Білім беру бағдарламасы пәндерінің оқу және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы



бет49/91
Дата11.01.2022
өлшемі300,33 Kb.
#111077
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   91
Байланысты:
Мәдениеттану кешені-2019

Ф-ӘД-001/046

Бұл поэма Низами поэмаларына еліктеу түрінде жазылған. Құтб (14 ғ.) "Хисрау Шырын", "Фархад- Шырын" дастандарын жазған. Бұларды автор өзінен бұрынғы ақындар баяндаған тақырыпты өзінше жырлайды. Бұл екі дастанды аттас Низами шығармаларының түрікше нұсқасы десе де болады. Сайдахмед (14-15 ғ.) "Таһшшуқнама", "Саонама" дастандарын жазған ақын. Дүрбек (14-15 ғ.) мұсылман елдерінің бұрын-соңды өткен ақындары жырлаған "Жүсіп-Зылиқа" аңызын түркі тіліне дастан еткен. "Осы тамаша аңызды өз тілімізде дастан етіп жазуды мақұл көремін"- деді ақын. Оны 1409 ж. аяқтаған. Дүрбек жайында мәліметтер өте аз.



Сақақи (15 ғ.) Сырдария мен амудария аралығынан мекендеген ру-тайпаларынан шыққан. Алтын Орда дәуірінің үлкен ақындарының бірі. Өлеңдердің көбіне дүние жайында лирикалық болып келеді.

Сонымен Алтын Орда дәуірінде оның қол астына қараған ру-тайпалар мен халықтардың үлкенді-кішілі бірсыпыра ақын-жазушылары, тума әдебиеті болды. Онда ацдарма шығармалар да едәуір орын алады.



2. X-XVІІғғ.қазақ хандығының құрылуы – ұлттық мәдениеттің қалыптасуының негізі.

Қазақ хандығы - Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этносаяси процестердің заңды қорытындысы.

XV ғ. 60-шы жылдары Қазақ хандары қарсыластарын тықсыра отырып, Батыс Жетісуға табан тіреді. XVI-XVII ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, этникалық аумағының негізгі бөлігін қамтитын шекаралары кеңейе түсті. Орта Азия, Астрахан, Қазан, Сібір хандықтарымен, Ресеймен тығыз байланыс болды. Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел, Тәуке хандардың есімдері Қазақ мемлекеттілігі деген атаумен қоса жүреді. Өйткені олардың қазақ жерін нығайтудағы, қазақтардың үстемдігін орнатудағы әрекеттері орасан зор болатын. Хандықтағы жоғары билік хан қолына шоғырландырылды. Салт бойынша, хан тағына отыруға рудағы үлкен ұлдың құқығы басым болды. Хан әскерлердің бас қолбасшысы және жоғарғы сот қызметін атқарды, шет мемлекеттермен келіссөздер жүргізу, соғыс жариялау мен бейбіт бітім жасау, заңдар шығару және хандықтың бүкіл аумағын билеудің бас құқығына ие болды.

XV-XVII-ғ. Қазақ хандығы дәуірінде қазақ этносының материалдық және рухани мәдениетінің негізгі сипаттары қалыптасты. Астанасы Түркістан қаласы болған Қазақ хандығы тұсында Орталық Қазақстан мемлекеттің стратегиялық тұрғыдан аса маңызды өлкелерінің бірі болды. Керуен жолдары ішінде көне дәуірлерден жеткен екі бағыт ерекше орында тұрды. Сарысу жолы өңірдің батысымен өтті. Оңтүстікте, Жібек жолының негізгі торабынан бастау алған ол Түркістанның үстімен Ұлытауға жете тармақталып, әрі қарай — Орал мен Еділге кететін. Қазақтар үнемі маңызды кеңестер өткізіп отырған, көптеген рулардың таңбасы қашалған атақты Таңбалытас осы Сарысу бойында. Қарқаралы жолы шығыс тарапта қанат жайды. Оңтүстікке Хантау мен Шу арқылы түсетін бұл бағыт, теріскейге қарай қимақтардың жұрты болған Ертіс бойына және одан әрі Батыс Сібірге тартатын. Қарқаралы жолын Хан жолы деп те атады.

Қазақ хандығы кезеңінің көптеген сәулеттік ескерткіштерінің арасында қазақтармен достық қарым-қатынаста болған ойрат ұлыс князьдары XVII ғасырда лама дінінің пұтханасы ретінде салдырған Қызылкеніш сарайы (Қыз Әулие сарайы) бар. Қызылкеніш сарайы Қарағанды қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 км жерде, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының территориясындағы Кент тауында орналасқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет