Caбaқ мaқcaты: Орта Азияның ортағасырлық қалалары, тұрмыстық жағдайы, қолөнер шаруашылығы жайлы мағлұмат беру.
Лeкция мәтiнi: Орта Азияның орта ғасырлық мәдениеті және орта ғасырлық батыс еуропа мәдениттерін қарастыру.
1. Орта ғасырдағы Орта Азия мәдениеті - көптеген ұлттардың,қоғамдардың,діндер мен этникалық топ мұраларының көркем жиынтығы.Азия мәдениетінің маңызды бөлігі-көркем өнері,музыкасы және әдебиеті.Мұнда әлемдік діндер яғни иудизм,ислам және христан діндері дамыған өркениеттер қалыптасқан.Орта ғасырда тарихы және географиялық әдебиеттерде Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс, Орталық Қазақстанда, алас, Қырғыз, Іле, Жоңғар Алатауының бөктерлерінде,Қаратаудың күнгей беттерінде, Сырдария, Арыс Шу, Талас, Сарысу, Кеңгір өзендерінің аңғарларында егіншілікпен қатар қала құрылысы, сәулет өнерінің қолға алынып,VI-XIIIғасырдан бастап қаланың салынуы және де ғимараттардың салынуы қолға алына бастады. Саяси және экономикалық орталықтар бірте-бірте зәулім сарайлары бар қалаларға айнала бастады. Қазақстанның ұлан-байтақ жерінде ежелгі замандардан бері отырықшылық, ал орта ғасырдан бастап қалалық өмір-тіршілігі дамыған ірі-ірі тарихи - мәдени аймақтар бөлініп көзге түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |