Білім беру бағдарламасы пәндерінің оқу және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы



бет82/91
Дата11.01.2022
өлшемі300,33 Kb.
#111077
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   91
Байланысты:
Мәдениеттану кешені-2019

Ф-ӘД-001/046

Алдымызға жауапты міндет қойылды – 2050 жылға дейін Қазақстанның мәдени саясат пайымын жай ғана ұсыну емес, сондай-ақ, оның дамуына жаңа импульс­тер, қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қа­лып­тастыру механизмдерін көрсету қажеттілігі туды. Сондықтан, әрбір тұлғаның пікірі маңызды болды. Біз әлемдік үздік тәжірибені зерт­те­дік, халықтың проблемалары мен қажеттіліктеріне кешенді-әлеу­меттік зерттеу жүргіздік. Әзір­леудің әрбір сатысында Тұжырым­дама жобасы ауқымды талқылаудан өтті. Бұл нағыз шығармашылық ізденіс болды. Барлығы үлкен қайтарыммен және ықыласпен жұмыс жасады. Елбасы 2050 жылға де­йін­гі Даму стратегиясында көп­ұлт­ты мемлекетімізді нығай­ту­дың «Мәңгілік Ел» берік идеясын ұсынды және ол мәдени саясат тұжырымдамасы жобасының негізгі құрамдасы болды.



Жалпы, құжат – жаһандық әлем­де отандық мәдениеттің өзіндік бол­мысын және ұлттық сәйкестігін ай­қын­дайтын ұлттық мәдени мұра­ның басымдығы, мәдениетті өсу факторы және әлеуметтік дамудың қуатты ресурсы ретінде тану, елдің мәдени сан алуандығын құрметтеу, полиэтностық Қазақстанның мәде­ниеті мен дәстүрлерін қолдау және дамыту, шығармашыл тұлға мен мәдени өзін өзі көрсету ны­сан­дары­ның еркіндігі, жаңа инсти­туттық бірлестіктер, қазіргі заманғы мәдени кластерлер мен озық технологиялар базасында мә­де­ни орта бірлігі қағидаттарымен негіз­делген. Бұл қағидалар қазақ­стан­­дықтардың бәсекеге қабілетті жаңа мәдени ментальдігін қалып­тас­тырудың өзегі болатын құндылық­тар жүйесін құруға мүмкіндік береді. Мәдениет өз алдына күрделі сала, себебі, мұнда қандай да бір есеп жасау, дамудың нақты болжа­мын анықтау немесе белгілі бір формуланы жасау мүмкін емес. Әлемнің қай мемлекетінде болсын, мәдениеттің нақты стандарттары мен нормативтері жоқ деп сенімді түрде айта аламыз. Қазіргі таңда мәдениетті адамды оқитын кітабы, көретін фильмдері, тыңдайтын ән­дері, өмір сүріп жатқан айнала­сы тәрбиелеуде. Сондықтан, мәде­ниет­тің сапалы өнімін әзірлеу, дұрыс құндылықтарды қалыптастыру өте маңызды. «Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды. Қазақстандық мәдениет еліміздің барлық азамат­тары үшін патриоттықтың өзегі болуы қажет. Біз ұлттық мәде­ниеті­­міз бен дәстүрлерімізді әр алуандығын және айбындылығын сақтай отырып, оны қорғауымыз, мұра­мызды түйірлеп жинастыруы­мыз керек», деп айтқан Мемлекет басшысының керемет сөзі бар. Ол қазақстандық мәдениет – елдің бар­лық азаматтары үшін пат­риот­тық өзегі болуы тиіс екенін әлде­неше рет атап өткен болатын. Қа­зақ­тарда әрқашан да жеті ұлы ру­хани құндылығы, яғни «Жеті қазынасы» болды. Сондай-ақ, тұ­жы­рымдама жобасында ұлттың мәдени кодының жеті бөлігі: мұра, дәстүр, салт, тіл, отбасы, шаруа­­шылық жүйелер, мерекелер анық­­­талған. Бұл туылғаннан қалып­тасатын, өмір бойы адамды сүйе­мелдейтін және ұрпақтан-ұрпаққа берілетін құндылықтар. Өзінің қалыптасуының бастауын білетін, тарихи түп тамырын құрметтейтін және дәстүрін сақтайтын халық – бұл қуатты және табысты мем­лекеттің негізі. Қазіргі жағдайлар әрбір адамға қолжетімді және түсінікті басты бағыттарды қалыптастыратын, сон­дай-ақ, тарата алатын мәдениет­тің сапалы жаңа өнімдерін әзірлеу­ді талап етеді. Ең алдымен, бұл жалпы­адам­дық, яғни отбасы, адам­гер­шілік, ізгілік, жасампаздық құнды­лық­тары. Нормалардың нақты иерархиясын беретін, қарапайым және талассыз ақиқаттардың жетек­шісі болатын жаңа жарқын көркемдік образдар әзірлеу қажет. Шартты түрде айт­қанда, біздің кейіпкерлеріміз, өзінің қызметіне берілген дәрігерден бас­тап, тарихта аты қалған ұлы тұл­ға­ларға дейін қалыптасуы тиіс. Отандық кино, әдебиет, сурет өнері қорларында елдің тарихи оқиғалары мен мәдени мұралары үшін маңызды жобалар орын алуы керек. Өзінің толыққанды дамуын отан­дық анимация алуы тиіс. Бұл қазақстандықтардың жаңа буынын қалыптастырудың ең әсерлі және қолжетімді құралы, олар үшін біз­дің ұлттық өмір салтымыз, дәстүр­леріміз бен кейіпкерлеріміз құнды­лықты бағытқа айналуы керек. Қазақ батырлары, сұлтандары, ұлт­тық кейіпкерлері өзінің көркем­дік орындалуын анимация мен кинематография арқылы алып, өнеге ретінде бұқаралық үлгі бола­ды. The World Disney Company тәжі­­рибесін мысалға алсақ, ол ба­ла­­ларға арналған заманауи кейіп­кер­лерді қалыптастыра отырып, оларды көлемді тираждау мен ық­пал­дастыру құралын жасады. Бұл, әрине, үлкен бизнес және ауқымды индустрия. Сондықтан, тұжырымдамада заманауи мәдени кластерлерді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет