Caбaқ жocпapы:
1. Түркі мәдениеті.
2. Қазақ мәдениеті – көне Түркі өркениетінің жалғасы
Caбaқ мaқcaты: Түркілердің мәдени мұрасы барысында толықытырылған мағлұматтар беру.
Лeкция мәтiнi: Қазақ мәдениеті – Түркі өркениетінің жалғасы, ең тұнық халі. Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел ретінде халықаралық аренада өз орнын алуы – бұл мәдениеттің мәңгіге сақталатындығының кепілдігі.
1. Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мәдениеттің жалпы атауы. Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань мен Алтай өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта жөне Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа территорияларына кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың барлықтарының субстаты болып табылады. "Түркі" деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |