Білім беру бағдарламасы пәндерінің оқу және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы



бет70/91
Дата11.01.2022
өлшемі300,33 Kb.
#111077
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   91
Байланысты:
Мәдениеттану кешені-2019

Ф-ӘД-001/046

құрлықтарда гастрольде болған отандық артистер көпшілікке біздің еліміздің мәдениетін кеңінен таныстыруда. Республиканың белгілі музыканттары халықаралық музыкалық қызмет саласында жемісті еңбек етуде. Қаржылық қолдаусыз жұмыс істеген қазақ киноматографиясы өзінің екінші қайтара дүниеге келуін бастан кешіруде. Оның «жаңа толқынының» пайда болуына орай жас режиссерлардың «Ине», «Соңғы каникул», «Табысу», «Қайрат», «Отырардың күйреуі», «Әлжуаз жүрек» және басқа кино туындылары ең беделді халықаралық фестивальдардың басты және арнаулы жүлделерін жеңіп алды. «Қазақфильм» қазір жыл сайын 30-ға жуық көркем, анимациялық және деректі фильмдер түсіреді. Онда соңғы жылдары түсірілген «Сталинге сыйлық», «Мұстафа Шоқай», «Сіз кімсіз, К мырза?», «Жаужүрек мың бала», «Балалық шағымның аспаны», «Шал» секілді көптеген картиналар біздің көрермендеріміздің ғана көңілінен шығып қойған жоқ, олар сонымен қатар қазақ киносының деңгейін сапалық жағынан тағы бір белеске көтерді.

«Жаңа толқындағы» Қазақстан кинематографының картиналары отандық баспасөз бен кино сынында жоғары баға алды. 1998 жылғы қазанда Алматы қаласында «Еуразия» 1- халықаралық кинофестивалы өтті, онда Қазақстан кинематографистерінің соңғы еңбектері көрсетілді. Бүгінгі таңда Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық компаниясы (2000 жылы құрылған) жыл сайын ондаған толықметражды көркем фильм шығаруға қабілетті, бұл фильмдер халақаралық беделді фестивальдарда басқа елдердің өнімімен бәсекелесе алады. 2006 жылы «Көшпенді» фильмінің шығарылуы Қазақстанның кинематографиялық өміріндегі маңызды оқиға болды. Фильмнің идеясын бастапқыда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев тұжырымдады. «Көшпенді» фильмі Голливуд кинематографистерімен бірлескен тұңғыш ынтымақтастық болып табылады.

2007 жылғы ақпанда «Kazakh Cinema Distribution» компаниясы мен «Тұран Әлем» Банкі DVD жинақтама жинағындағы қазақ киносының «Алтын жинақтамасын» тарту ретінде ұсынды. Жинақтаманың шығуы отандық киноның тарихына жаңа бет болып енді, ол қалпына келтірілген 30 фильмнен тұрады. Жасалған уақыттың рухымен сусындаған жинақтаманың барлық фильмдері өзінің көкейкестілігін бүгінгі таңда да жоғалтқан жоқ. Мұның өзі фильм кейіпкерлерінің әрбір қазақстандыққа жақын екендігімен байланысты, олар мәңгі құндылықтар мен мұраттарды жеткізген фильмдер.

Қазақстан XXI ғасырдың басында қол жеткізген экономикалық өсу қарқыны мәдени үрдістердің дамуына игі ықпалын тигізді. Қазіргі заманғы Қазақстандағы мемлекеттік пен мәдениеттің жемісті байланысының мысалы деп «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын заңды түрде есептеуге болады.

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев бастауымен құрылған болатын. Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін.

«Мәдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу. 2004 жылдан бағдарламаны жүзеге асыра бастаған кезден бастап тарих пен мәдениеттің 78 ескерткішінде реставрациялық жұмыстар бітірілген, олардың 28-і (35%) – 2008-2011 жылдары реставрацияланған. Біздің түп-тұқияндарымыз туралы көптеген мәлімет беретін ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу жүргізілген.

Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Мысыр, Өзбекстан, Армения, сонымен қатар АҚШ пен Батыс Еуропаға ғылыми-зерттеу экспедициялар нәтижесінде 5 мыңнан астам құнды тарихқа, этнографияға, Қазақстан өнеріне байланысты архивті құжаттар, қолжазбалар мен баспа шығарылымдары алынды. Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан кейін алғаш рет «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қазақ тіліндегі толымды гуманитарлы білім беру қоры құру басталды. 537 кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды, олардың арасында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге байланысты қайталанбас сериялар кездеседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет