Білім беру бағдарламасы пәндерінің оқу және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы



бет39/91
Дата11.01.2022
өлшемі300,33 Kb.
#111077
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   91
Байланысты:
Мәдениеттану кешені-2019

Ф-ӘД-001/046

Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның тұрақты халық арасынан болды. Орта ғасырлардағы қалалар тұрғындарының арасында тағы бір зароастризм діні б.з.д. VІІ-VІ ғғ. Иранда әлемдік діндерінің өкілі болды. Ол зароастризм ескерткіштерін Орта Азия, Сырдария өңірлері мен Жетісуда байқауға болады. Ежелгі түрік тайпаларының келуіне байланысты.

VІ ғасырдың орта кезінде Жетісу мен Қазақстанның Оңтүстік жерлерінде тілдік диалект өзгере бастады. VІІ-VІІІ ғғ. Қазақстанда және оның жақын маңдарында түркі тілдес топтар пайда бола бастады: болгар-хазар, Батыс-түріктік, оғыздық, қарлұқтық қимақ-қыпшақтық. Орта Азия мен Қазақстанның территориясында орналасқан халықтар шаруашылықта, діни және әкімшілік-саяси қатынастарда жазудың бірнеше жүйесін пайдаланды. Алматы маңындағы сақ қорғанында қазба жұмыстары жүргізілгенде Есік қаласында табылған құмандағы жазу Қазақстандағы ең көне зат болып табылады. Бірақ оның қай тілде жазылғаны әлі күнге дейін белгісіз. Түрік қағанат тарихының бастапқы кезінде соғды жазуымен, түрік тайпаларында рулық таңбалармен қатар рун жазуы пайда болды. Ол 38 таңбадан тұрды. Бұл таңбалар соғды жазуына қарағанда ағашқа, тасқа жазуға арналған. Енисей және Орхон өзендерінің бойында заттар табылғандықтан ол жазуды «Орхон-Енисейлік» деп атады. Түрік руналық жазуымен қатар Қазақстанның Оңтүстігі мен Жетісуда соғды тілі кеңінен тарады. Ол тіл халықаралық қатынастар тілі соғдылар мен түріктер шоғырланған жерлерде пайдаланады және халықаралық қатынастар ретінде пайдаланады, одан басқа сириялық, ұйғыр жазуларын жаза білді.

Ежелгі түрік рун жазуды ұйғыр тайпасы, одан соң араб жазуының ықпал етуімен ХІ-ХІІ ғғ. ислам қабылдады. Орта ғасырларға мәдениет дамуының куәсі-фәлсафашы, әрі әмбебапшы ғалым Әбу Насыр Мұхаммед Әль-Фарабидің ғылыми мұрасы. Ол философия, математика, геодезия, архитектура және музыка теориясымен айналысып, әдеп саласындағы зерттеулермен танымал болған. Оны Аристотельден кейінгі мұсылман шығысында «Екінші ұстаз» деп атаған.

Х-ХІІ ғғ. Түрік тілдес әдебиеттерінің өкілі Жүсіп Баласағұн. Ол 1069-1070 ж. «Құдадғу білік» поэмасын жазды. «Құдадғу білік» 6520 бөлімнен (85 тараудан) және қосымша 124 бөлімнен тұрады. Поэма кіріспесінде ол «бограхан тілінде, түрік сөздерімен жазылған» деген. «Құдадғу білік»-этникалық-моральдық трактат, яғни ғылыми шығарма ғана емес, ол қоғамның ережесін суреттейтін өсиеттер мен тағылымдар жинағы болып табылатын философиялық-дидактикалық шығарма.

Ортағасырлық ғалымдар ішінен Махмуд Қашқариды ерекше атап өту керек. М. Қашқари бастапқы білімін Қашқарда алады, кейін өзінің білімін көтеру үшін Бұхара мен Нишапурдан білім алады. Зерттеулерін жинақтап 1072-1083 ж. «Диуани лұғат-ат –түрік» (түрік тілінің сөздігі) деген еңбегін жазады. Бұл еңбекті ежелгі орта ғасырдағы түріктердің халықтық өмірінің нағыз энциклопедиясы деп атауға болады.



3. Орта ғасырдағы Батыс Европа мәдениеті. Орта ғасырдағы Батыс Еуропа мәдениеті қайнар бұлағы-«романдық бастаудан» нәр алатын Батыс Рим империясының мәдени дәстүрлері болып саналады.

Орта ғасыр дәуірі 3 негізгі кезеңнен тұрады:

1.Басталуы орта ғасырдағы кезең дәуір басынан басталып,X-XIғасырға дейін.

2.Жоғарғы (классикалық) кезең ХІ-ХIVғасырлар.

3.Кейінгі орта ғасыр кезеңі ХІV-XVғасыр аралығында қамтиды.

1кезеңде:Орта ғасыр мәдениетінің басты ерекшелігі-мәдениеттің діннің ықпалында болуы.Яғни христиан діні және христиан шіркеуінің қоғамда ерекше роль атқаруда болды. Бұл кезеңде «Роман стильі» қалыптаса бастады.Роман стильі-«Рим мәдениетінің мирасқоры» деген мағына берді.ХІ-ХІІІғасырда Роман стильі сәулет өнерінде,мүсін өнерінде,ірі собарлар құрылысында кең етек жайды. Бұл кезеңде ғимараттар салуға ерекше мән берді.Әсем шіркеулер салуда ою-өрнекпен ғимараттарды түрлендіруді қолға алынды.

Орта ғасыр шіркеулері тасты күмбездерден салды.Батыс Еуропаның орта ғасырдағы өнер тарихына Франция мемлекенті шешуші рөл атқарды. Романдық стильдің аса көрнекті үлгісі - Париждегі Нотер-дам (Құдай-ана) шіркеуі болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет