Ф-ӘД-001/046
құруға немесе шығармашылық білім мен ғылым, экономика, бизнес пен инновация байланысын қамтамасыз ететін экономиканың шығармашылық секторына маңызды рөл беріледі. Бүгін бұл – саланың бәсекелі басымдықтары мен оның креативті индустрия дамуының оңтайлы түрі. Институттық қайта құруға байланысты Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әдебиет және өнер жөніндегі ұлттық кеңес және Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы салалар жөніндегі көркемдік кеңес құру көзделуде. Бұл – шығармашылық, мемлекет пен бизнес үшін мұндай диалог алаңын құру қажеттілігін атап өткен саланың сарапшылары мен өкілдері қолдаған шығармашылық одақтардың бастамасы. Мұнда репертуарлық және гастрольдік саясатты қалыптастыру, саланы кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету және тағы да басқа мәселелер шешілетін болады. Сондай-ақ, келешекте бірқатар шығармашылық жоғары оқу орындарды, колледждер мен мектептерді Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағына беру жоспарлануда. Бұл шара шығармашылық кадрларды даярлаумен қатар, олардың әрі қарай дамуы, кәсіби бағыттылығы мен білім алуының дуалды қағидасын іске асыру саласындағы көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Бәріміз білетіндей, тұлғаның қалыптасуы балалық шақтан басталатын және қалған өмірінде дерлік жалғасатын үздіксіз процесс. Бұл орайда министрліктің міндеті дарынды тұлғаларды жүйелі қолдауды қамтамасыз ету, шығармашылық даму үшін бастапқы жағдайлар жасау, мәдениеттегі өзіміздің бірегей білім беру моделін қалыптастыру болып табылады. Мәдени өнім әр азамат өзінің елін мақтан тұтатындай тәрбиелеуі қажет. Біз тарихи-мәдени мұраға бай елде тұрамыз, бізде бірегей мәдени және табиғи объектілер, тарихи ескерткіштер, мінәжат орындары жеткілікті. Алайда, бәрі бола тұра, өзінің лайықты дамуына жете алмауда. Осыған орай, барлық ресурстарды біріктіру, бар құралдарды қолдану және бәсекеге қабілетті мәдени ортаны қарқынды дамыту үшін жағдайлар жасау қажет. Сондай-ақ, мәдени саясаттың тұжырымдамасы отандық мұражайлар мен қорық-мұражайлардың функцияларын айтарлықтай кеңейтуді көздейді. Олардың жұмысының форматы тарихи ғылыммен, археологиямен, қайта жаңғыртумен, өнертанумен, этнографиямен тығыз байланыстыруға бағыттауды көздейді. Қазақстан мұражайлары зерттеу қызметі, ғылым, мәдени ақпарат пен шығармашылық инновацияның тірек орталықтарына айналуы тиіс. Сонымен қатар, отандық кітапханалардың қызметі жаңа форматта жұмыс жасайтын болады. Бүгін ол – барынша пайдаланылатын және заманауи, сондай-ақ, ыңғайлы форматта баршаға қолжетімді болатын елдің ауқымды ақпараттық ресурсы. Жалпы айтқанда, елдің кітапханалары азаматтарымыздың мәдени демалысының көпфункциялы, білім беретін және ақпараттық орнына айналуы қажет. Жаңа мәдени саясаттың басымдылықтарының бірі – әлемдегі қазақстандық мәдениеттің мәртебесін нығайту. Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда отандық мәдениет пен өнерді әлемнің мәдениет процесінде біріктіру әлеуеті жеткілікті іске асырылмауда. Халықаралық байланыстарды ұлғайтудың қажеттілігі туып отыр, оның ішінде ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ, ИКОМОС және тағы да басқа беделді ұйымдармен ынтымақтастықты арттыру қажет. Келешекте елімізде гуманитарлық-ынтымақтастық саласында өңірлік зерттеу және ғылыми-білім беру орталығы – ЮНЕСКО халықаралық институтын құру жоспарлануда. Сондай-ақ, Астанада мәдениет саласындағы жаңа халықаралық ұйым – «Silk Road» мәдени даму жөніндегі Еуразиялық кеңесінің штаб-пәтерін ашу жөнінде ұсыныс бар. Әрине, саланың алдында жауапты міндеттер тұр. Жаңа мәдени саясаттың әрбір белгіленген бағыты бірқатар жұмыстарды атқаруды талап етеді, ал олардың сәтті іске асырылуы дамудың жоғары мәдени деңгейі бар дамыған мемлекетті қалыптастыруға тағы да бір қадам деуге болады.
2. Егемен Қазақстанның мәдени саясаты. Саяси салада күшті президенттік республика құруға кейінірек парламенттік билікке реформа жасап, маман жоғарғы Кеңес құруға бағыт ұсталды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін егемен мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы 3 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына кірді, Халықаралық валюта қоры нық, халықаралық реконструкция және даму банкісінің дүниежүзілік банктің, халықаралық даму ассоциациясының, Инвестицияға кепілдік беретін көпжақты агенттіктің, Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық
Достарыңызбен бөлісу: |