Қосымша:
1. https://www.trt.net.tr/kazakh/k-azak-ieli-turki-orkieniietinin-biesighi/2015/02/12/k-azak-m-dieniieti-konie-turki-orkieniietinin-zhalg-asy-217050
2.https://www.researchgate.net/publication/320915864_Austronesian_influence_and_Transeurasian_ancestry_in_Japanese_A_case_of_farminglanguage_dispersal
№9 Лeкция caбaғының тaқыpыбы: Қазақ мәдениетінің қалыптасуы
Caбaқ жocпapы:
1. Алтын Орда дәуірінің әдеби мұралары.
2. X-XVІІғғ.қазақ хандығының құрылуы – ұлттық мәдениеттің қалыптасуының негізі.
3. XVІІІ-XIХ ғғ. қазақ мәдениеті яғни ақын-жырау, би-шешендер шығармалары
Caбaқ мaқcaты: Қазақ халқының ертедегі мәдениеті өткен дәуірдің мәдениетімен, оның озық дәстүрлерімен сабақтасып тығыз байланысты болып келеді.
Лeкция мәтiнi: X-XVIIIғғ. қазақ халқының рухани мәдениеті аясында мәлімет беру.
1. Алтын Орда атауы орыс тіліндегі Золотая Орда, яғни Бату ханның Еділ өзенінің жағасында өзінің болашақ астанасының орнын белгілеу үшін алтын түсті үйлерден тіккізген салтанатты қаласының атынан шыққан, Моңғол тілінде «Алтын Орда» деген сөз тіркесі Алтын түсті орданы, немесе патша сарайын білдіреді. Моңғолдың билеуші руы да өздерін «алтын әулет» деп атаған, «Алтын Орда» атауы да осыдан келіп шыққан болуы мүмкін. Бұл мемлекетті Алтын Орда деп атайтын бізге келіп жеткен ең алғашқы құжаттар 17-ші ғасырға жатады (Алтын Орда күйрегеннен көп кейін). Одан ертерек құжаттарда ол мемлекет Жошы ұлысы деп аталды.
Алтын Орда кезеңіндегі мәдениет, тұтастай алғанда, жасампаздық сипатта болды, көптеген халықтар мен елдердің, соның ішінде Ресейдің мәдени дамуына игі ықпал етті.
Алтын Орда мемлекеті өмір сүрген уақытта Еділдің бойы мен Донның сағасы, Днепр мен Днестр арасы, Каспий мен Қара теңіз, Азау теңізі жағасы, Қазылық (Кавказ) тау бөктерлері орасан өзгерістерге ұшырады. Құс қанаты талатын байтақ өңірде маржандай тізіліп, батыс пен шығыстың келбетін бірдей бойына сіңірген қала-кермендер орнай бастады. Әзірге қолда бар деректерге қарағанда Алтын Орда тұсында қайта қалпына келтірілген немесе жаңадан салынған шаһар-кенттердің ұзын саны 150-ге жетіп жығылады. Азғана уақыттың ішінде Жошы ұлысы бір орталыққа бағынған күшті көшпелілік және отырықшылық мәдениеттер үйлесім тапқан жарасымды мемлекетке айналады. Бұған хандардың белгілі дәрежедегі бейбіт сыртқы саясаты да аз әсер етпесе керек. Құлағу ұрпақтарымен жүргізілген нәтижесіз соғыстарды санамасақ, Алтын Орда ұзақ жылдар бойы сауда-саттыққа, алым-салыққа негізделген тыныш саясат ұстанды.
Орда жеріндегі бұзылған, ескі қалаларды қалпына келтіру ісі XIII ғасырдың 40-жылдарынан жүргізілсе, жаңа кенттер тұрғызу Сайын хан — Батудың тұсында басталды. Батудан кейін орда тізгінін қолына алған Берке хан да қала құрылысына ерекше мән беріп, көптеген шаһарлар салдырды. Дегенмен, шаһар мәдениетінің шын мәнінде өркендеуі Өзбек пен Әз-Жәнібек хандар билік құрған, XIV ғасырдың 20-60-жылдарына тұспа-тұс келеді. Бұл кездерде Алтын Орданың Сарай, Сарай әл-Жәдид, Гүлстан, Болгар, Білар, Азақ (Азаулы), Қырым, Қафа, Қажы-Тархан, Орда-Базар, Бек-Базар, Үкек, Сарайшық, Түмен, Ақкермен, Шаһар әл-Жәдид, Мажар, Мамай-Сарай, Бел-Жәмен, Қопа, Хорезм, т.с.с. сынды қалаларының даңқы шартарапқа жайылып, ірі әкімшілік, мәдениет орталықтарына айналған еді. Бүгінде белгілі болған құжаттарға қарағанда, Алтын Ордадағы қала салу мәдениеті өз заманы үшін ең жоғарғы деңгейде болғанына көз жеткіземіз. Алтын Орда шаһарларынан Азияны, Еуропаны жайлаған көптеген ұлттар мен ұлыстар мәдениетінщ іздері, жетістіктері байқалатын. Бұл кенттерді тұрғызуда Шығыс сәулет өнерінің ең үздік дәстүрлері уақыт сынынан өткен құрылыс материалдары, оларды
Достарыңызбен бөлісу: |