Білім беру бағдарламасы пәндерінің оқу және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы



бет69/91
Дата11.01.2022
өлшемі300,33 Kb.
#111077
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   91
Байланысты:
Мәдениеттану кешені-2019

Ф-ӘД-001/046

бірлігі және ұлттық тарих жылы»; 1999 жыл – «Ұрпақтардың бірлігі және сабақтастығы ұлттық тарих жылы»; 2000 жыл – «Мәдениетті қолдау жылы»; 2001 жыл – «Қазақстан Республикасы егемендігі мен тәуелсіздігінің 10 жылдығы» деп жарияланды.

Егеменді мемлекеттің қоғамдық ғылым саласындағы алғашқы қадамдары қуғын-сүргінге ұшыраған ғалымдарды, жазушыларды және сталинизм құрбандарын ақтауға бағытталды. Қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы ғылыми – зерттеу институттары осы күрделі іске үлкен үлестерін қосты. А. Байтұрсыновтың, Ш. Құдайбердиевтің, М. Жұмабаевтың, Х. Досмұхамедовтың, М. Дулатовтың, Ж. Аймауытовтың т.б. кітаптары жарық көрді.

Қазақтардың дүниежүзілік Конгресі (1992) республиканың мәдени өміріндегі зор қоғамдық серпіліс туғызған ірі оқиғаға айналды, ғаламшардың барлық түкпірлерінен белгілі ақындар мен жазушыларды, суретшілер мен саясаттанушыларды, ғалымдар мен бизнесмендерді және басқа да отандастарымызды тұңғыш рет жинады.

ЮНЕСКО-ның шешімімен қазақ ақыны әрі философы Абай Құнанбаев пен ақын Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерейтойы, аса көрнекті қазақ жазушысы, ғалымы және драматургі М.О. Әуезов пен көрнекті қазақ жазушысы, академик С. Мұқановтың 100 жылдығы әлемдік деңгейде өткізілді. Бұл оқиғалар зор халықаралық серпіліс туғызды және қазақ халқының рухани жан дүниесін байытты. Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында республикадағы көркемсурет құндылықтарының аса ірі қоры жинақталған. Олардың арасында – Қазақстанның ежелгі өнерінің үлгілері бар, олар палеолит заманынан бергі адамзат өміріндегі көркемдік дүниесіне ұмтылысынан хабар береді. 1995 жылы республиканың шығармашылық зиялы қауымының бастамасымен қоғамдық ұйым – Мәдениетті қолдау ұлттық қоры құрылды. Оның құрметті төрағасы болып ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев сайланды. Қордың негізгі міндеттері Қазақстанның мәдени өмір шындығымен өзара байланысты өзекті проблемаларына қол ұшын беру болып табылады. Қазақстанның егеменді мемлекет мәртебесін алуы ұлттық мәдениеттің дамуына жаңа бағыт берді. Астанада Айман Мұсаходжаеваның Музыка академиясы құрылды, ол оркестрлік музыка мен жеке дауыста ән шырқау саласындағы кәсіпқой музыканттарды біріктірді. Алматыда музыкалық мектеп негізінде Жәния Әубәкірованың колледжі ашылды. Қазақстандық орындаушылар республика тәуелсіздік алғаннан кейін әлемнің түрлі елдерінде болған аса ірі халықаралық конкурстарда талай рет табыстарға жетті. Елдер мен құрлықтарда гастрольдерде болған отандық артистеріміз еліміздің мәдениетін кеңінен таныстыруда. Республиканың белгілі музыканттары халықаралық қызмет саласында жемісті еңбек етуде. Мысалы, Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының ректоры Жәния Әубәкірова Француз әдебиеті мен өнері орденімен марапатталды, ал халықаралық конкурстардың иегері, профессор, Қазақ музыка академиясының ректоры Айман Мұсаходжаева 1998 жылы «Әлем артисі» жоғары атағына ие болды. Тек Алматыда ғана бірнеше жеке меншік театрлар, 14 жеке меншік сурет галлереясы ашылды. Бірінші рет «Жеке меншік қорлардағы Қазақстан өнері туындылары» атты тұңғыш республикалық көрме өткізілді. Қазіргі кезде республиканың мәдениет саласында 30 мыңнан астам адам жұмыс істейді. 55 театр және 25 филармония халыққа қызмет көрсетеді. Абай атындағы опера және балет театры, республикалық орыс, қазақ және неміс драма театрлары, ұйғыр және корей музыкалық комедия театрлары жетекші театрлар болып табылады.

Егемендік жылдары Оралда, Өскеменде, Петропавлда, Павлодарда Қазақ драма театрлары және Астанада К. Байсейітова атындағы опера және балет театры ашылды.

Құрманғазы атындағы Халық аспаптар симфониялық оркестр, «Алматының Жас балеті» ансамблі, «Гүлдер», «Отырар сазы», «Сазген» ансамбльдері республикада және шетелде кеңінен танымал.

Алматының «фестивальдар қаласы» деп аталуы кездейсоқ емес. Тәуелсіздік жылдары мұнда «Азия дауысы», «Шығыс маусымы», «Дәстүрлер жүлдесі», «Жас қанат», «Үкілі домбыра», «Айналайын» музыка фестивальдарын өткізу дәстүрге айналды.

Қазақстандық орындаушылар республика тәуелсіздік алғаннан кейін әлемнің түрлі елдерінде болған аса ірі халықаралық конкурстарда талай табыстарға жетті. Елдер мен



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет