Ф-ӘД-001/046
бар ел ретінде көрсетуге мүмкіндік туғызады. XXI ғасырдың басында Қазақстанның экономикалық қарқында қол жеткізген жетістіктері мәдени процестерді дамытуға болмай қалмайтын оң ықпал көрсетті. Қазіргі Қазақстандағы мемлекеттің және мәдениеттің жемісті диалогы ретінде «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын есептеуге болады. Осы Бағдарлама міндеттері елдiң маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қайта жаңғырту; мәдени мұраны, соның iшiнде қазiргi заманғы ұлттық мәдениеттi, ауыз әдебиетiн, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудiң тұтастай жүйесiн құру; көркем және ғылыми толық дестелерiн шығару арқылы ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжiрибесiн қорыту; әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттiң таңдаулы жетiстiктерiнің негiзiнде гуманитарлық білім берудiң мемлекеттiк тiлдегi толыққанды қорын құру; eлдің қорларында, мұрағаттары мен қоймаларында сақталған аса көрнектi ауызекi кәсiби дәстүрде орындаушы-музыканттардың фоножазбаларын қалпына келтiру мен қазiргi заманғы аудиотаспаларға көшiру болып табылады. Осы Бағдарламаны әзiрлеу мәдени мұра саласында қалыптасқан ахуалға неғұрлым белсендi де сындарлы ықпал ету қажеттiгiнен туындады. ХХ ғасырдың 80 жылдарының екінші жартысынан бастап философия, тарих, құқықтану және т.б. салалардағы әлемдік ғылыми ойдың негізін қалайтын еңбектерді, сондай-ақ қазақ тіліндегі аудиторияларға арналған көркем әдебиеттерді шығару тоқтап қалды. Осыған байланысты, өскелең ұрпақты қазақстандық отаншылдық рухында тәрбиелеу және тарихи, мәдени мұраны жан-жақты зерделеуде ақтаңдақтарды жабу, сондай-ақ қазақ халқының сан ғасырлық рухани тәжiрибесiн қорыту мақсатында мемлекеттік тiлде тарихи, көркем, ғылыми толық дестелердi шығарудың мәселелерi ерекше өзектi болып отыр. Жоғарыда аталған проблемаларды осы Бағдарламаның шеңберінде кешенді шешу Қазақстан халқының мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және жария ету жүйесін одан әрі дамытуға мүмкін туғызады. «Мәдени мұра» - «Культурное наследие» Мемлекеттік бағдарламасы қысқа тарихи уақыт ішінде жалпы адамзаттың тарихи-мәдени және өркениетті процестерінің толыққанды құрамы ретінде, Қазақстанның аумағында мемлекеттіліктің ұрпағын және дәстүрін, уақыт байланысын, рухани мирасқорлықты кейіптейтін біздің елдің классикалық бренді ретінде сақталып қалды. Жалпы тарихи жоспарда – ол өзінің ауқымы мен нәтижесі бойынша барлық посткеңестік кеңістікте ұқсастығы жоқ, қазіргі заманның бірегей жоспары болып табылады. Елімізде «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырудың алдыңғы кезеңі бұрынғы дәуірлердегі аға ұрпақтың материалдық және интеллектуалдық құндылықтарын сақтау мен оны одан әрі дамытуға мемлекеттің үлкен қамқорлығының қажеттілігін көрсетті. Ұлттық деңгейден биік тұрған іскерлік кәсіпкерлік пен этникалық шекаралардың жойылуы барысында өзінің тарихи мұрасын сақтауға барынша ұқыптылықпен қарау қазақ қоғамындағы моральдық-этникалық құндылықтардың басымдыққа ие екеніне және бұл бағытта мемлекеттің айқын саясат ұстап отырғанын, халықаралық аренада өзінің ұлттық беделін нығайтуды көздейтінін аңғартады. Қазақстанның мәдени мұрасының байлығы оның әлемдік тарихтың қазынасына қосқан үлесі бойынша ғана өлшенбейді, ол сонымен қатар болашаққа деген ұмтылысының қуатты серпінін айқындайды. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев тарих «ұлттық руханияттың дамуына өзінің игі ықпалын тигізеді» деп атап көрсеткен еді.
«Мәдени мұра» бағдарламасының келесі кезеңі материалдық артефакттарды қалпына келтіру, тарихи материалдарды іздестіру, жинастыру және ғылыми шығармаларды қайта жаңғыртуда жаңа тәсілдерді енгізумен қатар халықтың шынайы мәдени құндылықтарын насихаттауды қажет етеді. Эвристикалық және эмпирикалық іс-әрекет ғылымның методологиялық және методикалық тұрғыдағы жаңалықтарымен толыға түсіп, қазақ халқының мәдени мұрасы бұрынғы идеологиялық бұрмалаушылықтан арылып, жалпы адамзаттық құндылық сапасында көрініс табуға тиіс. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру процесінің әрбір кезеңі жаңа коррективалар мен іске асыру тетіктерін көрсетуде. Бағдарламаны жүзеге асырудың 2004-2006 жж. бірінші және 2007-2009 жж. есептелген екінші кезеңінің бастапқы кезінің тәжірибесі бағдарламаның сапасы мен орындалу мерзіміне оның қандай ведомоствоға жататынының әсер ететінін көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |