Ф-ӘД-001/046
"Түркі" этонимі алғашқы кезде белгілі бір ақсүйектерден шыққанын білдірген (ғылымда этносқа қатысты "түркі"терминін қолдану қалыптасқан, біз соған арқа сүйейміз). Орталық Азияны мекендеген көптеген тайпалық одақтардан біріккен феодалдық мемлекет Түркі қағандығы өмір сүрген. Түркі қағандығының әлеуметтік-саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алған. Түркілердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болған. Түркі қағандағы тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұланғайыр өлкедеғі негізгі тілге айналған. Түркілердің жазуы да болған. Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің дүниетанымдық көзқарастары, наным-сенімдері туралы көп мағлүмат алуға болады. Көне түркілер аспан денелерінің қозғалысына карап ауа райын, жыл маусымдарының қандай болатынын күні бұрын анықтай алған. Көне түркілер геометрия, математика ғылымдарынан біршама хабардар болған, оны су жүйелерін салуға, күрделі ғимараттар, карауыл төбелер тұрғызуға, т.б. пайдаланған. Олар металды, түрлі минералдарды еріту әдістерін, шөптердің емдік қасиеттерін білген. Емдеудің неше түрлі әдістерін де жетік меңгерген. Ежелгі түркілер, негізінен, қос күшке - Көкке және Жерге сиынатын болған. Көк Тәңірінің рақымымен елді билеген қағандар "Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген" деп аталған. Ежелгі түркілер үшін Көк пен Жер-Судан кейін тұрған құдіретті күш әйел, ошак басы құдайы Ұмайға табынған. Түркі халықтарының мәдениетінде персонификациялабаған, шексіз аспан әлемімен қатар аспан шырақтары, құтты мекен, отсуға да бас игенін білдіретін деректер кездеседі.[1] Түріктердің дүниетанымының бастау бұлағы, қайнар көзі – табиғат. Бұл, табиғатпен біте қайнасып бірге өскен, соның өзгерісін, құбылысын жіті бақылайтын көшпелілер әулетінің қоршаған ортамен тығыз байланысты екенін білдіреді. Көптеген салт-дәстүрдегі наным, тыйымдар осы табиғатпен біте қайнасудан туындаған ұғымдар жиынтығы болып саналады.
Түркі халықтары — Орталық, Шығыс, Солтүстік және Батыс Азияның, сонымен қатар Еуропа мен Солтүстік Африканың бөліктері этнолингвистикалық топтардың жиынтығы. Түркі халқы Алтай тауларынан Шығыс Монғолияға дейін созылған аймақта пайда болған. Кейбір лингвисттер түркі халықтарының тамырын Манчжуриядағы Батыс Ляо өзенінің бассейнінен табуға болады деген болжам айтады. Түркі тілдес халықтар түркі тілдері отбасына жататын тілдерде сөйлеседі. Олар әртүрлі дәрежеде, белгілі бір мәдени ерекшеліктермен, жалпы ата-бабаларымен және тарихи шығу тегтерімен бөліседі.
Уақыт өте келе батыс түріктері (оғыздар) басқа этностарды сіңірді және Иран халықтарының ықпалына түсті. Анадолы түріктеріне түркітілдес емес халықтар қатты әсер етті. Осыған қарамастан, көптеген адамдар тілдік емес сипаттамаларды бөліседі, мысалы, мәдени ерекшеліктер, ортақ генофондтан шыққан тег және тарихи тәжірибе. Қазіргі заманғы түркітілдес этникалық топтардың қатарына түрік халқы, әзірбайжандар, өзбектер, қазақтар, түркмендер, қырғыздар, якуттар мен ұйғырлар жатады.
2. Қазақ мәдениеті – көне Түркі өркениетінің жалғасы. Түркі өркениетін өз кезегінде оңтүстік және солтүстік деп екі қанатқа бөлуге болады. Түркі өркениетінің Оңтүстік қанатына Ұйғыр, Өзбек, Әзірбайжан және Анадолы-Балқан мәдениеттері кіреді. Ал солтүстік қанатқа Қазақ, Қырғыз, Қарақалпақ, Ноғай, Сібір, Солтүстік Кавказ, Татар, Башқұрт, Қырым мәдениеттері енеді. Солтүстік қанат Түркі мәдениетінің саф, таза, негізгі қалпын сақтап қалса, Оңтүстік осы саф мәдениетті жетілдіріп, өңдеп, нәзік және биязы қалыпқа келтірген. Солтүстіктің тілі қаншалықты көне және жуан болса, оңтүстіктің тілі соншалықты жаңа және нәзік. Солтүстіктің музыка аспаптары қаншалықты қоңыр дауысты және табиғи болса, оңтүстіктің аспаптары соншалықты жіңішке дауысты. Мысалға домбыра екі ішектен тұрса, Анадолыдағы бағлама жеті ішектен тұрады. Оңтүстікте Араб-Парсы және жалпы қала мәдениетінің ықпалы анық байқалады. Ал солтүстікте дала мәдениеті, көшпенді дүниетанымы үстем.
Бүгінгі тәуелсіз Түркі мемлекеттерінің туларына қарайтын болсақ та, бұл оңтүстік-солтүстік айырымын көруге болады. Қазақстан мен Қырғыз Республикасы Ислам дінінен бұрынғы Тәңірліктің белгісі «Күнді» өз туларында бейнелеген.
Достарыңызбен бөлісу: |