Білім беру бағдарламасы пәндерінің оқу және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы



бет78/91
Дата11.01.2022
өлшемі300,33 Kb.
#111077
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   91
Байланысты:
Мәдениеттану кешені-2019

Ф-ӘД-001/046

саяси жағдайларға бейімделуде. Жалпақ бірлестіктердің жауластық пен «жүзге бөлінуді» жоюына қарамастан, қазақ халқының рулық санасы ғасырлар бойы сақталып келеді. Ол ұзақ уақыт бойы қазақ зияткерлерінің арасында бір мағыналы бағаға ие бола алмады. Біреулері оны ұлттық бірлікке деген қауіп деп түсінді, екінші біреулері «жеті атаны» білу ұлттық мәдениеттің құбылысы деп қарастырды. Барлық болжамдарға ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында нүкте қойды, ол қазіргі Қазақстанның мәдени өмірінде рулық сананың мәні мен рөлінің аса маңызды екенін баса айтты. «Жеті ата» принципі барлық халықтың рухани бірлігінің құралы іспетті. Осы принцип қарапайым болғанымен, отбасы-туыстық махаббаттың негізіндегі этникалық тұтастықты анықтайтын күшті ядро болып табылады. Қазақ халқы этномәдени қауымдастық ретінде өздерінің этноұжымдық зердесінің арқасында сақталды.



2. Ақпаратты-технологиялық қоғамдағы жаһандану мәселесінің алар орны. Бүгінгі Қазақстан ұлттық жандану кезеңін бастан кешіруде. Ұлттық-мәдени жандану үрдісі мәдени парадигманың ауысуын білдіреді. Бұрынғы концепцияларды қайта қарау, ұмытылған немесе тиым салынған атаулардың қайта келуі – казіргі Қазақстанның мәдени өміріне тән ерекшеліктер. Тәуелсіздіктің онжылдығында жаңа қазақ тарихын жасаудың бастамасы қолға алынды. Алайда, «сөз еркіндігі» қазақ тарихшылары үшін ауыр сынақ болды. Алғаш рет, соңғы жүзжылдықта материалдық жағдайы мен ынтасы бар әрбір адамның жазуға да, баспаға шығаруға да мүмкіндігі болды. Бұл жағдайда, бізге көптеген әртүрлі деңгейдегі және әртүрлі сападағы тарихи шығармалар ағымы келіп түсуде. Бұл тарихиграфияның анализі мен сыны жеке мәселе. Бұл жерде айта кететін жайт, кәсіпқой және кәсіпқой емес жазушылардың қаламынан шыққан тарихи шығармалар бүкілхалықтың өзінің тарихына деген қызығушылығының дәлелі болып табылады. Бүгінгі күнде қазақ халқы өзінің бай, қанықты, қуаныш пен қайғыға толы тарихты аса қызығушылықпен оқуда. Ұлттық жанданудың үрдісі мемлекет және халық үшін де бейнетті болып табылады. Бұл үрдіс өзінің ұлттық және тұрмыстық салт-дәстүрлерін мұқият зерттеуді талап етеді. Ескі салт-дәстүрлерді бүгінгі таң мен болашақтың талаптарына сай жандандыру қажет. Сол кезде ол «салмақ» емес, мемлекеттің ілгерілеуге деген қозғалтқышы болып табылады. Салт-дәстүрімізді жаңарту өткенімізді естен шығармауға, бүгінгімізді жақсартуға және болашаққа жоспар құруға мүмкіндік береді.

Мәдениет жаһандануын екі феноменмен байланыстырады. Біріншісі Жер шары халықтарының басым көпшілігі арасындағы батыстық индивидуалистік құндылықтардың таралуын сипаттайды. Бұл құндылықтар адамның индивидуалды құқығын мойындайтын және адам құқығын халықаралық деңгейде қорғауға тырысатын әлеуметтік институттармен насихатталады. Екінші тенденция ретінде бүкіл әлемдегі батыстық «ойын ережесін» еншілеуді атауға болады. Бюрократты ұйым мен рационализм, материалистік көзқарас, экономикалық тиімділік пен саяси демократия құндылығы барлық әлемде европалық Ағартушылық кезеңінен бері таралуда. Сонымен қатар, әлемдегі мәдени консенсустың ерекше ролін мойындауға тура келеді. Әлемдік жүйе әрқашан бар және көп мәдениетті болса да, батыстық құндылықтар әсерінің өсуіне көз жұма қарауға болмайды. Әлемнің басқа бөліктерінде таралған бұл құндылықтар: рационалдық, индивидуализм, теңдік, тиімділік. Мәдениет жаһандануы үрдісі экономикалық және мәдениеттанулық пәндер арасында тығыз қарым-қатынас құрады. Соңғысының маңыздылығы сондай, тіпті, мәдениет экономизациясы мен экономика мәдениленуі жайлы сөз қозғауға болады. Толық әсерлесу қоғамдық өндіріс неғұрлым интелектуалдық, мәдени және рухани игіліктер мен қызмет немесе «рәміздер» өндірісіне бағытталуымен анықталады, ал мәдениет аясында сауда мен бақталастық («көпшілік – мәдениет») заңдары көптеп аңғарылады. Мәдени жаһандану аумағындағы мәнді мәселелер бұрыннан бар, тарихи қалыптасқан ұлттық-діни дәстүрлермен және жеткіліксіз түрде дамыған саяси жаһанданумен байланысты. Қазіргі заман жағдайында тілі ретінде ағылшын тілі қызмет ететін, ұлттық мәдениеттен жаһандық мәдениетке ауысу жүріп жатыр. Американдық доллар барлық әлемде қолданылады, батыстық көпшілік мәдениет біздің өмірімізге айтарлықтай еніп келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет