Білім беру бағдарламасы пәндерінің оқу және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы



бет68/91
Дата11.01.2022
өлшемі300,33 Kb.
#111077
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   91
Байланысты:
Мәдениеттану кешені-2019

Caбaқ жocпapы:

1. Егемен Қазақстандағы мәдени үрдістер

2.Қазіргі Қазақстандағы мемлекет және мәдени процестердің жаңа форматы
Сабақтың мақсаты: Егемендік алған Қазақстан мемлекетінің білім-ғылымы мен мәдениетін саралау.

Лекция мәтіні: Қазақстандағы заманауи мәдени үрдістер көпқырлы және әр алуан. Оны қазіргі таңда дамып келе жатқан өнердің барлық түрлері мен жанрларын қоса, мәдениеттің, ғылымның, білім берудің әр түрлі салаларын қамтитын түбегейлі өзгерістерді, инновациялар мен өзгертулердің кең шеңбері ретінде түсінуге болады. Білім беру, мәдениет және ғылым идеологиялық догмалар мен стереотиптерден босап, өзін-өзі дамытуға кең кеңістікке ие болды. Мазмұнның жаңа тәсілдері рухани өмірдегі бір ізділік пен үлгіге салушылықты жоюға мүмкіндік береді. Тарихи жағдайлар кешеніне байланысты Қазақстан көп этносты қоғам болып табылады. Сол себепті мұндай мәдени үрдіс ұлттық мәдениеттердің өзара әрекеттесуі мен өзара ықпалымен байланысты құбылыстарды таңдайды. Бұл жағдайда, Қазақстанда әлеуметтік дамудың басқа ешқандай саласында көрініс таппаған ұлттық мәдениет дербес, «таза түрде» деуге боларлық түрде, басқа ұлттардың ең жақсысын сіңіре отырып көрінеді. Сонымен бір мезгілде қазақстандық қоғамдағы мәдени үрдістер елдің географиялық масштабының ұлттық мәдениетімен шектелмейді. Қазақстан аумағында орын алып отырған алуан түрлі саяси, тарихи, қоғамдық-экономикалық үрдістер мен өзгерістердің арқасында, адамзаттың рухани мұрасының ең таңдаулысын бойға сіңіруге мүмкіндік беретін қолайлы жағдай қалыптасты.

Егеменді Қазақстан мәдениетінің қалыптасуы көптеген қиындықтар мен қарама-қайшылықты бастан кешірді. Жолдың басталуына жоспарлы экономиканы өндіріс көлемінің құлдырауымен қатарласа жүрген нарықтық қатынастар арнасына көшіру «мәдениет, халыққа білім беру және ғылым мекемелерін материалдық-техникалық, қаржылық қамтамасыз етуде елеулі қиындық туғызды. Осы кезеңдерде Қазақстан ҒА бірнеше ғылыми мекемелері біріктіріліп, ғылыми кадрларды даярлау және ғылыми- техникалық үрдістердің аса маңызды бағыттары – машинатану, радиоэлектроника, автоматика бойынша ғылыми мекемелерді ұйымдастыру қарқыны артта қалды. Ғылыми әзірлемелер тиімділігі күрт төмендеді.

Білім беру жүйесі белгілі бір дағдарысты бастан кешірді, балабақшалар жабылып, орта мектептердің саны қысқарды. Сонымен қатар бір мезгілде мемлекеттік емес оқу-білім мекемелерінің – мектептер мен жоғары оқу орындарының пайда болу үрдісі басталды.

Халыққа білім беру, ғылым мен мәдениет тек Қазақстан егемендік пен тәуелсіздік алғаннан кейін ғана өзін-өзі дамыту үшін ауқымды кеңістікке шықты.

Қазіргі кезде осы заманғы білім беру аясында шынайы нарықтық қатынастардың орнығуы байқалады. Білім беру саласындағы қазіргі заманғы реформаларға орай Білім және ғылым министрлігі желісі бойынша оқу орындарын тіркеу, аттестаттау және сараптау жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылуда. Оқу-білім барысының сапасын жақсарту, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру осы іс-шаралардың мақсаты болып табылады. Жоғары оқу орындар заман талап ететін мамандықтарды ашуға көшті. Сонымен қатар жаңа жоғары оқу орындары ашылды, олардың қатарына Түркістандағы Қ.А. Йассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Оралдағы Мәдениет институты, Астанадағы Еуразия мемлекеттік университеті және басқа бірқатар жоғары оқу орындары бар. Халыққа білім беру жүйесінің халықаралық байланысы кеңейді. Бұған дәлел 1991 жылдан қазақстандық шәкірттер мен аспиранттардың жыл сайын шетелде оқуын жалғастырулары.

Тәуелсіздіктің әр жылын Қазақстан қоғамының көкейкесті проблемаларына арнау дәстүрге айналды. Президенттің жарлықтарына орай Қазақстанда 1997 жыл – «Ұлтаралық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы»; 1998 жыл – «Халықтардың





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет