Білім беру бағдарламасы пәндерінің оқу және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы



бет90/91
Дата11.01.2022
өлшемі300,33 Kb.
#111077
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91
Байланысты:
Мәдениеттану кешені-2019

Ф-ӘД-001/046

«Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді», - дейді Тұңғыш елбасымыз. Сондықтан рухани жаңғыру үдерісін дер кезінде қабылданған оң шешім деп танимыз. Осы рухани жаңғырудың жүзеге асырылуын біз және сіз болып, «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бірлікте орындауымыз аса қажет. Бәсекеге қабілетті, әлемдік деңгейде танылған әрі дамыған рухани кемел ел болу – Елбасының асыл арманы. Ендеше, мемлекет басшысының жастарға соны серпін, тың бастама ұсынуы келешекке қамданудың әрекеті деп түсінеміз.

Тұңғыш Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастыратындығын айтып өтті. Яғни, тарихи тұлғалар туралы фильмдер түсіріліп, ежелгі мәдениетімізді көрсететін мұражайлар ашылады. Ал ескі Отырар қаласы қалпына келтіріліп, туристердің көзайымына айналмақ. Мемлекет басшысы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласымен төл тарихымызды бір жүйеге келтіруге үндейді. Яғни, құр тарихи деректер емес, жалпақ жұрт түсінетін мәдени дүниеге айналдыру мәселесін қозғайды. Мақалада Ұлы дала елінің бү­гін­гі мұрагері тәуелсіз, бірлігі мен берекелі тыныс-тіршілігі ұйысқан еліміздің әлемдік өркениетте ала­тын орны айқындалған. Қазақстан сан ғасырлық тарихтың ғана емес, әлемдік өркениет қазынасына енетін бай мәдени игіліктің иесі екендігін зерделеу, насихаттау аса маңызды міндет екені көрсетілген. Себебі, қым-қиғаш оқиғаларға то­лы жаһандық үдерістерде кез келген ел мен мемлекеттің бүгінгі әлеуетін ғана емес, өткен замандар­дың даңқ­ты парақтарының мұра­герлері ре­тіндегі жағымды бейнесін де әлемге танытудың маңызы ерекше.
Қазіргі таңда әл-Фараби есімі әл­ем жұртшылығына кеңінен та­нымал, олар біздің ұлы бабамыздың түркілік тегін, ұлы ғалым ретіндегі рөлін бағалап, мойындап отыр. Мысалы, голландиялық, түркиялық ғалымдар өздері бастама көтеріп, біздің университетімізбен бірлесе отырып, әл-Фарабидің өмірі мен қызметіне арналған бірнеше деректі фильм дайындады. Әл-Фараби бейнесі арқылы еліміздің ежелгі өркениет ошағы екенін мойындап қана қоймай, оны әлем жұртшылы­ғына таныстырды. Бұл Бұл – даңқты ба­бамыздың мұрасы арқылы елі­мізді танытудың бір ғана мысалы екенін айтқым келеді.
«Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы. Құдайға шүкір, негізсіз ел емеспіз ғой! Сол барымыздың бағасын базарлай алатын уақыт бүгін мүмкін боп тұр. Осы мүм­кіндікті уыстан шығарып алсақ, болашақ бізді кешпесі анық. Ел игілігіне исін­діру жолында күллі Қазақс­тан халқы бір атаның бала­сын­дай құлшына күш біріктіруге тиіспіз!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет