өнер - Германияда да кең етек жайды.1174-1234жылдары салынған атақты «Вармс Соборы». Собор қала үстінде қалықтап тұрғандай әсер береді. Италия еліндегі романдық стильде салынған. Флоренцияда салынған «Сан Миятьо» шіркеуі. ХІХ ғ. өмір сүрген француз сәулетшісі О.Роден: «Романдық сәулет өнері адам өмірінің бір қалыптылығын,тұрақтылығын паш ететін үнсіздігінен адамның мысын басып,оны шабындыра білді».
ХІ-ХVI ғғ. пайда болған Еуропада «Готикалық стиль» өзінің алып асқақтығымен, әрі әсемділігі мен таң қалдырды». Романдық стильдің табиғи жалғасы ретінде 3ғасыр бойы Францияда салтанат құрған «Готикалық стиль» (гот тайпалық атымен аталған) өмірге келдеді. Сұсты да аймақты романдық стильдегі ғимараттар құрылысына қарағанда биікке қарай өсіре жүргізілген сәулетщілік өнер тұтынушылары көз татарлықтай әсем де сәнді болып шықты. Осы орайда Лев Любимов: «Египеттегі пирамидалар, Афинадағы Парфеон және Константинопольдегі София соборы сияқты, Париждік Нотер-Дам да ғасырлар бойында өзін өмірге әкелген халықтың идеясы мен ғасырларда қалыптасқан көркем мәдениеттің куәсі болатындай»-бейне беретіндігін атап кетеді.
Франциядағы-Рейм соборы: Германия-Кельи соборы: Италия-Санта Мария Новелла шіркеуі (ХІІІ-ХIVғасырларда салынған). Готикалық стиль ХIV ғасырда Англияда кең қанат жайды. Готикалық өнер өнімдері адамзат баласының арнайы шындық шеңберінде бейнелеу үшін өздері жасаған кейіпкерлерді аса әсерлі етіп көрсетуге барынша күш салды.
4. Христиандық сана-адам дамуының қайнар көзі ретінде.
Орта ғасырдағы Батыс Еуропа мәдениеті-қайнар бұлағы-«романдық бастаудан» нәр алатын Батыс Рим империясының мәдени дәстүрлері болып саналады.
Орта ғасыр дәуірі 3 негізгі кезеңнен тұрады:
1.Басталуы орта ғасырдағы кезең дәуір басынан басталып,X-XIғасырға дейін.
2.Жоғарғы (классикалық) кезең ХІ-ХIVғасырлар.
3.Кейінгі орта ғасыр кезеңі ХІV-XVғасыр аралығында қамтиды.
1кезеңде:Орта ғасыр мәдениетінің басты ерекшелігі-мәдениеттің діннің ықпалында болуы.Яғни христиан діні және христиан шіркеуінің қоғамда ерекше роль атқаруда болды.
Христиан ілімінің негізі-Мисуе христианның пікірінше,о дүниедегілердің тірілетініне,құдіретті «Үштіктің» бар екендігіне кәміл сенуі болып саналды.Дүниені жаратушы:құдай-әке,құдай-бала,қасиетті-Рух.Христиан діні-адам өзінің табиғатымен-ақ күнә жасауға бейім тұрады.Міне оны сондықтанда шіркеудің көмегімен ғана құтқарып қалуға болады деп үйретті.Шіркеудің қоғамдағы ықпалы өте күшті болды.Орта ғасыр дәуіріндегі Еуропалық қоғамының бүкіл мәдени өмірі христиан дінімен тығыз байланысты болды.Рим империясының мемлекеттік діні-христиан діні болды.Христиандық мәдениет пен өнер саласы жаңа леп,жаңа тарту әкелді.Римнің астанасы-Византия қаласы зор әсерін тигізді.756жылдан бастап Батыс Еуропада қаланың салынуымен қатар онда христиан діні кеңінен таралуына байланысты сәулет өнері дамып,көркем сурет салу кеңінен етек ала бастады.Византия империясы деп аталған Шығыс Рим империясында христандық шіркеу күшті императорлық билікке тәуелді болды.(Византия империясы ұланғайыр жерді алып жатты.Оған Кіші Азия,Эгей теңізінің аралдары,Смрия,Палестина,Египет,Крит және Кипр аралдары,Мисопатания мен Арменияның бір бөлігі,Аравияның жекеленген ауандары,Қырым жерінің біраз бөлігі кірді.Этникалық құрамы әртекті болды.VIғасырдағы Батыс Еуропада моностырлар(монах) әрі бай,әрі беделді діни орталықтарға айнала бастады.Сонымен қатар білім мен мәдениеттің орталығы болды.Орта ғасырдағы Еуропалық қоғам-діни қоғам болды.Сол кезде С.Аверинцев: «күнделікті өмірде жаңалықтарды,газеттерді қалай оқитын болсаң,оларды Библияны(Іншіл) сондай құштарлықпен,үлкен сенім,үмітпен оқитын болған.Шіркеу ілімі-қоғамдық ой-сананың басты ұйытқысына айналды.Осы кезеңде «ақсүйектік мәдениет» пайда бола бастады.Яғни, ІХғасырда Англияда ақсүйектің балалары үшін «Бекзадалар мектебі» ашыла бастады. ХІ-ХІІғасырда Еуропада алғашқы университеттер,ғылыми зерттеулер орталығы ашылды.ХІғасырда Италияда Балон құрылуының мектебінің негізінде «Балон» университеті (1038жылы) ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: |