Ф-ӘД-001/046
батыр, Табан батыр, Бөгенбай батыр, Малайсары, Жалаңтөс батыр, Саурық батыр, Жәнібек, Наурызбай батыр, Балталы, Оразымбет, Ескелді, Жалайыр, .т.б. есімдері аңызға айналған қазақтың ержүректі ұлдары туралы жыр-аңыздар ұрпақтан-ұрпаққа жеткені бәрімізге мәлім.
18-ғас. Жоңғар шапқыншылығы кезінде өмірге келген қазақ күйшілері: Құрманғазы, Дәулеткерей, Абыл, Байжігіт күйші.т.б.
Махамбеттің күйлері: Ақжелең, Жайық асу, Жорық, Жұмыр қылыш, Исатайдың ақтабаны-ай, Қайран Нарын, Өкініш, Тарлан, Қиыл қырғыны, Шілтерлі терезе.
Ал 19-ғас. Қазақтың музыкалық мәдениетіне үлес қосқан композитор-күйшілер: Тарақұлы Абыл, Назарұлы Қожеке, Шоқманұлы Тоқа, Қазанғап, Ерназарұлы Дайрабай, Сарымалай, қобызшы Ықылас, Қазанғап, Өскенбай, Дина, Мәмен, Махамбет .т.б.
XVIII-XIX ғғ. қазақтың ақын-жырауларының шығармаларына арқау болған басты мәселесе осы жоңғар шапқыншылығы болды. Қазақ елінің басынан кешкен қиын-қыстау кезеңін өздерінің жыр-дастандарында толғап, жырлай білген, Бұқар жырау, Ақтамберді жырау, Үмбетей жырау, Көпеш ақын, Шал ақын, Тәтіқара жырау, т.б. болды.
Ақтамберді жырау өзінің шығармасында:
«Дұшпаннан көрген қорлығын,
Сарысу болды жүрекке,
Он жетіде құрсанып, қылыш алдым білекке,
Жауға қарай аттандым, жеткіз деп құдай тілекке»....., деп жоңғар шапқыншылығымен қазақ елінің шайқасын суреттейді.
18-ғас. Орыс патшасының қол астына өтуі, қазақ халқының тағдырына бетбұрыс кезеңь болды. Дегенмен, мұндай өзгерістерден қазақ халқының тағдыры жеңілдеген жоқ. Қайта керісінше өзінің елінде болғанымен билікті орыс халқының адамдары жүргізіп отырғаны анық. Кіші жүз ақыны Қайырлы ақын:
«Айқайлап шыққан ақбөкен, қашып қайда құтылар, қарулы қақпан жатқан соң,
Жылқыдан шыққан қашаған, қашып қайда құтылар, мойнына бұғау атқан соң»- деген өлең жолдарынан қазақ халқының орыс елінің бодандығында болғанын көреміз.
1870-1917 жж. Аралығында Ресейдің бодандығында болған қазақелі үшін баспсөз өнері қолға алынған жылдар болды. Ең алғашқы қазақ тілінде жарыққа шыққан мерзімді басылыи – «Түркістан уалаяты» /1870-1882/ газеті «Туркестанская ведомости» атты газетіне қосымша ретінде 1870 жылдан бастап Ташкент қаласынан шықты. Газетте қазақ елінің тұрмысы, тарихы туралы мағлұматтар, оның ішінде қазіргі Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Талдықорған, Алматы облысының қоныс еткен қазақтардың тұрмыс-тіршілігнен хабардар етті. Газеттің редакторы Ш.М.Ибрагимов болды. 1883 жылы Түркістан генерал-губернатордың бұйрығымен газетті қазақ тілінде шығару тоқтатылып, газет өзбек және орыс тілдерінде шыға бастады. 1888-1902жж. Аралығында «Дала уалаяты» газеті, Омбы қаласындағы «Акмолинские областные ведомости» атты газеттің қосымшасы ретінде жарыққа шықты. Бұл газетте орыс ғалымдарының еңбектерін қазақ тіліне аударып қазақ ағартушылары жазып отырды. Сонымен бірге қазақ қоғамындағы басты мәселе сауаттандыру мәселесі де газет бетінен орын алды. Осындай қоғамдағы болып жатқан маңызды мәселелерді ашып жазғаны үшін қазақ зиялылары билік тарапынан жер аударылды немесе ату жазасына кесіліп халық жауы деген атқа ие болды. Осындай қиын кезеңдерді басынан кешірген қазақ елі десе де еш мойымай қазақтың ағартушылары өздерінің шығармаларын жазудан еш тайынбады.
Қазақ тіліндегі мерзімді басылымдар тек газетпен қана шектелмей журналдар шығары бастады және қазақ ағартушылары оқу-әдістемелік құралдарын, өздерінің шығармалар жинағын, кітаптар да шығы бастады.
1907 жылы қазақ зиялыларының бір тобы Санкт-Петербургте редакторы Әбдірашид Ибрагимұлы болған «Серке» газетін шығара бастады. Бұл газеттің екінші нөмірінде М. Дулатовтың «Біздің мақсат» деген мақаласы жарияланды. Патша тыңшылары газетті «қазақ халқын барлық үкімет орындары мен өкілдеріне қарсы қоздырушы» үндеу ретінде
Достарыңызбен бөлісу: |