Білім беру бағдарламасы пәндерінің оқу және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы



бет48/91
Дата11.01.2022
өлшемі300,33 Kb.
#111077
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   91
Байланысты:
Мәдениеттану кешені-2019

Ф-ӘД-001/046

жасау технологиясы, қала жобалаудағы жаңашыл бағыттар пайдаланылған еді. Орыстың белгілі тарихшы-археологтары Г.Федоров-Давыдов, В.Егоров Алтын Орда қалаларының әлемдік мәдениеттегі орнын жан-жақты дәлелдеп көрсетеді. Ұлығ-ұлыс кенттерінің сәулеті, салтанаты жайлы ортағасырлық жиһанкездер Плано Карпини, Әл-Омари, Ибн-Батута, Ибн-Арабшахтар көптеген деректер қалдырған, Мысалы, Ибн-Батута Сарай әл-Жәдидті «Көшелері кең, сарайлары биік, адамы көп, базары мол, бай, көркем қала» деп суреттесе, «Сарай шаһарының бір шетінен екшші шетіне салт атпен жүріп отырып жету үшін бір күн керек» деп жазады.



Алтын Орда тұсындағы түркі әдебиеті ортағасырлық Шығыс әдебиеті үрдісінде дамыды. Бұл кезеңдегі әдеби ескерткіштерден ең белгілілері — Әл-Бинайдың -«Шайбанинама», М.Хорезмидің «Махаббатнамасы», Бұрһанетдин Рабғұзидің «Қисса-су-л әнбия», Ұсман Кухастанидің «Тарихи Әбілхайыр-хатниы», Құтбының «Хусрау уа Шырыны». Ал көне қыпшақтардың жыраулық дәстүрінен хабар беретіндей жәдігерліктер, өкінішке орай, сақталмапты. Бізге олардың Кетбұға, Сыпыра жырау деген есімдер еміс-еміс ғана жетті. Тек қазақ әдебиетінің көш басшысы саналатын, ұлы жырау, Алтын Орданың күні еңгейген кезін көзімен көрген кемеңгер Асан Қайғының шығармалары ғана қазақ әдебиеті тарихынан қасиетті орнын алып, оқырман қолына тиді.

Алтын Орда дәуірінің әдеби мұралары XIII ғ.2-ші жарт - XV ғ. соңына дейін өмір сүрген. Алтын Орда XIII-XIV ғғ аралығында күшті мемлекет болып тұрды. Бұл тұста оның мемлекеттік беделі көтеріліп, көрші елдермен қарым-қатысы нығайды, шаруашылығы, мәдениеті өркен жайды. Осы кезде Алтын Орда қол астындағы жерлерде, әсіресе Батый сарайы, Берке сарайы, Керчь, Үргеніш, Хорезм, Сығанақ сияқты кенттерде қолөнер, ғылым, әдебиет, көркемөнер өсті. Ол бір жағынан түрік текті ру-тайпалар мен халықтардың мәдениетіннен: әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, әл-Бируни, ас-Сығанақи, би Исқақ, Фирдауси, Низами, Ахмед Яссауи, Сулейман Бақырғани тәрізді ғалымдар мен ақындардың мұраларын пайдалану, ілгері дамыту, екінші жағынан көрші елдер мәдениетінен үйрену арқылы өсіп, өркендеді. Алтын Орда халқының басым көпшіліг түрік текті ру-тайпалар, халықтар, солардың ішінде қыпшақтар, оғыздар болды. Сондықтан Алтын Орда дәуірінің әдебиеті түркі тайпалары мен халықтарының бәріне бірдей түсінікті, солардың әдеби тілі - шағатай тілінде, әсіресе оның қыпшақ-оғыз яки солтүстік диалектісінде жасалды. Алтын Орда дәуірінде өмір сүрген ақын-жазушылардың, жасалған жазба нұсқалардың, әдеби шығармалардың көбі ұмытылып, жоғалып кеткен.

Рабғұзи (13-14 ғ.) - Насреддинұлы Бұрһанеддин есімді ақын-жазушының лақап аты. Рабат шаһарының оғызы деген сөзінен қысқартылып құрастырылған. Тарихта ол көбінесе осы лақап атымен аталады. Рабғұзиден қалған әдеби мұра - "Қиссасу-л-анбия( атты үлкен жинақ. Онда 79 қисса-хикая, ертек-аңыз, әңгіме, өлең, тарих, шежіре, мақала бар. Оларда жер, көк, адамзат, хайуанат, адам-ата жайлы, әулие-әнбиелер, пайғамбарлар, сахабалар туралы баяндалады. Ізгілік, адамгершілік, зұлымдық, қайырымдылық, махаббат, ғадауат, қастық, достық т.б. сөз етіледі.

Әли (13-14 ғ.) - Хорезмнен шыққан ақын. "Қисса Жүсіп деген дастан жазған, онда Фирдауси жырлаған Жүсіп пен Зылиха жайындағы аңыз баяндалады. Өзі мен шығармалары жөнінде мәлімет жоқтың қасы.

Сайф Сарайи (13-14 ғ.) "Гүлстан" атты шығармасымен әйгілі болған. Ол Шираздық Саһдид ақынның "Бустан" атты шығармасы негізінде жазған. Соның кей жерін қысқартып, кей жерін ұзартып, өзінше жырлаған. Хорезми (14 ғ.) - үлкен ақын. "Мұхаббатнама" атты поэма жазған. Поэмасында "Сырдария жағасында жасадым. Мұхаббатнама сөзін сонда бірінші айттым" дейді. Сыр бойындағы Жезді қаласында тұрған сияқты.Шын аты-жөні, басқа шығармалары сақталмаған. "Мұхаббатнама" мақсатына жете алмаған жігіттің ғашығына айтқан арнау сөзі түрінде жазылған. Он бөлімнен немесе үлкенді-кішілі он өлеңнен тұрады. Өлең тармақтары көбінесе он бір буынды болып, маснауи, қасида, ғазал түрінде қиыстырылған. Сюжеті қисынды, қызықты, тілі көркем поэма. "Мұхаббатнама" - Алтын Орда дәуірінің әдебиетінің ең көрнекті нұсқасы. Хұсам Қатиб (14 ғ.) - "Жұм-жұма" атты поэманың авторы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет