Білім беру бағдарламасы пәндерінің оқу және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы



бет37/91
Дата11.01.2022
өлшемі300,33 Kb.
#111077
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   91
Байланысты:
Мәдениеттану кешені-2019

Ф-ӘД-001/046

Солардың бірі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу болады.Археологиялық зерттеулер арқылы Қазақстанның оңтүстігінен VI-IX ғғ. қатпарындағы 25 қалажұрты белгіленді, оларды қалалар қалдығы деп атауға болады. Бірісыпырасының аттары белгілі: Испиджаб, Шараб, Будухкет, Отырар (Фараб), Шавғар. Бұл қалалардан бірден көзге түсетіні: арқ (қамалсарай), шахристан (ішкі қала) және рабад (қала маңы).

Жетісудың Оңтүстік-Батысында (Шу мен Талас алқаптары) археологиялық мәліметтерге қарағанда, 27 қалажұрты бар деп есептеледі. Олардың көпшілігі шежіреге енген Тараз, Құлан Атлах, Джамукат, Мерке қалалары болар деп болжайды. Талас Алатауының баурайларында Джумишлагу мен Манкент қалалары, Арыстың орта ағысында орталығы Үсбаникетте орналасқан Кеңжиде өкүрігі құрылады; Отырар көгалды аймағында Кедер, Весидж бен Борық қалалары, Шавғар өңірінде – Яссы, Шағылған, Қарнақ, Қарашоқ, Сауран; Сырдарияның төменгі бойында – Сығанақ, Жент, Асанас, Баршакент; теріскей жоталарда- Баладж бен Берукет қалалары пайда болады. Бұлардың бірқатары бұрын да болған еді, бірақ шағын-шағын мекендер мен қалашықтар болатын ІХ ғасырдың соңы – ХІІ ғасырдың бас кезінде олар кәдімгі қалалық орталықтар қатарына қосылады. Жетісудың Оңтүстік-Батысындағы жаңа қалалар саны да өсті. Талас алқабында – Жікіл, Балу, Шелжі, Текабкет, Көлсұс, Кенжек қалалары. Шу алқабында Баласағұн бас қалаға айналады. ІХ-ХІІІ ғасырдың бас кезінде Жетісудың Солтүстік-Батысында қала мәдениетінің жаңа ауданы құрылды. Орта ғасыр деректері Тәлхир, Лабан, Екі оғыз, Қаялық қалаларын айтады. Осы кезеңде отырықшылық және қала тірлігі Орталық Қазақстанға да жайылады. Қалалар мен мекенжайлар Жезді, Кеңгір, Сарысу алқаптарынан, Ұлытау баурайынан қоныс тебті.

Оңтүстік Қазақстанда қала үш бөліктен–Цитадель, Шахристан, Рабадтан тұрды. Цитадель - қала орталығының мықты қорғаныс айлағы болып табылатын бөлігі. Шахристан - қаланың негізгі орталығы. Рабад – шахристанның сыртында орналасқан қала сыртындағы қақпа. Қаланың осы ғасырдағы жаңадан енген белгі жаңалығы мешіттердің салынуы. Жазбаша деректерге қарағанда ІХ-ХІІ ғғ. қалада міндетті түрде мешіт аталып өтіледі. Қала өмірінің маңызды рөлі болып базар және сауды-саттық айналым саналады. Қала ішіндегі базарларды араб авторлары «сұқ» және «асвақ», парсылар – «базар» деп атаған. Базарлар Шахристан мен Рабад территорияларында орналасқан.

Х-ХІІ ғғ. Оңтүстік Қазақстан қалаларында монша пайда болған. Бұдан ертерек, моншаларды Орталық Азияда сала бастаған. Үлкен қалаларда он шақты монша болған. Қаланың қоғамдық құрылыстары ішінде монша өзіндік бір ерекше орын алған. Отырар рабадында ХІ-ХІІ ғғ. жататын екі монша табылған.

Қала санының өсуі, олардың аумақтық кеңеюі, әрі қарай дамуға зор әсерін тигізді. ХІ-ХІІ ғғ. шағын кәсіптік орындар пайда болды. Қалалар сауда-саттық байланысы мен стратегиялық жағынан да қолайлы орында орналасты. Қалалардың дамуы мен қала мәдениетіне Ұлы Жібек жолы арқылы өтетін тасымал сауда қатынасы маңызды рөл атқарды. Сауда айналымы қала өмірінің дамуына ерекше әсер етті. Қалада негізгі үш бағыт болған: басқа елдермен, ауылдық жерлермен (қала және оның округі), қала және көшпенді жерлердегі тұрғындармен сауда айналымы. Бұл уақытқа дейін соғды және түріктердің дамуында ерекше орын алған халықаралық керуендік сауда-саттық белгілі болған. Ұлы Жібек жолы Жетісу арқылы Оңтүстік Қазақстаннан өткен. Оның жүріп өтетін жолында Суяб, Тараз, Испиджаб қалалары орналасқан. Испиджабтан Солтүстік-Батысқа қарай – Фараб, Шавғар және әрі қарай Сырдарияның төменгі саласына дейін жеткен. Қытайдан жібек, лактық бұйымдар, қағаздар, айналар әкелінді. Қытайға Батыс елдерінен қас бояйтын бояулар, вавилондық кілемдер, бағалы асыл тастар мен меруерт тастар, әйнек пен маталар келіп жатты. Көшпенділермен тауар айырбасы Испиджаб, Отырар, Дех-Нуджикес сияқты үлкен және қала сыртындағы қалалардағы жәрмеңкелер де іске асты. Жетісудың Оңтүстік-Батыс ауданы маңызды тауар айналымының орталығы болып «көпестер қаласы» аталатын Тараз, «басқа елден келген саудагерлер мен көпестер аралас тұратын» Суяб (чуйская долина) қалалары ерекше қызмет атқарды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет