Қосымша:
1. Әліппай С. Мәдени мұра // Егеменді Қазақстан 22 ақпан 2011, № 15.
2. Аманқұлов Қ. Бейбіт күн – бізге керегі // Орталық Қазақстан 19 сәуір 2014, № 73, 1 б.
№13 Лeкция caбaғының тaқыpыбы: Жаһандану аясындағы қазақ мәдениеті
Caбaқ жocпapы:
1. Қазақ қоғамындағы жаһандану мәселесі
2. Ақпаратты-технологиялық қоғамдағы жаһандану мәселесінің алар орны.
Caбaқ мaқcaты: Қазақ қоғамындағы жаһандану мәселесі барысында мағлұматтар бері .
Лeкция мәтiнi: «Жаһандану» түсінігі ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ. басындағы жер шары кеңістігінде өріс алған әлеуметтік өзгерістер мен шынайылықты мағыналандырудың өзегі болып табылады. 60-70-ші жылдары пайда болып, жаһандану идеясы 80-ші жылдары академиялық мойындауға ие болды. «Жаһандану» термині ғылыми айналымда бекітілген.
Н.Е. Покровский өзінің жаһандану құбылысын түсіндіруге әрекет ететін әртүрлі концепцияларының типологиясын ұсынды. ХХ ғ. 90-шы жылдары жаһандық мәдениет үлгісі кең қолданысқа ие болды. Бұл концепцияның басты тезисі адамзат күйінің жаңа бейнесі мәдениет болуында жатыр. Жаһандық өзгерісті көрсететін өзекті нүкте – әлемдік туризм, мәдени гибридтердің пайда болуы, постмодернистік мәдениет, тәжірибе қайта қалыптастырудың жаңа формасы. Маңызды фактор болып адамның ішкі уәжі, оның жаңа жағдайда өзін-өзі анықтау мәселесі қалыптастырылады. Осы үлгіге сай адамзаттық одақтың әртүрлі деңгейіндегі өзіндік сәйкестендірудің басты серігі немесе жаһандану нәтижесі болып табылады.
Жаһанданудың негізгі мағынасы «халықаралық бірігу» дегенді білдіреді. Ол үрдіс ретінде де сипатталады. Бұл үрдіс – экономикалық, технологиялық, мәдени-әлеуметтік және саяси күштердің қисындасуы. Жаһандану экономикалық, ақпараттық, саяси, экологиялық, мәдени және тағы басқа болуы мүмкін. Мәдени жаһандану дегеніміз мәдени байланыстардың дамуы; «жаһандық» сияқты мәдени кеңістікті біріктіретін, жаңа технологиялар мен әдістерді үйрене отырып, шет елдік өнімді қабылдап, идеясына ие болуға деген құштарлық және «әлемдік мәдениетке» қатысу сынды сананың жаңа категорияларының пайда болуы.
Мәдени жаһандануға әлемнің әртүрлі елдерінің іскери және тұтынушылық мәдениетін жақындастыру мен халықаралық қарым-қатынасты өрістету тән. Бір жағынан бұл әлемдегі кейбір жеке ұлттық мәдениет түрлерін танымал етеді. Екінші жағынан әйгілі халықаралық мәдени құбылыстар ұлттықты ығыстырып немесе оларды ұлтаралыққа айналдыруы мүмкін. Көпшілік мұны ұлттық мәдени құндылықтарды жоғалту деп түсініп, ұлттық
Достарыңызбен бөлісу: |