Ф-ӘД-001/046
Облыс кітапханаларында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында түрлі мәдени іс-шаралар атқару арқылы насихаттау:
- «Мәдени мұра» қорын қалыптастыру;
-Мәдени–әдеби мұраларды сақтау және оны насихаттау;
-Сирек кездесетін және құнды әдебиеттерді насихаттау;
-Заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін дамыту;
-Тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштері туралы әдебиеттерді насихаттау;
-Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі философиялық мұрасын оқып-үйрену;
-Жастарды мәдени құндылықтарды білуге және оны дамытуға баулу;
Халықтың тарихи естелігі – ғасырлар бойы мәдени мұраға салынатын, барлық адамзат өркениетінің мәдени топтарын, халықтың, ұлттың, этностың өзін сақтап қалудың негізі болып қалу факторы болып табылады. Мәдени мұра өркениетті қоғамның ең маңызды себебі болып табылады, ол өзіндік рухани – өнегелілік пен материалдық құндылықтардан тұрып, ол бір ұрпақтан келесі ұрпаққа жай өтіп ғана қоймай, оларды жоғалтып алмас үшін, ұлттық, мемлекеттік масштабтағы үлкен күш пен құралдарды салуды талап етеді. «Мәдени мұра» бағдарламасын орындау барысында 2004 бастап бүгінгі күнге дейін 73 аса археологиялық және сәулет ескерткіштеріне қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, 40 аса археологиялық, 26 ғылыми қолданбалы зерттемелері жүргізілді. Қазақстанның еуразияға және әлемге танылған, кеңінен танымал ескерткіштерінің арасында – Сайрам, Отырар, Тараз, Қаялық Сығанақ, Жанкент, Жент ескі қалалары, Есік, Берел зираттары, Тамғалы пероглифі, Айша- бибі, Бабажы-Қатын кесенесі, Яссауи кешені. «Біздің елімізде мысыр пирамидалары және Римдік Колизейлер жоқ, бірақ Қазақстан аумағында көне дәуірде өмір сүрген көшпелілердің ролі Еуразия үшін ғана емес, сондай ақ әлемдік тарих үшін бағасыз». Біз дала өркениетінің ұлылылын әлемдік деңгейде көрсетуіміз керек - бұл «Мәдени мұра» бағдарламасының басты тапсырмаларынығ бірі – деп Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев ерекше атап өтті. Бағдарламаның екінші үлкен бағыты – Қазақстан тарихына қатысты, кітаптардың, құжаттардың. қолжазбалардың көшірмелерін алу. «Мәдени мұра» бағдарламасының арқасында 10 мыңнан аса мұрағаттық материалдар, құжаттар, қолжазбалар және жасанды заттар анықталды. Шетелдік мұражайлардағы ең көптеген мәлімет – 3 мың құжат – Қытайда болды. Бқл құжаттар ғылымға бүгінгі күнге дейін белгісіз, олар Қазақстан тарихын жүйелендіруге көмектеседі. Сондай ақ Шығыс Еуропадан, АҚШ, Түркия, Қытай, Ресей, Жапония және Арениядан республикаға 5 мың бірегей тарихи құжаттары қайтарылды. Бағдарламаның үшінші бағыты: ұлттық әдебиеттің бай мұрасын зерттеу, оны жүйелендіру және көптомдылық шығару. Ғылыми-танымал. әдебиет жұмыстарының тұтас сериясы өңделді, тарих, этнография, археология бойынша 400 аса кітап атаулары, сондай ақ жаңа энциклопедиялық сөздіктер шығарылды. «Бабалар сөзі» (Слово предков) жүзтомдық басылымының 66 томы басып шығарылды. Онда ежелгі қазақ ертегілерінен заманауи әдебиет әңгімелеріне дейін бар. 200 томдық «Жүз қазақ романын» шығару жалғасуда. Оған соңғы 100-150 жылдардағы қазақстандық жазушылардың ірі әдеби туындылары енгізілген. Қазақстанның 10 томдық энциклопедиясы, бес том орыс тілінде және анықтама ағылшын тілінде шығарылды. Сондай-ақ ежелгі заманнан қазіргі күнге дейінгі қазақ ойшылдарының мұрасын қамтитын жиырматомдықты шығару бойынша ғылыми жобалар жүзеге асырылуда, басқа жобаға дүниежүзілік философиялық мұраны басып шығару кірсе, ал үшіншісі Әл Фараби шығармаларының жиырма томдығын шығаруға арналған. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде өткен жүзжылдықтың танымал орындаушыларының аудио, фоножазбаларын іздестіру және қалпына келтіру және еліміздегі мұражай және кітапханаларының ақпараттық және телекоммуникационды технологиясына енгізу. Қазақ музыкасын зерттеу бойынша жұмыстар жалғасып, бестомдық музыкалық антология әзірленді. Бағдарламаның ең маңызды бағыттарының бірі оны жүзеге асыру барысында алынған, мәліметтерді жүйелендіру және оқу бағдарламасына және орта және жоғарғы оқу орындарының бағдарламасына енгізу.
Достарыңызбен бөлісу: |